Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Іш киімдегі гид және түн ортасынан кейінгі қоналқа турист Қазақстандағы турға шағымданды

Іш киімдегі гид және түн ортасынан кейінгі қоналқа турист Қазақстандағы турға шағымданды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Instagram желісінде lilitravelsss лақап атымен танымал, 120 мыңнан астам оқырманы бар блогер Li Hua Қазақстанға сәтсіз сапары туралы бірнеше видео жариялады. Қыздың айтуынша, ол жайлы демалыстан үміттеніп, жеке тур сатып алған, алайда саяхаттың ұйымдастырылуынан көңілі қатты қалған, деп хабарлайды Tengri Travel.

Бұл ретте роликтер авторы тек өз басынан өткен жағдайды айтып отырғанын және мұндай мінез-құлық елдің барлық тұрғынына тән деп есептемейтінін айтты.

"Жеке люкс тур уәде етілді"

Бірінші видеода блогер сапарды ұйымдастырушымен Instagram арқылы танысқанын айтты. Оның сөзінше, бастапқыда ол саяхатқа келіспеген, бірақ ер адам "VIP-турға" қосылуға көндірген.

"Басында онымен барғым келмеді, бірақ ол мұның VIP деңгейдегі көңілді жеке тур болатынын айтып, қоймай қойды", - деп атап өтті ол.

Қыздың айтуынша, сапар жақсы басталып, кейін қиындықтар туындаған.

Блогердің сөзінше, сегіз сағат ұшқаннан кейін оған түн ортасынан ауғанда қонатын жер іздеуге тура келген.

"Сағат 00:10 болған еді. Сегіз сағат ұшқаннан кейін өте қатты шаршадым. Ақыры қонатын жер таптық, бірақ мен бұл жеке люкс тур болғандықтан, бөлмелеріміз бөлек болады деп ойлаған едім", - деді ол.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Li Hua-ның (@lilitravelsss) жарияланымы

Видео сипаттамасында Li Hua баспана соңғы сәтте брондалған сияқты көрінгенін жеткізді.

"Мен жеке тур сатып алдым, бірақ бір бөлмеде ер адаммен - гидіммен бірге тұруыма тура келді", - деп түйіндеді саяхатшы.

Сонымен қатар блогер сапар кезінде гид жол бойында өз шаруаларымен жиі тоқтағанын, салдарынан саяхат ұзаққа созылғанын айтты.

Видео тез арада көп пікір жинады. Қолданушылардың бірі оқиғаның жалғасын сұраса, енді бірі авторға жанашырлық танытты.

Кейбір пікір қалдырушылар Қазақстандағы бес жұлдызды қонақүйлер құны блогер айтқан сомадан әлдеқайда төмен екенін айтып, саяхатшыларға ақы төлемес бұрын сапарды ұйымдастырушыларды мұқият тексеруге кеңес берді.

Бірнеше қолданушы ең бастысы қыз аман қалғанын атап өтті.

Саяхатшыға не ұнамады?

Кейін Li Hua екінші видео жариялап, онда саяхаттың екінші күніндегі оқиғалар туралы баяндады.

Қыздың айтуынша, гид оның Instagram парақшасын көрсетуді сұрап, кейін тегін орналасу мүмкіндігін алу үшін оның аккаунтын пайдаланған.

Блогердің айтуынша, тағы бір жағымсыз жағдай мейрамханада болған.

"Ең сорақысы - ол мені мейрамханада 40 минуттай жалғыз қалдырып кетті. Мәзір толықтай орыс тілінде еді, ал қызметкерлер тек өз тілдерінде сөйледі. Ағылшын тіліндегі мәзір болмады, мен ештеңе түсінбедім", - деп бөлісті ол.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Li Hua-ның (@lilitravelsss) жарияланымы

Қыз гидпен байланыспақ болғанын, бірақ ол хабарламаларға жауап бермегенін айтты.

"Мен оған қайда екенін сұрап бірнеше рет жаздым, бірақ жауап болмады. Ол орала ма, жоқ па білмедім", - деп қосты саяхатшы.

Блогердің сөзінше, ер адам оралған кезде ештеңе болмағандай кейіп танытып, тіпті әзілдеген.

Кешке қыз болған жағдайды жайбарақат талқылауды ұйғарған.

"Мен оған қандай сезімде болғанымды айтуға тырыстым. Ол мені тыңдаудың орнына, мен оған тым көп стресс тудырып жатқанымды айтты", - деді ол.

Бұдан бөлек, блогер төрт күн бойы гидпен бір бөлмеде тұруға мәжбүр болғанын айтты.

"Ол жеке шекара дегенді түсінбеді. Бөлме ішінде өз үйінде жүргендей іш киіммен жүрді. Мен әйелмін, ол еркек", - деді саяхатшы.

Бұл ретте қыз Қазақстанда мұндай жағдай қалыпты санала ма, жоқ па, оны білмейтінін қосты.

Екінші ролик сипаттамасында Li Hua жалпылама қорытынды жасаудан аулақ екенін айтты.

"Бұл менің жеке тәжірибем. Мен мұны әрқашан қосымша жоспар болуы керек екенін және өзіңіз жақсы танымайтын адаммен саяхатқа шықпас бұрын жақсылап ойлану қажет екенін ескерту ретінде бөлісіп отырмын", - деп жазды ол.

Блогердің айтуынша, ол бастапқыда күмәнді белгілерге мән бермеуге тырысқан.

"Басында мен ұсақ-түйекке көз жұма қарадым. Өзімді бұл жай түсініспеушілік деп сендірдім. Бірақ бірнеше күннен кейін бәрі анық бола түсті. Ең қиыны болған жағдай емес, тыныштықты сақтау үшін түйсігімді елемегенімді түсіну болды", - делінген видео астындағы жазбада.

Сөз соңында блогер саяхатшыларға жеке шекараны алдын ала талқылауға, қосалқы жоспар құруға және түйсігіне сенуге кеңес берді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Li Hua (@lilitravelsss) жарияланымы

Екінші видео астында да жүздеген пікір жазылды. Көптеген қолданушы авторға қолдау білдіріп, мұндай мінез-құлықты кәсібилікке жатпайды деп атап өтті.

Кейбір оқырман бұл тәжірибені бүкіл аймаққа таңба басу деп түсінбеуге шақырып, бұған дейін Орталық Азия елдерінде болғанда жергілікті гидтердің жұмысына көңілдері толғанын жеткізді.

Материал жарияланған уақытта блогердің бейнеролигинде айтылған адам тарапынан ешқандай ресми түсініктеме берілген жоқ. Сондай-ақ құқық қорғау органдарынан видеода баяндалған мән-жайларды растайтын немесе теріске шығаратын ресми ақпарат түспеді.

Тағы оқыңыз: Америкалық азамат Қазақстандағы қонақжайлылыққа қайран қалды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 19:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары