Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Электробустар ел игілігіне

Алматыда кикшерингке арналған жылдамдық шектеуін қайта қарау талап етілді

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Отбасында зорлық көрсеткендерге жаңа талап: Сот психологиялық курсқа жібереді

ҰҚШҰ мен ТМД парламентаралық ассамблеяның байқаушылары Құрылтай сайлауына шақырылды

Ислам БАЙРАМУКОВ: Олимпиада жүлдесі бейнетпен келді

Ислам БАЙРАМУКОВ: Олимпиада жүлдесі бейнетпен келді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Танымал еркін күрес шебері Ислам Байрамуковтың бозкілемде атой салған кезі күні кешегідей көз алдымызда. 10 жылдан аса уақыт бойы 90, 96 кг салмақ дәрежелерінде күресіп, елішілік жарыстарда қарсылас шақ келтірмеген жампоз халықаралық аренада да елеулі табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль олжалады. Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Орталық Азия, Шығыс Азия ойындарында бас жүлдені қанжығасына байлады. Қарашай жігітінің спорттық мансабындағы ең зор табысы – Олимпия ойындарының күміс медалі. Ғасырлар тоғысында Сиднейде алауы тұтанған дүбірлі додада небір апайтөстерді жолынан ығыстырған Ислам финалда ғана осалдық танытты. Балуанның ерен еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталды. Қазіргі кейіпкеріміз Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжін басқарады.

– Дәл осы мектеп-интернатта мен ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының екінші жартысында білім алдым. Содан бері 40 жыл уақыт зымырап өте шықты. Алғашында Алматыға келуге асықтым. Арада бірер ай өткеннен соң ауылымды сағынып, интернаттан қашып, сегіз сағат бойы автобуста тік тұрып Құланға (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы – ред.) жеттім. Ойлана-толғана келе, бұл әрекетімнің дұрыс еместігін түсініп, қайта интернатқа оралдым. Мұнда мықты бапкер, ұлағатты ұстаз, нағыз педогог Олег Ушановтың қол астында жаттықтым. Спортшы ретінде өсуіме Асқантай Иманқұлов, Нұрғали Рахманқұлов, Мәлік Нәдірбеков, Тұрарбек Мағажанов сынды корифейлер де зор еңбек сіңірді. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ өз қатарымның алды болдым. Көп ұзамай еңбегім мен табандылығымның арқасында республикалық, бүкілодақтық турнирлерде жүлделі орындарды иелене бастадым.

– Ересектер дуына алғаш түскен кезіңіз есіңізде болар. Ел чемпионатын ұту қаншалықты қиынға соқты?

– 1991 жылы еліміздің чемпионатына қатыстым. Бастапқы бәсекелерде қарсыластарымды сыпыра ұтып, финалға дейін жеттім. Алайда шешуші тұста Алексей Сергеевтен ұтылдым. Ол маған қарағанда әлдеқайда тәжірибелі әрі атағы да зор еді. Сергеев КСРО чемпионатында топ жарып, КСРО мен АҚШ құрамаларының матчтық кездесуінде жеңіске жетті. Десек те сол кезде 19 жастағы жас жігітке күміс медаль да аз олжа емес еді. Соған риза болдым.

– Сіз қатысқан алғашқы Олим­пиада – 1996 жылы Атлантада алауы тұтанған ойындар. Америкадағы аламанда жеңіс тұғырына көтерілуіңізге не кедергі болды?

– Атлантада 90 кг салмақта сынға түстім. Жарысты жап-жақсы бастағаныммен, Барселона Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің екі, Азияның бес дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, ирандық Расул Хадемге келгенде сүріндім. Негізі ұтылған жоқ едім. Бәсеке барысында үш ұпайлық әдіс жасап едім, төрешілер бір балл ғана берумен шектелді. Ақырында 3:4 есебімен есе жібердім. Ондай жағдайда қазылар алқасына шағым түсіруіміз керек еді. Бірақ ол үшін 500 доллар төлеу қажет. Бапкерлер «жеңісті саған бәрібір бермейді» деп, тиісті қаражатты төлеуден бас тартты. Әлі есімде, күресіп болғаннан кейін залда Ресейдің даңқты балуандары мен бапкерлері Михаил Мамишвили, Дзамболат Тедеев, Махарбек Хадарцевпен ұшырасып қалдым. Олар: «Неге протест бермедіңдер? Ақшаларың болмаса, соны біз-ақ төлеп беретін едік қой. Бұл бәсекеде сенің жеңгеніңе ешкімнің күмәні жоқ» деп шыр-пыр болды. Мен не деп жауап берерімді білмедім. Олардың маған шын жандары ашыды ма, әлде өздерінің мүдделерін күйттеді ме, ол жағы белгісіз. Өйткені келесі кезеңде Хадарцев озды. Финалда оның жолы Хадеммен қиысты. Бұған дейін Сеул мен Барселонада топ жарып, әлем чемпионатын бес рет ұтқан солтүстікосетиялық алыптың арманы үш дүркін Олимпиада чемпионы атану еді. Сол мақсатқа жетуге бір-ақ қадам қалды. Бірақ Парсы елінің пехлеванына оның әлі жетпейтіні анық еді. Себебі, кейінгі екі дүниежүзілік доданың финалында Расул Махарбекке сан соқтырып кетті. Сол себепті ресейліктерге финалға Хадем емес, менің шыққаным тиімді болып тұр. Айтқандай-ақ, финалдық сайыста Иран балуаны Хадарцевті тағы да ұтты.

– Сіздің спорттық мансабыңыздың ең жарқын кезеңі – 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпия ойындары. Жасыл құрлықтағы жарысты жадыңызда бір жаңғыртсаңыз?

– Аустралияның астанасынан күміс медальмен оралдым. Бірақ со­ның өзі қандай бейнетпен келгенін жанкүйерлер жақсы біледі. Ол кезде 96 кг салмақ дәрежесінде күш сынастым. Тұсаукесер кездесуімде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем кубогінің иегері, әзербайжандық Даут Магомедовпен күресіп жатып, иегімді оңдырмай жыртып алдым. Қан судай ақты. Медициналық пунктке барып, оны тіктірдім. Әлем чемпионы, сол жарыстың үш дүркін жүлдегері, Әлем кубогінің иегері, америкалық Мэлвин Дуглас, Панамерика ойындарының жеңімпазы, кубалық Вильфред Моралес-Суареспен күрескенде де жараның беті ашылып кетіп, бозкілем тағы да қанға боялды. Соны көрген Ұлттық Олимпиадалық комитеттің төрағасы Аманша Ақбаевтің өзі шошып кетті. Денсаулығыңа кері әсерін тигізеді деп екінші рет инемен наркозсыз тікті. Ел намысы сынға түсіп жатқан тұста менің осалдық танытуға хақым жоқ еді. Бәріне шыдадым. Жартылай финалда Марек Гармулеевичпен белдестім. Ол да осал балуан емес-ті. Польша апайтөсінің әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионы, екі мәрте финалисі деген атағы бар. Арпалысып жүріп, Гармулевтичті де жеңдім. Алайда финалда Ресейдің туы астында өнер көрсеткен авардың арланы, әлем, құрлық чемпионы Сағит Мұртазалиевке әлім жетпеді.

– Небір мықтыларды жолыңыздан ығыстырып, ақтық сынға дейін жеткеніңізде жанкүйерлер «Байра­муковты енді ешкім тоқтата алмайды» деген ойда болды. Бірақ бұл бәсе­кеде ұтылдыңыз. Не себепті деп ойлайсыз?

– Сағит Мұртазалиевпен сол күнге дейін еш жолықпаған екенмін. Не жиындарда, не жарыстарда жолымыз бір қиыспады. Соның кері әсері тиді. Қарсыласымды толық зерттеуге мүмкіндік болмады. Оның үстіне, жасыл құрлыққа 15 күн бұрын бардық. Бұл тым ерте. Екі аптадан аса уақты бойы Сиднейде босқа сенделіп жүрдік. Негізі ол дұрыс емес. Аклимитизациядан өтіп, жергілікті жердің ауа-райына бейімделуге 8–9 тәулік жеткілікті. Одан кейін реакклиматизация басталады. Біз сондай жағдайға түстік. Ол жақтың тамағы да батпады. Өзің үйреніп қалған құнарлы тамақты тойып ішпегеннен кейін бойыңдағы күш-қуатың кемиді. Басқа да себептер жетерлік. Әйтеуір жолым болып, күміс медаль алдым. Ал жарысқа тамаша бабында келген бас жүлдеден бірден-бір үміткер атақ­ты Мәулен Мамыров жоғарыда айтқан жағдайдың зардабын шегіп, жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Басқа балуандарымыздың барлығы да сондай жағдайды басынан кешірді. Әрине, өзімнен де кінә бар екенін мойын­даймын. Финалға шыққаннан кейін қоржынымда кемінде күміс медаль бар деп, сәл босаңсығаным да өтірік емес. Соның нәтижесінде Мұртазалиевтен ұтылдым.

– 2004 жылы үшінші Олимпиа­даңызға бардыңыз. Ол кезде 33 жас­тасыз. Жүлделі орындардың бірін иеленемін деген үміт болды ма?

– Әлбетте. Жеңіс тұғырына көте­рілуді мақсат тұтпасам, ғаламдық до­даға барып нем бар. Афинаға жап-жақсы дайындалдым. Бабым да жаман емес еді. Бірақ адамның ағзасы темір емес екен. Ежелгі Эллада елінде соған анық көз жеткіздім. Сын сағатта ескі жарақаттарым сыр берді. Кезінде тіземе жасатқан операция, сынған табаным бәрі қақсап ауырып, кеңінен көсілуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне, қай жарыста екенін білмеймін, мұрынның да сынғаны анықталды. Оны сол кезде білдім. Тынысым неге тарыла береді десем, мұрнымда ақау бар екен. Ақыры Афинадан құралақан оралдым.

– Азия чемпионатында жеңіс тұғырына бес рет көтерілген екенсіз. Соның біреуі алтын, біреуі қола, үшеуі күміс. Финалда қай балуандармен жолыңыз қиысты?

– Үшеуінде де Иранның апайтөс­терінен ұтылдым. 1993 жылы Ұлан­батыр мен 1996 жылы Сяошаньда Расул Хадемге, 1999 жылы Ташкентте әлем чемпионы Әлиреза Хейдариге жол бердім. Есесіне 2000 жылы дәл Сидней Олимпиадасының қарсаңында Қытайдың Гуйлин қаласында өткен жарыста топ жарып, Азия чемпионы атандым. Финалда Өзбекстанның намысын қорғаған Солтүстік Осетияның тумасы, Еуропа чемпионы, Әлем кубогі, Ізгі ниет ойындары, Азия ойындары, құрлық біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Сослан Фраевтан басым түстім.

– Афина Олимпиадасынан кейін бозкілеммен қош айтыстыңыз. Одан кейін қандай кәсіппен шұғыл­дандыңыз?

– Алғашында ат спортынан бапкер болып, тұтас бір команданы БАӘ-ге апардым. Дубайда 180 аттың ішіннен біздің сәйгүлік 5-орын алды. Со­ған бір марқайып қалдық. Бірер жыл ер­кін күрестен еліміздің ұлт­тық құрамасының аға жаттықтырушысы, Рес­публикалық күрес федерациясы президентінің кеңесшісі қызметтерін атқардым. 2016 жылы Алматы қалалық мәслихатының депу­­тат­тығына сайландым. Қазір қазақ спортының ұстаханасы саналатын республикалық спорт коллеждін басқа­рамын. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясында Қарашай-балқар ұлттық орталығы төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарамын. Ұлттық құрылтайдың мүшесімін.

– Кезінде Алматының ипподромын сүруден аман алып қалған екенсіз. Сол жайында айтып берсеңіз?

– Иә, ондай оқиға болған. 2015 жылы «Бір топ бизнесмен мен бай-шонжарлар талай жылғы тарихы бар ипподромның тас-талқанын шығарып, оның орнына тұрғын үй кешенін салғалы жатыр» деген әңгіме тарады. Атсүйер қауым алаңдаулы екен. «Енді не істейміз?» деп олардан маза кетті. Бұл әңгіме маған да жетті. Оны естігеннен кейін сол нысанды қалай да құтқарып қалуды көздедім. Қажетті құжаттарды дайындап, бірден қалалық әкімшілікке тарттым. Әкім Ахметжан Есімовке жолығып, істің мән-жайын айтып, ипподромның құндылығын, оның қала тұрғындарына қаншалықты қажет екенін тәптіштеп тұрып түсіндірдім. Ол кісі сөзге келмеді. Құжаттарға қол қойып, орынбасарларына нақты тапсырма берді. Сөйтіп, барлық мәселе бір күнде шешіліп, ипподром сүруден аман қалды.

– Әңгімеңізге рахмет, Ислам Ілияс­ұлы. Сіз басқарып отырған қазақ спортының қара шаңырағынан чемпиондар көптеп шықсын!

– Әумин! Сіздердің де ниет-пейіл­деріңізге рахмет!

Әңгімелескен –

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 00:30

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды

Спорт • Кеше

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдер көбіне қандай мақсаттарға жұмсалып жатыр?

Қаржы • Кеше

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

Қылмыс • Кеше

Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді

Шымкент • Кеше

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Әлем • Кеше

Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

Отбасы • Кеше

Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті

Партия • Кеше

Ұстаздар қолданыстағы заңның түйткілді тұстарын атады

Ғылым • Кеше

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады

Қоғам • Кеше

Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр

Партия • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 11:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

09 Шілде 2026 08:19see119

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

09 Шілде 2026 14:20see118

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

09 Шілде 2026 19:58see117

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

09 Шілде 2026 09:11see114

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

09 Шілде 2026 08:18see113

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

09 Шілде 2026 11:59see110

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

09 Шілде 2026 21:10see109

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

09 Шілде 2026 10:12see109

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

10 Шілде 2026 10:12see108

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

09 Шілде 2026 08:16see107

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

10 Шілде 2026 16:08see107

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

09 Шілде 2026 13:35see107

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

10 Шілде 2026 10:52see106

Электробустар ел игілігіне

11 Шілде 2026 00:46see105

Алматыда кикшерингке арналған жылдамдық шектеуін қайта қарау талап етілді

09 Шілде 2026 17:47see105

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

09 Шілде 2026 10:31see105

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

10 Шілде 2026 10:08see105

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

10 Шілде 2026 10:12see105

Отбасында зорлық көрсеткендерге жаңа талап: Сот психологиялық курсқа жібереді

10 Шілде 2026 00:08see104

ҰҚШҰ мен ТМД парламентаралық ассамблеяның байқаушылары Құрылтай сайлауына шақырылды

09 Шілде 2026 15:23see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары