Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

IT саласындағы кәсіпкерлердің көбісі отандық тауар өндірушілер тізіліміне енбей жатыр Екатерина Смышляева

IT саласындағы кәсіпкерлердің көбісі отандық тауар өндірушілер тізіліміне енбей жатыр Екатерина Смышляева

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгін орталық аппаратта «AMANAT» партиясы жанындағы Цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес отырысы өтті. Соның аясында IT саласы өндірушілерінің отандық тауар өндірушілердің тізіліміне (ОТӨ) және сенімді цифрлық объектілер тізіліміне енуіндегі кедергілер  талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева жақында ғана отандық тауар өндірушілердің тізілімінің нәтижесі қаралғанын жеткізді.

– Негізі елімізде барлық саланың қарқыны жақсы. Алайда IT саласы, соның ішінде өнеркәсібі ақсап тұр. Тізілімге бар-жоғы 14 кәсіпорын ғана енген.  Әуелде 430 кәсіпорын көрсетілген. Сонда бұлардың алған сертификаты жалған болғаны ма, әлде көз қылып өтірік кәсіпті тіркегені ме? Әрине, тең жартысы шетелдік өніммен байланысты делік, бірақ құрығанда қалған жартысы өзіміздің кәсіп болуы керек еді. Елімізде IT саласы дамып жатыр, талайын көріп жүрміз. Бірақ олардың неге тізілімге енбегенін түсінбедім. Осыны кеңінен талқылап, мәселенің басын ашайық, – дейді Екатерина Смышляева.

Ол бұл мәселені  2-3 аптада ретке келтіру керегін талап етті.

Цифрлық даму вице-министрі Әсет Тұрысовтың сөзінше, бұған негізгі себептердің бірі – бюрократиялық және рәсімдік кедергілер.

– Әр мемлекеттік орган техникалық операцияның методикасын өзі белгілейді. Қандай критерийде, қандай көлемде өтетінін өзі көрсетеді. Оны бекітетін органға жібереді, олар оның дұрыстығын мақұлдаса, бізге жолданады. Жүйе іске қосылса, компаниялар өтінімдерін бере бастайды. Осы жұмыстың барысында мемлекеттік ұйымдардың бірі жұмысқа бірден кіріссе, енді бірі атүсті қарайды. Соның салдарынан түсінбеушілік туындады. Мысалы, салыққа байланысты заң өзгергендіктен, төрт айдан асты құжаттарды қабылдай алмай жатырмыз.  Оның үстіне, IT саласындағы бүгін қойылған талаптар бір жылдан кейін ескіріп, өзгеріп кетеді. Бұл сала қарқынды дамып жатыр. Оған қоса, отандық тауар өндірушілердің тізілімі бойынша электронды өндіріс және IT өнімін екіге бөліп қарау керек секілді. Егер осы жұмыс жүйеленсе, тіркеуі де оңтайланады, – деді Әсет Тұрысов.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіпті дамыту және ішкі құндылық департаментінің директоры Айдын Рақымжан отандық тауар өндірушілердің тізіліміне кірудің екі жолы барын айтты.

– Біріншісі – өтінім беріп, техникалық операцияларын растайды. Бұл электронды өндірістің техникасына қатысты. Екіншісі, расталған құжаттарының негізінде мемлекеттік ұйымдардың ұсынысымен өте алады. Электронды өндіріс бойынша бүгінге дейін 124 субъектіден 486 өтінім түсті. Бәрі қаралды, тек 20 шақтысы қалды. 11 өтінім қабылданса, 455-сі қабылданбады. Кейбірі өтінімді қалай жіберуін білмесе, енді бірі техникалық сипаттаманы дұрыс толтырмаған немесе видеоны талапқа сай жүктемеген. Сонымен бірге жинайтын құжаттың көлемі 500-600 бетке дейін жетеді, соны ықшамдап, қысқартқан жөн, – дейді ол. 

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен жиынға мемлекеттік органдар мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» өкілдері де қатысып, өз ойларымен бөлісті. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 21:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары