Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Отандық тауар өндірушілер реестрдің прототипін сынақтан өткізіп жатыр

Отандық тауар өндірушілер реестрдің прототипін сынақтан өткізіп жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бұл – мемлекет пен бизнес арасындағы өзара байланысты ашық, жедел әрі ыңғайлы ете түсетін цифрлық мемлекеттік сервис. 

Отандық тауар өндірушілер реестрі Қазақстанның өнеркәсіптік цифрлық экожүйесінің бір бөлігіне айналып, ұлттық өндірушілер туралы нақты деректердің бірыңғай көзі ретінде қызмет атқарады. Мұнда әр кәсіпорынның цифрлық профилі жасалып, тіркеу деректері, өндірістік ғимараттар мен жабдықтар туралы ақпарат, лицензиялар мен сертификаттар, жеткізушілер мен шығарылатын өнім туралы мәліметтер қамтылады. 

Тіркеуден соң өндірушілер жеке кабинеттеріне қол жеткізіп, онлайн режимде отандық тауар өндіруші мәртебесін растауға өтініш беріп, видео арқылы өндірістік процессті көрсетіп, ЭЦҚ арқылы құжаттарға қол қойып, барлық процесті өзі бақылап отырады. Жүйе «ЗТ МДБ», «Е-лицензиялау» және басқа да мемлекеттік дерекқорлармен біріктіріледі. Бұл мәліметтердің өзектілігін сақтап, қолмен мәлімет енгізу көлемін азайтады. 

Тестілеуге қатысушылар түрлі сала мен аймақтардан шақырылды. Аталған жүйені ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап шағын цехтарға дейінгі өндірістік жағдайларда тексеруге мүмкіндік берді. Отандық тауар өндірушілер реестрі прототипін сынақтан өткізуге елдің 13 өңірінің кәсіпорындар қатысып жатыр. Олардың ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан және Абай мен Ұлытау облыстарынан 19 ірі, 6 орта және 11 шағын компания бар. Олар машина жасау, автокөлік өндірісі, электротехникалық және электрондық өнеркәсіп, химия, тоқыма, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі мен металлургияны қамтиды. Мұндай әртүрлілік жүйенің техникалық және функционалдық мүмкіндіктерін тексеріп, интерфейс пен сервисті жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жинауға мүмкіндік береді. 

– Отандық тауар өндірушілер реестрі – бұл жай ғана цифрлық деректер базасы емес, бұл мемлекет пен бизнес арасындағы сенім құралы. Біз ондаған анықтаманы алмастырып, нақты өндірістік деректерге сүйене отырып қазақстандық өндіруші мәртебесін растайтын жүйе жасап жатырмыз. Бұл – мемлекеттік қолдауды ашықәрі тиімді ету жолындағы маңызды қадам. Қазір өндірушілерден түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Бұл ұсыныстар реестрді өндірістік пайдалануға енгізбес бұрын оны жетілдіруге негіз болады, - деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Ал «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқарушы директоры Айдос Сыдықов Реестрді әу бастан түсінікті, логикалық және визуалды түрде жеңіл жүйе ретінде жобалағанын айтты. 

– Біздің мақсатымыз – ұзақ нұсқаулықсыз, жинақы әрі түсінікті жүйе жасау. Яғни, өндіруші жүйеге кірді, өтінімді қалай беру керектігін көрді, мәліметтерді жаңартты, құжаттарды оңай тіркеді. Дәл қазір кәсіпорындардан кері байланыс алып жатырмыз. Бұл – маңызды кезең, - дейді ол.

Тестілеу нәтижесі бойынша әзірлеушілер барлық ұсыныстар мен ескертулерді егжей-тегжейлі талдайды. Соңғы түзетулерден соң цифрлық сервис өндірістік пайдалануға енгізіледі. Осылайша өз өнімін растай отырып, ел экономикасын еселей түсетін адал өндірушілердің ортақ алаңына айналады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 16:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see124

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары