Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Кәсіпкерлердің отандық тауар өндірушілер тізіліміне енуі қиындай түскен

Кәсіпкерлердің отандық тауар өндірушілер тізіліміне енуі қиындай түскен

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгін орталық аппаратта «AMANAT» партиясы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиынды партия тарапынан «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев, Үкімет тарапынан Ұлттық экономика вице-министр Ерлан Сағынаев басқарды.

– Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысында еліміздегі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аударғаны баршаңызға белгілі. Осыған байланысты өткен жылдың желтоқсан айында біз шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдадық. Онда өңірлердің ерекшелігін ескеріп, аймақтың мамандануын арнайы стратегиясын жасалды. Оның бәрі – өңірлерге өздерінің басым қызмет түрлерін жүйелі түрде пысықтауға және мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан дәл қазір Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүйелі түрде қайта қарау жөнінде нақты тапсырма берді. Енді осы мәселелерді қаншалықты жедел әрі сапалы пысықтай аламыз, соған сай жаңа көзқарас пен тәсілдері туындауы мүмкін, –дейді Ұлттық экономика вице-министр Ерлан Сағынаев.

Бүгінгі басқосуда кедендік тексерулер кезіндегі бұзушылықтың жоғары үлесі қаралып, жеке индустриялық аймақтарға преференциялар беру, мал шаруашылығын несиелеу және экспортты қолдау мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, сүт саласындағы статистикалық есепке алуы және магистральдық теміржол желісі қызметіне тарифтің өсуі талқыланды.

 «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығының директорының айтуынша, жасанды интеллектінің арқасында кәсіпкерлерге қажетті жаңа сараптамалық платформа ойластырып шығарған.

– Оның міндеті – WhatsApp, Telegram, Instagram түрлі әлемутетік жедлілер арқылы келіп түсетін өтініштерді жүйелеу, іріктеу. Шынын айтқанда, ондай ақпараттың ағыны өте көп. Бастысы кез келген форматтағы аудио не бейнежазба болса да хабарламаны қабылдай береді. Нақты айтқанда, азаматтардың мессенджерлер арқылы жолдайтын хабарламаларын құрылымдап, санаттарға бөлу, қайталанатын мәселелерді анықтау және оларды жедел әрі тиімді қарау тетігін қалыптастыру көзделеді. Яғни, сұрақтың мәнін таразылап, оның қай деңгейге жататынын қарастырады. Өйткені көп жағдайды қандайда бір мәселенің мән-мағынасын білу мақсатында жіберілетін сұрақ өте көп. Бұған жауабы ғана даярланып қоймай, осыған қатысты қосымша сұрақтарда әзірленеді. Мысалы, салық кодексіне байланысты сұрақтүссе, соған байланысты жауабы даярланады. Ал әзірге қолда бар ресурс шектеулі. Мәселен ейбір эксперттерді  белгілі бір салаға қосу керек болады. Ал бұл біріншіден жұмыстың жүктемесін арттырырса, екіншіден – хабарламаға жауап беру жылдамдығы да бәсеңдетеді, – деді Асқар Қысықов.

Айтуынша, бұл платформаға қосылу үшін алдымен тіркеуден өтіп, өзінің қандай кәсіппен айналысатыны көрсетіледі. Түскен хабарлама бірден тіркеліп, жауабы өңделіп, өзіне жіберіледі.

«AMANAT» партиясының Хатшысы, Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Эльдар Жұмағазиев бұл платформаны әлі де жетілдіре түсу керегін сөз етті.

– Бұл платформаның кәсіпкерлерге қаншалықты пайдасы бар? Олар мұнда жай ғана ақпарат алумен шектелмеуі керек. Әрине, кәсіпкерлердің көтерген мәселесін бір жерге жинақтап, қажетті ақпаратын бергені дұрыс. Дегенмен шешімін таппаған, ушығып тұрған  мәселелерді бөлек жинақтап, оның шешімін қарастыру қажет. Кәсіпкерлерді алаңдатқан сұрақтарын жинақтап, жай ғана сіздерге жолдағаннан пайда жоқ. Біз оның шешімін тауып, кәсіпкердің мәселесін шешуге көмектесуіміз міндет. Сол себепті бұл жобаны толтыруды қажет етеді,  – дейді Эльдар Жұмағазиев.

Талқылау барысында Отандық тауар өндірушілер тізілімінде (ОТӨТ) бірқатар мәселелердің бары анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы президенті Қанат Ибраев айтты.

– Біріншіден, әрбір саланы санаты бойынша бөліп, оны толыққанды қарастыру деңгейі белгіленбеген. Салдарынан кәсіпорындарды объективті бағалауды қиындатып отыр. Екіншіден, қосымша талаптар қосылып, оны орындауға аз уақыт берілген. Қосымша шарттар, нақтырақ атасақ бейнебақылау, өндірістік деректердің кеңейтілген көлемін ұсыну мәселелері әкімшілік жүктемені қиындатып қана қоймай, коммерциялық ақпараттың жария болуына әкеледі. Үшіншіден, ішкі құн үлесін (ІҚҮ) есептеу әдістемесінің ашық еместігі. Яғни, автоматтандырылған скорингтің алгоритмі жеткілікті ашық болмауынан қателік жіберіп қана қоймай, өндірушілердің сатып алу бойынша жолын жабады. Осыған байланысты артық талаптарды жою және рәсімдердің ашықтығын арттыру мақсатында ОТӨТ жүргізу қағидаларын қайта қарау қажет, – деді ол.

Бұл мәселеге Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту және ішкі құн тізбесін қалыптастыру департаментінің директоры  Айдын Рақымжан жауап беріп, ондай мәселенің барын жоққа шығармады.

– Отандық тауар өндірушілер тізілімінде кей өтініштердің ескерілмей жатқаны жоқ емес бар. Бүгінде бізге 15-16 мың өтініш түскен. Қазір оның 3900-і тіркелсе, 4600-ден астам субъекті қаралды. Көп жағдайда бір тауар бойынша бірнеше өтініш түсуі мүмкін. Иә, арасында бір субъектінің 100-ге жуық өтініші түскен кезі де болды. Міне, соған қарай түскен өтініштің аз мөлшерде қабылдануы да осыдан. Қазір қосылғаны бар-жоғы 150 ғана. Бірақ жұмыс әлі жалғасып жатыр. Егер кәсіпорын бірнеше тауар бойынша бір ғана өтініш жіберсе, қаралатын өтініш саны тағы қысқарады.

Ал бейнебақылау бойынша өткізілетін деректі негізінен технологиялық операциясын толыққанды көрсетілуін талап етілген. Егер бейнежазбада  технологиялық операциясы көрсетілсе жеткілікті. Оның үстіне, әр сала бойынша өтінішті қарастыратын салалық басқармалар бар. Толыққанды қарастыратын солар, – дейді Айдын Рақымжан.

Сонымен қатар, жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесін 31 позицияға дейін кеңейтуге қағидатын бергені айтылып, ӘМАТ бағаларын реттеу мәселесі талқыланған болатын. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің ең жоғары мөлшері 15%-бен шектелген. Алайда үздіксіз логистика, сақтау, персонал, коммуналдық төлемдер, жалдау ақысы және өзге де ілеспе міндеттемелер бойынша жиынтық нақты операциялық шығындар осы санаттардағы айналымның шамамен 26%-ына дейін жеткен. Осылайша, қолданыстағы үстеме шегінің шығыны өтелмейді әрі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша жүйелі түрде шығынға әкеледі. Сол себепті қазіргі уақытта министрлік бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескеріп,  ӘМАТ бойынша сауда үстемесін қалыптастыру тәсілін қайта қарау мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 16:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары