Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Капитанның алтыны һәм есе қайтқан финал

Капитанның алтыны һәм есе қайтқан финал

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ұлттық құрама капитаны 90 келіден жоғары салмақтың финалында өзбекстан­дық Жахонгир Зокировпен қолғап түйіс­тіріп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, қарсыластар бір-бірімен жақсы таныс. Беделді жарыс­тарда осымен төртінші рет кездесіп отыр. Ақтық бәсекеге капитан ретінде барын салғанын айтқан капитан бұл кездесуге қалай дайындалғанын да айтып берді.  

– Азия ойындары басталғалы бері бір-бірімізге тыңғылықты дайындалдық. Өйт­кені финалда жолығатынымызды екеуміз де білдік. Өзбекстандық боксшы да әлем чемпионатында кеткен есесін қайтаруды көздеді. Екі күн демалғаннан кейін шаршы алаңға қайта үйренісу оңай болмады. Соған қарамастан, бәрі ойдағыдай өтті. Бапкер­лерімнің көмегімен жекпе-жекке тактика­лық тұрғыдан жақсы дайындалдық. Соның нәтижесінде жеңіске жеттік деп ойлаймын. Барша қазақ жанкүйеріне қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ федерациямызға және осы жетістікке жету жолында көмектескен барша жанға көп рақмет, – деді Айбек Оралбай.

Ал Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте Төрехан сәуірде Моңғолия астанасында өткен Азия чемпионатының финалындағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Сол кезде де екеуі шешуші сәтте жолығып, жеңіс қарсылас пайдасына ше­шілген еді. 

Осымен боксшыларымыз Азия ойын­дарын тәмамдады. Әуелде ел атынан алты жігіт және бес қыз – барлығы 11 боксшымыз қатысқан болатын. Солардың ішінде екі алтыннан бөлек қола жүлдегерлер қата­рында Алуа Балқыбекова (51 келі), Наталья Богданова (75 келі) және Махмұт Сабырхан (55 келі) бар.

Айта кетерлік және бір жайт, Қазақстан бокс федерациясы осы ойындардағы Махмұт Сабырхан мен Наталья Богданова­ның жартылай финалдық жекпе-жектерінің нәтижелерімен келіспейтінін мәлімдеді. Сөйтіп, ұйымдастырушыларға және Азия конфедерациясы мен World Boxing ұйымына да шағым түсірген. Айта кетейік, Махмұт 55 келіге дейінгі салмақта Филиппин бокс­шысы Карло Пааламнан, ал Наталья 75 келіде үндістандық Ловлина Боргохаиннен жеңілген еді. Дегенмен регламент бойынша бокс нәтижесі қайта қаралмайды, тек келесі жарыстарда сол төрешілер тағайындалмауы мүмкін. 

Таеквондодан да тамаша табыс бар. Батырхан Төлеуғали 80 келіде қола алса, 58 келіге дейін сынға түскен тағы бір отан­дасымыз Тамирлан Тілеулес Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосаны екі кезеңде де айқын ұтып, Азиада алтынын иеленді. Еркін күрес шебері Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі белдесуде қарсыласын жеңіп, қола жүлдегер болды. Бұған дейін Начын Куулар да 65 келіге дейінгі салмақта қола алған. Сондай-ақ әйелдер күресінен 50 келіде кілемге шыққан Зейнеп Баянова да үндіс­тандық қарсыласын ұтып, осындай олжаға кенелді. 

Қазақстан құрамасының өкілі Рита Бакишева виртуалды таеквондодан қола медаль жеңіп алды. Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Рита Филиппин өкілі Джус Габриэль Дерик Япемен кездесіп, 0:2 есебімен жол берді. Айта кетейік, виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарлама­сына алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл спорт түрінде қатысушылар VR технологияларын пайдаланып сайысқа түседі. Спортшы­лардың қимыл-қозғалысын арнайы дат­чиктер тіркеп, виртуалды кеңістікке кө­шіреді. Ал қарсыластар арасында тікелей физикалық байланыс болмайды.

Велошабандозымыз Рината Сұлтанова омниум сайысынан күміс жүлдегер атанды. Тректегі велоспорттан өткен төрт кезеңнің қорытындысы бойынша отандасымыз 133 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Ол бұған дейін тасжолдағы жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров қола жүлдегер атанды. «Жылдамдық» сайысының фина­лында отандасымыз 7,342 секунд уақыт нә­тижесін көрсетіп, үшінші орынға ие болды.

Дзюдошылар да біршама күміс пен қола әкелді. Ұлттық құрама өкілдері Екатерина Токарева (78 келі) мен Ажар Асхат (70 келі) қола мен күміс жүлде алды. Бұған дейін Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін), Елдос Сметов (60 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) күміс алса, Эсмигүл Куюлова 63 келіге дейінгі салмақта қола еншілеген еді. Джиу-джитсу шебері Сейілхан Болатбек 77 келіде қола жеңіп алды. Бұған дейін Жібек Құлымбетова 48 келіде қола және Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер болған.

Сондай-ақ қазақстандық джитсер Нұр­жан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақтың финалында БАӘ өкілі Ахмед Андизбен жолығып, қарсыласына 2:0 есе­бімен жол берді. Ал теннисші Юлия Путин­цева қола жүлдегер атанды. Ол әйелдер арасындағы жекелей сында жартылай финалда Қытай теннисшісі Чжан Шуайдан ұтылып қалды. Сонымен қатар Анна Данилина екеуі жұптық сында да қола жүл­деге қол жеткізді. Тағы бір қола слаломды есуден келді. Екатерина Таранцева әйелдер арасындағы бірлік-байдарка жарысының финалында өнер көрсетіп, қашықтықты 112,23 секундта бағындырып, үшінші орын алды.

Ерекше жаңалық әкелгендердің бірі қазақстандық шпагашылар болды. Коман­далық жарыстың финалында Қазақстан Оңтүстік Кореяны 43:42 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Команда сапында Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертайлардың өнер көрсеткенін айта кетейік. Маусым бары­сында ұлттық құрама сапында Никита Жу­линский де ел намысын қорғады.

Бұл жеңістің екі бірдей ерекше қыры бар. Қазақстан семсерлесуден Азиададағы командалық жарыста 24 жылдан кейін алғаш рет жеңіс тұғырына көтеріліп отыр. Бұған дейін ұлттық құрама 2002 жылы Пусанда өткен Азиадада чемпион атанған еді. Екінші жағынан, семсерлесуден ерлер құрамамыз бір маусым ішінде осымен үш бірдей ірі командалық жарыста чемпион атанып отыр. Қазақстан семсерлесу феде­рациясының мәліметінше, бұған дейін ерлер арасында ешбір құрама бір жылдың ішінде құрлық чемпионатында, әлем біріншілігінде және құрлықтық ойындарда жеңіске жетпеген. Ал ел құрамасы осының алдында маусымда Делиде өткен Азия чемпионатында топ жарған еді. Арада бір ай өткен соң ел тарихында тұңғыш рет Гонконгта өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қазан 2026 14:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see129

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары