Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Кәсіпкерлерге қолдау көрсететін ЖИ бизнес көмекші құралы жетілдіріліп жатыр

Кәсіпкерлерге қолдау көрсететін ЖИ бизнес көмекші құралы жетілдіріліп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Электрондық қаржы орталығында жасанды интеллектіні дамытуға ұдайы көңіл бөлініп келеді. Қолға алынған перспективалы шешімдердің бірі – ЖИ бизнес-көмекші жобасы. Аталған құрал кәсіпкерлерге барлық кезеңде, яғни бизнестің идея сатысынан бастап оны нақты жүзеге асыруға дейін қолдау көрсетуге арналған. Озық жүйеде қарастырылатын негізгі функционалдардың бірі – болашақ кәсіпке арналған ұтымды орынды таңдау. Тиімді таңдалған жер – бизнестің табысты болуындағы маңызды фактор. Ол сату деңгейін, бәсекеге қабілетті ортаны және болашақ операциялық шығындарды анықтайды, - деді орталық басшысы.

Оның айтуынша, ЖИ-көмекші мемлекеттік ақпараттық ресурстармен интеграцияланған және аудандардың экономикалық белсенділігі, сұраныс құрылымы, жұмыспен қамту деңгейі, бәсекелестік орта, салалардың даму серпіні сынды сенімді деректердің ауқымды жиынтығын талдауға қауқарлы. Осы мәліметтерге сүйене отырып, тиісті алгоритмдер көзделген кіріс мөлшерін, рентабельдікті және тәуекелдерді болжап, әр локацияға дайын ұсыныстар жасай алады.

– Аталған тетікті пайдалану қабылданатын шешімдердің сапасын едәуір жақсартып, бастапқы кезеңдегі қателіктерден сақтануға көмектеседі. Шағын және орта бизнестің деректерге бағдарланған тәсілінің жаңа стандартын қалыптастырады, - деді Дияс Крамшеев.

Орталық басшысының атап өтуінше, цифрлық жаңғыртудың келесі кезеңі проактивті қызметті жолға қоюмен байланысты. Мәліметтердің жинақталуына байланысты мемлекеттік жүйелер кәсіпкерлердің қажеттіліктерін автоматты түрде анықтап, оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын, жеңілдетілген бағдарламалар мен маңызды хабарламаларды ұсынатын болады.

– Демек, іскер азамат қажетті қызметті іздеп әуре болмайды, керісінше «қызмет пайдаланушыны өзі табады» моделіне басымдық беріледі. Мемлекеттік сервистерді интеграциялау, бірыңғай жеке кабинетті құру мен ЖИ шешімдерін дамыту – озық цифрлы экожүйені қалыптастыруға жол ашады. Осы арқылы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тиімді, жылдам және технологиялық тұрғыдан алғанда, заманға сай болады. Өз кезегінде кәсіпкерлер сенімді және орнықты өсімге мүмкіндік беретін тың тетікке қол жеткізеді, - деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған еді.

Сондай-ақ «Turkistan» газетінде жарияланған кең көлемді сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет көрсететін қызметтерді, қаржы технологияларын, экономиканың бірқатар секторын цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз барын атап өткен еді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 12:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see134

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see133

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see132

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see131

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see125

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see118

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see116

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see115

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see111

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see109

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары