Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Ел шығысында АЭС ке қажетті отын өндіру жетілдіріліп жатыр

Ел шығысында АЭС ке қажетті отын өндіру жетілдіріліп жатыр

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Шығыс Қазақстан облысының металлургиялық кәсіпорындарында атом реакторына қажетті отын таблеткаларын өндіру технологиясы жетілдіріліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Кезіндегі ең құпия әрі жабық зауыттың конвейерларынан қазір секундына 3 таблетка шығарылады. Оның әрқайсысы қуаты жөнінен 700 келі көмірді алмастырады. Өндірістің өркендеуіне байланысты атом электр станциясына қажетті жылу бөлгіш құрылғылар жасау ісі де жылына 300 тоннаға жетті.

Атом энергетикасына арналған отын өндірісі елімізде негізінен Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Жергілікті металлургия зауытында уран таблеткаларын шығару тәсілдері жыл санап жетіліп жатыр. Қуат тасымалдаушылар автоматтандырылған технология көмегімен микронға дейінгі дәлдікпен дайындалады. Қазір конвейердан әр секунд сайын 3 таблетка түседі. 

Манарбек Қылышқанов, Үлбі металлургиялық зауытының ғылыми орталық жетекшісі:

- Аймақта екі өндіріс орналасқан. Біріншісі Үлбі металлургиялық зауытының уран өндірісі. Ол жерде бізде табиғи уран концентратын тазалап, одан ұнтақ түрінде уран тотығын аламыз. Одан әрі қарай бізге байытылған уран келеді. Одан уран диоксиді тотығын алады да, таблеткалар жасалады. Сол шығарылған таблеткалар кейін Үлбі ТВС мекемесіне беріледі де, ядролық отын дайындауға жіберіледі. Осы мекменің жалпы уран бойынша өнімділігі жылына 200 тонна.

Салмағы 7,7 грамм болатын бір уран таблекасының жылу бөлу коэфициенті 700 келі көмірмен тең. Заманауи қуат көздерінің қаншалықты күшті екенін есептей беріңіз. Сондықтан да зауытта ядролық отын өндірісін жетілдіруге баса мән берілген. Уран таблеткаларынан атом электр станцияларына пайдаланылатын жаппай жылу бөлетін құрылғылар әзірленеді. Жергілікті мамандар өндірісті алғашқы отандық атом станциясының сұранысына бейімдеуге ниетті.

Владимир Вахненко, Өскемен металлургия зауытының бас инженері:

- Бізде француз және қытай атом электр станцияларына қолданылатын құрылғыларға уран таблеткаларын әзірлеуде мол тәжірибе бар. Егер экономикалық тұрғыдан тиімділігі нақтыланса, біз кез келген сұранысқа  әзірміз.

Атом энергетикасының ауқымын арттыруға елімізде барлық мүмкіндік бар. Сарапшылардың пікірінше, биыл республикада 25 мың тоннадай уран өндіріледі. Атом энергетикасы агенттігінің болжамына сүйенсек, алғашқы отандық АЭС 2035 жылға қарай іске қосылады. Оған дейін қолда бар көмір жылу электр станцияларының жұмыс істеу мерзімі 70 жылдан асып кетпек. Алайда энергосектордағы ахуал қазірдің өзінде алаңдатарлықтай. Тәулігіне 20 мың тонна көмір жағу барысында атмосфераға 140 тоннаға дейін шаң-тозаң мен 200 тоннадай азот оксиді тарайды екен. Ал атом электр станцияларының қоршаған ортаға шығаратын көміртегі диоксидінің мөлшері нөлге тең.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары