Каспий теңізінде екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды
7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлады."Бүгін, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды", деп хабарлады министрлік.
Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен еді. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Бұған дейін министрлік іздестіру-құтқару операциясына 252 әскери қызметші мен қызметкер, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылып жатқаны туралы хабарлаған еді. Операцияға оқиға орнында Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басшылық жасаған. Сондай-ақ қазіргі кезде оқиға орнында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған Үкіметтік комиссия жүр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Каспийдегі қайғылы оқиға: үш әскери қызметшінің денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілді
25 Қыркүйек 2026 17:16
Каспий теңізінде жер сілкінді
23 Желтоқсан 2025 11:59
Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр
25 Қыркүйек 2026 08:17
Каспий теңізінде екі ер адамды ағыс алып кетті
14 Маусым 2026 14:36
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 17:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















