Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Кек алушылар кейінірек, ал Дюна ертерек көрсетіледі. Мәдениет министрлігі Қазақстандағы премьераларға қатысты жағдайды түсіндірді

Кек алушылар кейінірек, ал Дюна ертерек көрсетіледі. Мәдениет министрлігі Қазақстандағы премьераларға қатысты жағдайды түсіндірді

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда көптен күткен "Кек алушылар: Доктор Дум" фильмінің премьерасы 2027 жылғы 7 қаңтарда болады деп күтіледі, бірақ басқа елдерде ол ертерек көрсетіледі. Сондай-ақ қазақстандықтар арасында "Дөңнің" жаңа бөлімі де прокатқа кешігіп шығуы мүмкін деген қауіп болды. Tengri Life жағдайға қатысты пікір алу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүгінді.

Афиша

Билет сату сайттарында суперқаһармандық фильм туралы ақпарат пайда болды. Афишаға сәйкес, Қазақстандағы көрсетілім 2027 жылғы 7 қаңтардан бастап жоспарланған.

"Кек алушылар: Доктор Дум" фильмінің әлемдік премьерасы 2026 жылғы 18 желтоқсанда болмақ.

Скриншот: kino.kz

Әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылар премьера шамамен 20 күнге шегерілуіне байланысты көрермендер сюжеттің егжей-тегжейін алдын ала біліп қойып, кинотеатрға баруға қызығушылығын жоғалтуы мүмкін екенін атап өтті.

Министрлік не дейді?

Біз пікір алу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүгіндік. Ведомство "Кек алушылар: Доктор Дум" фильмінің қазақстандық прокатқа шығуына ешқандай кедергі келтірмегенін хабарлады. Туындыға прокат куәлігі 2026 жылғы 7 қазанда берілген.

"Қазақстандағы "Кек алушылар: Доктор Дум" фильмінің дистрибьюторы "Ascarcinema" ЖШС-нің мәліметінше, аталған фильмнің ТМД елдері аумағында прокатқа шығуы алдын ала 2027 жылғы 7 қаңтарға жоспарланған, алайда бұл мәселе әлі қарастырылып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Фильм туралы не белгілі?

Туындыда бұған дейін Marvel киноәлемінен кеткен көптеген кейіпкер қайта бой көрсетеді деп күтіледі.

Синопсиске сәйкес, кездейсоқ жағдайдың әсерінен үш түрлі әлемнің кейіпкерлері жиналады. Енді олар өздеріне қымбат нәрсенің бәрін жойып жібере алатын жаһандық апатқа қарсы тұру үшін күш біріктіруі керек.

Жобаның актерлік құрамы туралы 2025 жылдың наурызында белгілі болған.

Рөлдеріне оралатындар:

Крис Хемсворт - Тор; Себастиан Стэн - Баки Барнс (Қысқы сарбаз); Пол Радд - Құмырсқа-адам; Том Хиддлстон - Локи; Патрик Стюарт - профессор Чарльз Ксавье; Иэн Маккеллен - Магнето; Джеймс Марсден - Циклоп; Ченнинг Татум - Гамбит.

Сондай-ақ фильмде келесі актерлер бой көрсетеді:

Ванесса Кирби - Сью Сторм (Көрінбейтін әйел); Летиша Райт - Шури; Уайатт Рассел - Джон Уокер; Теноч Уэрта - Нэмор; Эбон Мосс-Бакрак - Бен Гримм (Мақұлық); Симу Лю - Шан-Чи; Флоренс Пью - Елена Белова; Келси Грэммер - Аң; Льюис Пуллман - Сақшы; Дэнни Рамирес - Хоакин Торрес (Жаңа Сұңқар); Джозеф Куинн - Джонни Сторм (Алау-адам); Дэвид Харбор - Қызыл Сақшы; Уинстон Дьюк - М’Баку; Ханна Джон-Кеймен - Елес; Алан Камминг - Түнгі Жортуылшы; Ребекка Ромейн - Мистик; Педро Паскаль - Рид Ричардс (Мистер Фантастик). Кіші Роберт Дауни басты антагонист - Виктор фон Думның, яғни Доктор Дум деген атпен танымал кейіпкердің рөлін сомдайды.

Туындының режиссерлері - Энтони және Джо Руссо.

"Дөң: Үшінші бөлім" фильмінің премьерасы не болмақ?

"Дөң: Үшінші бөлім" - Дени Вильнёвтің Фрэнк Герберт туындыларына негізделген ғылыми-фантастикалық сагасының жалғасы. Фильм режиссер трилогиясының қорытынды бөлімі болмақ.

Көптеген жанкүйер бұл туындының да Қазақстандағы премьерасын күтіп отыр.

"Қазақстандағы фильм дистрибьюторы "SC Distribution" ЖШС-нің мәліметінше, бұл фильмнің Қазақстандағы прокаты 2026 жылғы 17 желтоқсанға жоспарланған. Фильмнің әлемдік премьерасы 2026 жылғы 18 желтоқсанда басталады", - деп атап өтті министрлік.

Ведомство кинопремьералар мерзімін құқық иелері мен дистрибьюторлардың өздері белгілейтінін айтты. Министрлік олардың арасындағы келісімшарттық және коммерциялық қатынастарға, оның ішінде фильмнің экранға шығу мерзімін анықтау мәселелеріне араласпайтыны нақтыланды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:60
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 20:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары