Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

Кеңестер Одағының сүңгуір қайықтары Атлант мұхитының түбінің картасын жариялауға кедергі болған

Кеңестер Одағының сүңгуір қайықтары Атлант мұхитының түбінің картасын жариялауға кедергі болған

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Aikyn.kz мұхит түбінің картасы қалай жасалғанын zmescience.com сайтының материалына сүйеніп түсіндіреді.

Атлант мұхиты түбінің таңғаларлық картасы бір әйелдің жанқиярлық еңбегінің арқасында жасалған. Мұхит түбінің геологиясы шынымен де ғажайып. Өкінішке қарай, оны зерттеу өте қиын.

XX ғасырдың ортасында адамдар әлем картасынан айналасын мұхиттар қоршаған таныс құрлықтарды ғана көретін. Су астында мұхит түбі көп жағдайда беймәлім еді. Көзден таса жатқан, зерттелмеген аумақ болатын. Бұның бәрі америкалық картограф Мари Тарптың еңбегінің арқасында өзгерді.

Мари Тарп (Marie Tharp) – картография мен геология саласындағы жаңашыл тұлға. Оның Атлант мұхиты түбін асқан ұқыптылықпен жасаған карталары жасырын жатқан бедерді ашып көрсетті. Картаны жасау барысында ол ғасырдағы ең ірі ғылыми төңкерістің бірін түсінуге жол ашты. Алайда бұл жолда оған ер адамдардың менмендігімен күресуге тура келді.

1940 жылдары геология – «ерлер клубы» болатын. Әйелдерді зертханаға сирек қабылдайтын, далалық экспедицияларға қатысуға рұқсат бермейтін. Бірақ Тарп тайынбады. Өзінің көңіліне қонбаған бірнеше зерттеуден жұмыстан кейін ол Колумбия университетіндегі океанограф Брюс Хизенмен әріптестік құрады.

Гидролокатор ғалымдарға алғаш рет теңіз түбінің контурларын жасауға көмектесті. Фото unsplash.com сайтынан алынды. Авторлығы: Aishwarya MV

Олар XX ғасырда ең маңызды ғылыми ынтымақтастық құрады. Бірақ еңбек бөлінісі тым айқын болатын: Хизен теңізге аттанады, ал Тарп құрлықта, зертханада қалады. Хизен Атлант мұхитын кесіп өткен кемелерден гидролокатор деректерін жинайтын. Ол кезде бұл – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде суасты қайықтарын анықтау үшін жасалған жаңа технология болатын. Гидролокатор мұхит түбіне дыбыс толқындарын жіберіп, олардың кері шағылуына кететін уақытты өлшейтін. Соның арқасында ғалымдар алғаш рет теңіз түбінің контурларын көре алды.

Бірақ бұл деректер – бар болғаны сандар мен графиктердің тізбегі еді. Оларды көзге көрінетін бейнеге айналдыратын адам болмаса, түсіндіру қиын болатын. Тарптың міндеті – осы «шуылды» нақты ландшафтқа айналдыру.

Мари Тарп рөлі NASA-да көбіне тасада еңбек еткен әйел-ғалымдарға ұқсайтын. Ол мыңдаған дерек нүктесін тиянақты түрде өңдеуге кіріседі. Бұл математикалық шеберлік пен көркемдік интуицияны қатар талап ететін ауыр еңбек еді.

«Тарптың әйелдерге тән, деректерді елестетуге ерекше қабілеті болды. Біз бүгін оны қалыпты нәрсе деп қабылдаймыз. Бірақ компьютерлер кең тарамай тұрған дәуірде бұл нағыз геометриялық түйсік пен интуицияны қажет ететін», – дейді Хасье.

Карта жасау барысында Тарп геологияны мәңгі өзгерткен жаңалықты байқайды. Тарп Атлант мұхиты түбінің бедерін сыза отырып, белгілі бір заңдылықты аңғарады. Мұхиттың дәл ортасымен үздіксіз, тілім-тілім жота созылып жатты. Сол жотаның ішінде терең V-тәрізді аңғар – ойыс бар еді. Бұл – мыңдаған мильге созылатын тау жотасы, Орта Атлант жотасы болатын. Ал аңғар – рифт, яғни мұхит түбінің жарығы – даусыз дәлел еді. Тарп бұл жарылған мұхит түбі ажырап, екі жаққа жылжып бара жатқанын түсінді.

Мұхит түбінің картасын жасау барысында Мари Тарп геологияны мәңгі өзгерткен жаңалықты байқайды. Фото facebook.com/granit.nayki аккаунтынан алынды

1940-1950 жылдары тектоникалық плиталар теориясы әлі қалыптаспаған еді. Геологтар Жердің геологиялық эволюциясын қандай күштер жүргізетінін бір арнаға тоғыстырып түсіндіре алмайтын. Сондықтан Тарптың ашқан жаңалығы айрықша мәнге ие болды.

1912 жылы неміс ғалымы Альфред Вегенер құрлықтар бір кездері біртұтас материк болған, кейін «дрейф» арқылы бөлініп кеткен деген болжам айтқан еді. Бұл – құрлықтардың дрейфі теориясы еді. Бірақ ғылыми қауымдастық Вегенерді мазақ етті, ал ғалым алып құрлықтардың қалай қозғалатынын түсіндіре алмады.

Мари Тарптың табысы даусыз айғаққа айналды. Бұл – дәл сол даулы құрлықтардың дрейфі теориясын қуаттайтын айғақ еді. Алайда Тарп бұл нәтижелерді 1952 жылы Хизенге көрсеткенде, ол қуана қоймады. Ол оның деректерін «әйелдің әңгімесі» деп кемсітті. Хизен графиктерді қайта-қайта қарап, Тарптың болжамының дұрыс екенін мойындау үшін бір жыл уақыт кетеді.

Мари Тарп та оңай беріле қоймайды. Ол деректерге берген түсіндірмесін қорғап, карталарын нақтылап, әрі қарай ақпарат жинай береді. Дәлелдер көбейген сайын, Хизен бірте-бірте оның пайымын қабылдай бастайды. Бірақ халықаралық ғылыми қауымдастыққа мойындату бұдан да қиын болды.

Құрлықтар қозғала алады деген идея әлі даулы еді. Оның үстіне, көптеген геологтар ондаған жыл бойы қалыптасқан түсінік бойынша, мұхит түбі жазық әрі ерекшелігі жоқ деп санайтын.

Бұдан кейін Тарп пен Хизен бір тәсіл ойлап табады. Олар ғылыми дәлелдермен қатар, өнердің күшін де пайдалануға көшеді. 1950 жылдары олар аустриялық суретші Генрих Беранмен бірге мұхит түбінің көрнекі бейнелерін жасайды. Нәтижесінде, Тарптың ашқан жаңалығы бірде-бір ғылыми мақала бере алмайтын көркем суреттер түрінде «тіріліп» тамаша карталар пайда болады. Онда Атлант мұхитының кең суасты ландшафттары – Орта Атлант жотасы және оның орталық рифт аймағы анық көрсетіледі.

Көп жылдар бойы Тарптың ғылымға қосқан үлесі ер әріптестерінің көлеңкесінде қалды, ғылыми мақалаларда көбінесе әріптесі Хизеннің аты аталды. Фото facebook.com/granit.nayki аккаунтынан алынды

Бұл расымен таңғаларлық еді. Карта мұхит түбінің динамикалық, кедір-бұдыр, таулы, жоталар бар екенін көрсетті. Ол әскери цензурадан да өтіп, жұртшылықтың қиялын жаулап алады. Атлантика бойымен созылған мұхит түбінің жарылғанын көру үшін докторлық дәреже керек емес еді. Суретке бір қараған адам, Жердің «жыртылған» жеріндегі тыртықты бірден аңғаратын.

Бірақ бұл жерде ғалымдарға тағы бір кедергі пайда болды. Қырғиқабақ соғыс кезінде АҚШ үкіметі суасты бедерінің топографиялық карталарын жариялауға рұқсат бермеді. Себебі оларды кеңестік сүңгуір қайықтар пайдалануы мүмкін деп қауіптенді. Ал көркем карталар бұл шектеуді айналып өтті, олардың артықшылығы болды: олар өте әдемі еді.

Бұл карталардың сұлулығы ғалымдарды да, көпшілікті де баурап алды. Бірте-бірте Жердің сыртқы қабығы қозғалатын плиталарға бөлінеді деген тектоникалық плиталар теориясы кеңінен мойындала бастады. Құрлықтардың жылжуына (дрейфіне) қатысты дәлелдер де тектоникалық плита теориясын қолдайтын негізгі айғақтардың біріне айналды.

Мари Тарптың карталары мен ондағы деректер қазіргі геологияны түсінудің іргетасына айналды. Оның еңбегі мұхит түбі статикалық емес, керісінше динамикалық, өзгермелі ландшафт екенін дәлелдеді. Ол Жер беті жер қыртысының тереңінде әрекет ететін күштердің ықпалымен үнемі қозғалыста болатынын көрсетті.

Көп жылдар бойы Тарптың ғылымға қосқан үлесі ер әріптестерінің көлеңкесінде қалды. Бастапқыда оның ашқан жаңалығын Брюс Хизен (алғашында жоққа шығарған) қолдады. Бірақ ғылыми мақалаларда да, медиада да көбінесе Хизеннің аты аталды. Тарп сол дәуірдегі көптеген әйел ғалымдар сияқты аты аз танылып, тасада еңбек етті.

Өмірінің кейінгі кезеңінде ғана Мари Тарп лайықты дәрежеде мойындала бастады. 1990 жылдары ол океанография мен картографиядағы еңбегі үшін бірнеше беделді марапатқа ие болды. АҚШ Конгресінің кітапханасы оны тіпті XX ғасырдың ең ұлы картографтарының бірі деп атады.

Мари Тарп жасаған Атлант мұхиты түбінің карталары жай ғана суасты жотасын көрсеткен жоқ, олар геологияда революция жасады. Орта Атлант жотасын және оны қақ жарып өтетін рифті ашуы құрлықтардың қозғалысын дәлелдейтін алғашқы сенімді айғақтардың бірі болды. Бұл плита тектоникасын қазіргі геологияның негізгі тұғырнамасы ретінде орнықтыруға көмектесті.

Тарптың ықпалы картамен ғана шектелмейді. Ол әлемге жаңа көзқарас қажет екенін, орныққан түсініктерге күмәнмен қарау керектігін үйретті. Даулы қорытындыға алып келсе де, фактіге адал болудың маңызын дәлелдеді. Картографтың табандылығы мен өңделмеген деректерді нанымды көрнекі тарихқа айналдыру қабілеті біздің планетаны түсінуімізді өзгертті.

Бүгінде спутниктік және гидролокациялық технологиялар мұхит түбін өте дәл картаға түсіруге мүмкіндік береді. Бірақ мұның ешқайсысы Тарптың жаңашыл қадамдарынсыз мүмкін болмас еді. Оның еңбегі ғалымдардың бірнеше буынына негіз қалап, суасты әлемі туралы жаңа ашылған жаңалықтарға әлі де шабыт беріп келеді.

Соңғы жылдары ғылыми қауымдастық Тарп еңбегінің тарихи әділетсіз ұмыт қалуын түзетуге қадамдар жасау мақсатында оған жаңа, маңызды құрметтер көрсетіп келеді. 2023 жылы АҚШ ӘТК (Navy) 350 футтық океанографиялық зерттеу кемесін ресми түрде USNS Marie Tharp деп қайта атады. Бұл қайта атау ерекше мәнді болды. Бұған дейін кеме Конфедерация офицерінің атымен аталған келген еді. Ал жаңа атау – бір кездері оған кемеге аяқ басуға тыйым салған салада Тарптың айрықша үстем еңбегін ашық мойындау болды.

Оның ықпалы океанографияның болашағын әлі де айқындап келеді. Тарптың түпнұсқа карталары орасан аумақтарды қамтыды, бірақ біз әлі күнге дейін мұхит түбінің барлығын жоғары дәлдікпен толық картаға түсіріп болған жоқпыз.

Мари Тарптың жаңашыл рухынан шабыт алған Seabed 2030 жаһандық жобасының қатысушылары қазір онжылдық соңына дейін мұхит түбінің 100%-ын картаға түсіруді мақсат етуде. 2025 жылға қарай олар қазіргі көпсәулелі гидролокаторларды пайдаланып, теңіз түбінің шамамен төрттен бірін картаға түсіріп, Тарп алғаш батылдықпен белгілеуге кіріскен «бос орындарды» толтыра бастады.

Ғалымның беделін айқындай түсетін тағы бір дәлел ретінде Еуропалық геофизикалық одақ жуырда Мари Тарп атындағы медаль тағайындады. Бұл саладағы ең жоғары марапаттардың бірі саналады, ол Жер құрылымын түсінуге елеулі үлес қосқан ғалымдарға беріледі. Бұл оқиғалар Тарп XX ғасырда өз дәрежесінде еленбей келсе де, XXI ғасырдың болашағын айқындайтынын көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 07:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары