Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Scopus журналдарына қалай тегін мақала жариялауға болады?

Scopus журналдарына қалай тегін мақала жариялауға болады?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгінде Scopus базасына кіретін журналдарда мақала жариялау  ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл тек докторанттар мен ғалымдарға ғана емес, соңғы жылдары мектеп мұғалімдеріне де қойылатын талаптардың қатарынан көрініп жүр. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Scopus журналдарына мақала жариялап береміз» деген жарнамалар да жиі кездеседі. Осындай ақпараттардың әсерінен көпшілік арасында Scopus журналында мақала шығару үшін міндетті түрде мың, тіпті мың жарым доллар көлемінде қаражат қажет деген пікір қалыптасқан. Алайда бұл түсінік көбіне түрлі «делдал» немесе ақылы қызмет ұсынатын адамдардың сөзінен пайда болған. Шын мәнінде, барлық журнал ақылы емес. Бүгінде халықаралық деңгейдегі көптеген журналдарда мақаланы тегін жариялауға мүмкіндік бар. Сондықтан бұл шолуда Scopus базасындағы журналдарға мақаланы ақысыз жолмен қалай жариялауға болатыны туралы қарапайым түрде түсіндіреміз.

Ең алдымен мақаланың өзі дайын болуы керек. Қазіргі ғылыми ортада мақалалар көбіне IMRAD жүйесі бойынша жазылады. Бұл жүйе кіріспе (Introduction), әдіс (Methods), нәтиже (Results) және талқылау (Discussion) бөлімдерінен тұрады. Дегенмен барлық журнал бірдей қатаң талап қоймайды. Кейбір басылымдар авторға құрылым жағынан еркіндік береді. Сонымен қатар халықаралық журналдардың басым бөлігі ағылшын тілінде болғандықтан, мақала да ағылшын тілінде дайындалуы қажет.

Келесі кезеңде Scopus платформасына кіріп, жеке аккаунт тіркеу керек. Тіркелгеннен кейін жүйеде журналдарды іздеуге арналған түрлі категориялар шығады. Біз мысал ретінде тарих саласын таңдадық. Осы бөлім арқылы өз бағытыңызға сәйкес келетін журналдарды қарап, олардың талаптарымен танысуға болады.

Scopus базасында тарих саласына қатысты екі мыңнан астам журнал бар екен. Солардың ішінен біздің назарымыз “History and Anthropology” журналына түсті. Соны таңдап, ары қарай оқимыз.

Бұл жерде ең басты назар аударатын нәрсе - журналдың әлемдік рейтингтегі орны. Себебі журналдың беделі мен ғылыми деңгейі осы көрсеткіш арқылы анықталады. Біз таңдаған журналды халықаралық деңгейдегі беделді басылымдардың қатарына жатқызуға болады.

Келесі кезеңде журналдың ресми сайтына өтеміз. Оған сайттың өзінен де, Google арқылы да кіруге болады. Оқырманға түсінікті болуы үшін біз екінші тәсілді, яғни Google арқылы іздеуді көрсетуді жөн көрдік. Ол үшін іздеу жолағына журналдың атауын немесе баспаның атын жазамыз. Әдетте ресми сайт алғашқы нәтижелердің қатарында шығады.

Осылайша журналдың ресми сайтына кіреміз. Айта кету керек, “Taylor & Francis”  әлемдегі ең беделді ғылыми баспалардың бірі. Бұл баспа авторларға ыңғайлы болу үшін мақаланы жіберу, талаптарды оқу және редакциямен байланысу жүйесін барынша жеңіл етіп жасаған.

Журналдың бетіне өткеннен кейін авторларға арналған бөлімді таңдаймыз. Сол жерден мақала жіберу, талаптармен танысу және қолжазбаны дайындауға қатысты арнайы бөлімдерге өтуге болады.

Бұл жерде ең алдымен мақала жариялау ақысына қатысты бөлімді қарап шығамыз. Мысалы, біз таңдаған журналда мақаланы жариялау тегін екен. Тек түрлі-түсті суреттерді басып шығару сияқты қосымша қызметтер үшін ғана ақы талап етіледі.

Кейбір журналдарда мақаланы жариялау тегін болғанымен, оны ашық қолжетімді форматта шығару үшін қосымша төлем сұралады. Мұндай жүйе көбіне “Open Access” деп көрсетіледі. Яғни мақала жарияланғаннан кейін оны кез келген адам еркін оқи алады. Ал қарапайым (тегін) нұсқасында оқырманға тек мақала атауы, авторы, аннотациясы және пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғана көрінуі мүмкін.

Сонымен қатар кейбір журналдар мақаланы жариялағаны үшін емес, рецензиядан өткізу процесі үшін ақы алады. Сондықтан журналға мақала жібермес бұрын оның барлық талаптары мен қаржылық шарттарын мұқият қарап шыққан дұрыс.

Енді мақаланы журналға жіберу кезеңіне өтеміз. Ол үшін төмендегі суретте көрсетілген бөлімдер арқылы өтіп, мақаланы қабылдау парақшасына кіреміз. Әдетте бұл бөлімде автор туралы мәлімет, мақала атауы, аннотация және файлдарды жүктеуге арналған арнайы жолдар беріледі. Осы жерден мақаланы жүйеге енгізіп, редакцияға жіберуге болады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, “Taylor & Francis” баспасы авторларға барынша ыңғайлы жүйе жасап қойған. Қажетті бөлімдерді ретімен таңдап, алдымен ресми келісімдер мен стандарт талаптарды қабылдаймыз. Одан кейін келесі бетте мақаланың өзін жүктеп, авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияны және басқа да қажетті ұяшықтарды толтыру керек.

Барлық ақпарат енгізілген соң, ең соңында мақаланы редакцияға жіберу ғана қалады.

Бұл жерде тағы бір маңызды нәрсені атап өткен жөн. Журналға мақаланы жіберу оңай болғанымен, оның жарияланып кетуі оңай процесс емес. Мысалы, төменде біздің бір мақаламыздың өту жолы көрсетілген. Біз мақаланы осы жылдың наурыз айының алғашқы күндерінде жіберген едік. Алайда редакциядан жауап тек мамырдың 18-күні ғана келді.

Жауапта мақаланың журнал бағытына сәйкес келмейтіні жазылған. Мұндай хаттар мақала тіркелген кезде көрсетілген электронды поштаға жіберіледі. Сондықтан мақала жолданғаннан кейін ұзақ уақыт күту қалыпты жағдай екенін ескеру керек.

Сонымен қатар тағы бір мақаламызды мысал ретінде айтуға болады. Бұл — мүлдем басқа тақырыптағы ғылыми мақала және басқа журналға жіберілген жұмыс. Мақаланы 28 наурыз күні жолдаған едік. Шамамен бір аптадан кейін редакция оны алдын ала қарап шығып, оң шешім қабылдап, рецензенттерге жіберген. Бұл кезең 13 сәуір күні болған. Қазір мамыр айының соңы. Соған қарағанда ғылыми мақаланы жариялау процесі өте баяу жүретінін байқауға болады.

Жалпы халықаралық журналдарда мақаланың толық жариялануына кемінде алты ай уақыт кетеді. Кей жағдайда бұл мерзім бір жылға дейін созылып жатады.

Құрметті оқырман, біз бұл мақалада Scopus базасындағы журналдарға мақаланы тегін жариялаудың бір жолын көрсеттік. Дегенмен тағы да ескерте кететін маңызды нәрсе бар: журнал тегін болғанымен, мақалаңыз ғылыми талаптарға сай келмесе, оны жариялау мүмкін болмайды. Сондықтан ең бастысы — сапалы әрі талапқа сәйкес ғылыми мәтін дайындау.

Сонымен қатар біз тек Taylor & Francis баспасының негізінде мысал келтірдік. Ал әлемде бұдан өзге де көптеген халықаралық ғылыми баспалар бар. Кейбір журналдар арнайы сайт арқылы жұмыс істесе, енді біреулері мақаланы электронды пошта арқылы қабылдай береді. Яғни ғылыми мақаланы жариялаудың түрлі жолдары бар.

Сондықтан міндетті түрде делдалдарға ақша төлеудің қажеті жоқ. Егер мақалаңызды өзіңіз жазып, журнал талаптарын дұрыс орындасаңыз, оны халықаралық баспаларға өзіңіз-ақ жібере аласыз.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді  гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 15:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see158

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see132

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see129

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see124

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see124

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see123

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see112

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары