Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Кептеліс азаймайды урбанист Алматыдағы Тимирязев көшесін біржақты ету идеясы туралы

Кептеліс азаймайды урбанист Алматыдағы Тимирязев көшесін біржақты ету идеясы туралы

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматы билігі мамырда қаланың бірнеше көшесіндегі қозғалыс қайта ұйымдастырылатынын жариялады. Ұсыныстар арасында Тимирязев көшесінде бір жақты қозғалыс енгізу және автобус жолақтарын жолдың ортасынан оң жақ шетіне көшіру мәселесі бар.

Алматы билігі мамырда қаланың бірнеше көшесіндегі қозғалыс қайта ұйымдастырылатынын жариялады. Ұсыныстар арасында Тимирязев көшесінде бір жақты қозғалыс енгізу және автобус жолақтарын жолдың ортасынан оң жақ шетіне көшіру мәселесі бар.

Tengri Auto тілшісі қозғалысты қайта ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсау жоспарланғанын және бұл шара не үшін қажет екенін білу үшін Алматы әкімдігіне ресми сауал жолдады.

Бәрі әзірге жоспар деңгейінде

Алматы әкімдігі мамандар қаланың негізгі магистральдарындағы, соның ішінде Тимирязев көшесіндегі қазіргі жол жағдайына кешенді талдау жүргізіп жатқанын хабарлады.

Осыған байланысты, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістер тек қарастыру, зерделеу және цифрлық модельдеу сатысында тұр.

Неге Тимирязев көшесін бір жақты қылу керек?

Әкімдік мәліметінше, Тимирязев көшесіндегі қозғалыстың қазіргі сипаты кептеліске байланысты жүргізушілер тарапынан наразылық тудырып отыр.

Автобус аялдамаларының жолдың ортасында орналасқаны жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептеледі, өйткені қоғамдық көліктен түскен жолаушыларға көлік жолақтарын кесіп өтуге тура келеді.

"Осыған байланысты қазіргі уақытта кеңістікті оңтайландырудың түрлі нұсқасы қарастырылып жатыр. Соның ішінде арнайы жолақтарды жолдың жиегіне көшіру мүмкіндігі зерделеніп жатыр. Бұл күту аймақтарын қауіпсіз тротуарларға көшіруге және жолдардағы өлім-жітімді болдырмау тұжырымдамасы аясында қақтығыс нүктелерін барынша азайтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ведомство.

Тимирязев көшесін бір жақты ету мүмкіндігін әкімдік гипотеза ретінде атады. Олардың пікірінше, бұл шара көшедегі жүктемені азайтып, трафикті жақсартуы мүмкін.

"Қазіргі кезеңде көлік ағынына егжей-тегжейлі талдау мен математикалық модельдеу жүргізіліп жатыр. Бұл нақты деректер негізінде солға бұрылуды алып тастағанда қиылыстардағы кідіріс қалай өзгеретінін, оның қоғамдық көлік жылдамдығы мен кедергісіз қозғалысына қалай әсер ететінін, сондай-ақ жылдамдық режимін теңестіру кезінде экологиялық көрсеткіштер қалай өзгеретінін есептеуге мүмкіндік береді", -деп жауап берді әкімдік.

Болашақта автобус пен троллейбус желілерін бөлек қалдыру жоспарланып отыр.

Бұл идеяны жүзеге асыру қанша тұрады деген сұраққа әкімдік шығындар туралы айту әлі ерте екенін, өйткені түпкілікті шешім қабылданбағанын айтты.

"Дегенмен, тұжырымдаманы пысықтау аясында ауқымды реконструкцияны немесе күрделі элементтерді бұзуды қажет етпейтін нұсқалар ғана қарастырылып жатыр. Ал қозғалыс геометриясындағы кез келген ықтимал өзгерістер жол төсемін жаңарту бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары аясында іске асырылуы мүмкін", - деді басқарма өкілдері.

Түпкілікті шешім жан-жақты есептеулер аяқталғаннан кейін ғана қабылданады.

Урбанист пікірі

Тимирязев көшесін бір жақты форматқа көшіру талдау және талқылау сатысында болғандықтан, біз бұл өзгерістер көлік ағынына қалай әсер етуі мүмкін екенін және оларды жүзеге асырудың қажеті бар-жоғын урбанист Әділ Нұрмақовтан сұрап білдік.

Әділдің пікірінше, бұл тиімсіз идея, өйткені оның мақсаты қаладағы ең тиімді жерүсті қоғамдық көлік дәлізін жою есебінен жеке көліктердің қозғалыс жылдамдығын арттыру.

"Қоғамдық көлік қозғалысы едәуір баяулап қана қоймай, автомобиль ағынының жылдамдығы да айтарлықтай өспейді. Себебі жолақтар саны көбеймейді, қақтығыс нүктелері артады, сондай-ақ Тимирязев көшесімен қиылысатын көшелерге жүктеме түседі", - деп түсіндірді ол.

Бұл көшелер көлік қозғалысы үшін маңызды, өйткені олар қаланың ірі аудандарын байланыстырады. Әл-Фараби даңғылы мен Тимирязев және Жандосов көшелері арасындағы жол желісі тығыз емес, ал Тимирязев көшесіне толыққанды балама жоқ деуге болады. Сондықтан көшені бір жақты қозғалысқа көшіру көлік ағынына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Мұндай шешім нақты қалай әсер ететінін тек мамандар жүргізген егжей-тегжейлі есептеулер мен көліктік модельдеу көрсете алады.

"Әзірге пікірталасты осы идеяларды тек өздерінің жеке сенімі мен пайымдауы негізінде бастаған адамдар жүргізіп жатыр. Бұл көлік жүйелерін ауқымды реконструкциялау үшін негіз бола алмайды және болмауы тиіс. Сонымен қатар кез келген осындай талқылаулар қаланы дамытудың стратегиялық жоспарларына, көше-жол желісіне және көлік қаңқасына негізделуі керек", - деп атап өтті ол.

Неге бір жақты қозғалыс Тимирязев көшесіне сай келмейді?

Урбанист бір жақты қозғалыс балама маршруттары бар шағын көшелерде жақсы жұмыс істейтінін атап өтті. Бірақ ол қолданыстағы BRT дәлізі бар Тимирязев сияқты ірі магистральды бұл форматқа көшіруді даулы идея деп санайды.

"Біржақты көшелерге (және нақты ұсынылып отырған жобаға) қатысты негізгі қауіп - жолды жеке көлік басымдығымен қайта форматтау жылдамдықтың артуына әкеледі, бұл трафик болжамсыздығын тудырады, ал бұл өз кезегінде қақтығыстар мен жол-көлік оқиғаларына соқтырады", - деп атап өтті Нұрмаков.

Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі арта ма?

Урбанистің айтуынша, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі мәселесін міндетті түрде автобус жолақтарын жолдың шетіне көшіру арқылы шешу шарт емес.

Қазір аялдамалар маңында жаяу жүргіншілер өткелі мен жолақтардың тарылуы бар, бұл жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға мәжбүрлеуі тиіс. Егер бұл жеткіліксіз болса, қауіпсіздік шараларын күшейтуге болады: көтеріңкі өтпелер орнату, жолаушылар жолға белгіленбеген жерлерден шықпауы үшін аялдама бойына қоршаулар қою, сондай-ақ аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өтпесінің жарықтандырылуын жақсарту қажет.

Оның пікірінше, автобус жолақтарын көшенің шетіне көшіру көлік пен жаяу жүргіншілер арасында бұдан да көп қақтығыс тудыруы мүмкін.

"Ортасында орналасу - бүкіл әлемде БРТ конфигурациясының алтын стандарты болып саналады. Көшенің шетіне бұрылу үшін және жанама көшелерден шығу кезінде қайта қатар түзеу, көлік тұрағы, тоқтау, жеткізу қызметі, такси - осы факторлардың барлығы қоғамдық көлікті баяулатады, қозғалыс кестесін сақтау мүмкін болмай қалады", - деді ол.

Ғалымдар не дейді?

Бұған дейін әкімдікте жобаны талқылауға Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы, Гончаров атындағы ҚазАЖИ және Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдары мен жол қауіпсіздігі саласындағы мамандар қатысты. Олардың бағалауынша, Тимирязев көшесінің ортасындағы қазіргі арнайы жолақ сызбасы тұрғындардың наразылығын тудырып отыр және қауіпсіздік талаптарына толық жауап бермейді.

Олар Бас прокуратура деректеріне сүйеніп, көшедегі жол апаттарының саны 2023 жылғы 58-ден 2025 жылы 94-ке дейін өскенін алға тартты. Тек 2025 жылдың өзінде мұнда жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 45 жағдайы тіркелген: 46 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты. Сарапшылар жолдың ортасында орналасқан автобус аялдамалары кесірінен адамдарға жүру бөлігін кесіп өтуге тура келетінін, бұл апат қаупін арттыратынын айтады.

Шешім ретінде қозғалысты ұйымдастырудың "3 + 1" принципі бойынша жаңа схемасы ұсынылды: орталық жолақтарды батыс бағытындағы автомобильдердің үздіксіз қозғалысына беру, ал шеткі жолақтарды қоғамдық көлікке қалдыру.

Олардың пікірінше, бұл аялдамаларды тротуарларға көшіруге және орталық платформаларға жету үшін жолды кесіп өту қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біржақты қозғалыс кептеліске жиі себеп болатын солға бұрылыстар санын азайтады, бұл көшенің өткізу қабілетін 20–30 пайыз арттыруы мүмкін.

Бұл ретте жобаны іске асыру ауқымды реконструкцияны қажет етпейді: негізгі жұмыстар таңбалауды өзгертумен және жаңа жол белгілерін орнатумен ғана шектеледі.

Алматыдағы BRT желілерінің жағдайы не болмақ?

Еске сала кетейік, бұған дейін жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев бұл учаскенің өткізу қабілеті айтарлықтай төмендегенін, соның салдарынан көлік ағыны әл-Фараби даңғылына ауысып, онда кептеліс тудырғанын мойындаған болатын.

"Қазір Тимирязев көшесін зерттеп жатырмыз, онда біржақты қозғалыс енгізу (нұсқасы - еск.) қарастырылып жатыр. Бәлкім, (қазіргі уақытта - еск.) көшенің өткізу қабілеті қатты төмендеген болар. Соның салдарынан бұл трафик әл-Фарабиге ауысты, қазір ол жерде қарбалас уақытта үлкен кептеліс көріп отырмыз", – деп жоспарларын бөлісті басқарма басшысы.

Оның айтуынша, өткізу қабілетін қалпына келтіру үшін Тимирязев көшесінде біржақты қозғалыс енгізіп, автобус жолақтарын жолдың ортасынан көшенің шетіне ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Анықтама: Райымбек даңғылындағы 16,5 шақырымдық BRT учаскесіне билік 39,9 миллиард теңге бөлген, ал Желтоқсан бойындағы дәлізге 3,6 миллиард теңге жұмсалды.

Еске салсақ, бастапқыда билік BRT желілерін Желтоқсан көшесі мен Райымбек даңғылында 2025 жылдың соңына дейін іске қосып, оны Тимирязевтегі қолданыстағы дәлізбен байланыстыруды жоспарлаған болатын.

Желтоқсандағы BRT 14 желтоқсанда іске қосылды, ал Райымбектегі жоба айтарлықтай кешігіп жатыр: енді оның ашылуы 2026 жылғы қарашаның аяғына жоспарланған. Әкімдіктегілер іркілісті жер учаскелерін сатып алу мәселесімен түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Алматыда бірнеше көшеге біржақты қозғалыс енгізіледі:тізім

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 14:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары