Кеш болмай тұрып араласыңыздар... : Айгүл Иманбаева өмірдегі өкінішін айтты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде туған-туыспен тату болудың маңызы туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі көп уақытты өкпе-ренішпен өткізбей, керісінше кешірімді болып, ағайынмен араласу керегін айтты.
«Бүгін бізде қуаныш, той! Туған сіңлімді ұзатып жатырмыз. Ал енді «Айгүлдің туған сіңілісі жоқ еді ғой, ол қалай?» десеңіздер, мына әңгімемді тыңдаңыздар. Біз бір анадан үшеуміз. Ал сіңлім әкемнің екінші отбасынан. Қазір жақсы араласамыз. Анам, інім қазір тойда, сол жақта жүр. Бірақ мұндай түсінікке келуіме көп уақыт кетті. Әкеммен қырық жылдан кейін қауыштым. Әкем сонда сіңлімді, екінші отбасындағы қызын үйіріне қостым, енді арманым жоқ деп еді. Үш айдан кейін өмірден өтті. Адамда арман таусылмау керек екен. Менің басымдағы оқиғаға ұқсас жағдай болса, кеш болмай тұрып араласыңыздар. Себебі кері қайтара алмайтын нәрсе уақыт", - деп жазды ол.
Актриса өмірде ата-ананың батасы, разылығы бала үшін маңызды екенін атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 00:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















