Кэти Топурия қазақ тілінде ән айтты
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
39 жастағы грузин әншісі 18 тамызда қазақ тілінде ән айтып, оған билеп тұрған видеосын жариялады.
Жаңа композиция "Jañbyrdan soñ" ("Жаңбырдан соң") деп аталады. Әннің мәтініне қарағанда, топ бұл шығармасын "сүйікті қаласы Алматыға" арнаған.
Кэти Топурияның қазақ тілінде ән айтқан видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді. Қазақстандықтар әншіні мақтап, оған қазақ тілінде ән айту өте жарасатынын жазды. Сондай-ақ олар "А’Студио" тобын және жаңа әнді қолдауға шақырды.
Желі қолданушыларының пікірлері арасында:
"Уау, қандай әдемі!""Кэти керемет!""Жаздың басты хиті"."Түсініксіз, бірақ өте әдемі"."Қазақтар мен грузиндер – мәңгілік бауырлар"."Керемет! Бәріміз бірге қолдайық"."Қазақ тілінде ән айту сізге сондай жарасады"."Керемет туған тіліміз – қазақ тілі"."Керемет ән, Кэти де тамаша!""Мен татар болсам да, барлық сөзін түсіндім! Өте әдемі!"""А’Студио" тобының өз тамырын ұмытпайтыны қатты ұнайды"."Тыңдау қандай жағымды! "А’Студио" қазақ тілінде ән айтпағалы көп болды!""Грузин акцентімен айтылған қазақ тілі – күтпеген, ерекше әрі өте әдемі"."Кэти орындаған кез келген ән – хит. Ал қазақ тілінде болса, екі есе керемет".Айта кетейік, "А’Студио" тобының негізін қалаушы әрі музыкалық жетекшісі – қазақстандық музыкант Байғали Серкебаев 2026 жылдың ақпанында Батырхан Шүкеновпен бірге түскен 38 жыл бұрынғы сирек фотосын жариялап, желіде үлкен қызығушылық тудырған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 15:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















