Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Коалиция: жаңа Конституция азаматтардың көкейкесті талап тілектеріне берілген жауап

Коалиция: жаңа Конституция азаматтардың көкейкесті талап тілектеріне берілген жауап

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақмола облысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері жергілікті халықпен, жастармен, спортшылармен, еңбек ұжымдарымен және туристік сала өкілдерімен кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сапар өңір халқымен, этномәдени бірлестіктермен кездесуден басталды. Көкшетаудағы «Болашақ сарайында» 400-ге жуық адам – зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері, ақсақалдар, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, басқа да белсенді азаматтар жиналды.

Алқалы жиында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституцияның қабылдануы арқылы Қазақстан өзінің мемлекеттілігін күшейтіп, жаңа тарихи кезеңге қадам басатынын атап өтті. Мәжіліс спикері еліміздегі қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеретін түбегейлі жаңа орган – Халық кеңесінің құрылуына ерекше назар аударды.

– Жаңа Конституция арқылы Халық кеңесі институты құрылады. Ол Қазақстан халқының ортақ мүддесін білдіретін ең жоғары консультативтік орган болады. Ассамблеяның барлық инфрақұрылымы мен бірегей тәжірибесі сақталып, өз жұмысын жалғастырады. Халық кеңесі өңірлерді, азаматтық қоғамды және этномәдени бірлестіктерді біріктіреді. Яғни, халықтың көпэтникалық үні айқындала түседі деген сөз. Осылайша, Ассамблеяның ұзақ жылдар бойы жиған тәжірибесін пайдаланып, өз бетінше заңнамалық күн тәртібін қалыптастыратын біртұтас құрылым қалыптасады, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи мәнге ие екенін, әлемдік ахуал құбылып тұрған уақытта мемлекетіміз табиғи даму кезеңіне аяқ басқанын айтты. Депутаттың пікірінше, жаһандық өзгерістерге орай, еліміздің орнықтылығын, Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығын және алдағы ондаған жылдар бойы біртіндеп дамуды қамтамасыз ететін берік әрі заманауи құқықтық іргетас қажет.

Жергілікті жұртшылық өкілдері алдағы референдум қоғамды Мемлекет басшысының стратегиялық мақсаттарына біріктіретініне назар аударды. Облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Омар Шоназаров әр азамат үшін Конституцияның маңыздылығын төлқұжатпен салыстыруға болатынын айтты. Егер төлқұжатта адамның жеке деректері көрсетілсе, Конституцияда бүкіл халықтың тағдыры мен болашағы қамтылған. Сол үшін де жаңа Конституция – әділдік қағидаттары шегенделген, елдің өркендеуі үшін берік негіз болатын нағыз халықтық құжат.

Коалиция мүшелерінің өңірдегі волонтерлік бірлестіктермен кездесуі де мазмұнды өтті. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өткен жиын облыстық волонтерлер форумының ашылуымен тұспа-тұс келді. Форумға 500-ге жуық адам қатысты.

Кездесуде Мәжіліс депутаты, республикалық волонтерлік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Вера Ким жаңа Конституция жобасында волонтерлік қызметтің маңыздылығына мән берілгеніне тоқталып, жұртшылықты құттықтады. Депутат атап өткендей, осы арқылы Ата заң жобасында мықты мемлекет тек билік институттары ғана емес, сонымен қатар бір-біріне қолдау көрсетуге дайын адамдарға да арқа сүйейтіні туралы қарапайым, бірақ аса маңызды идея айқын көрініс тауып отыр.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев жаңа Ата заңда адами капиталдың дамуы елдің стратегиялық даму бағыттарының бірі ретінде танылатынын атап өтті. Бұл мемлекет білімге, ғылымға және жас ұрпақтың мүмкіндіктеріне сенім артып отырғанын көрсетеді.

Аграрлық бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктері, жерді қорғауға және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты жұмысына мемлекеттік кепілдіктердің берілуі сынды Ата заңдағы жаңашылдықтарға байланысты Ақмола облысының аграрлық секторының өкілдері өз пікірлерін білдірді.

«Eurasia Group Kazakhstan» кәсіпорны алаңындағы ашық диалог барысында Қоғамдық коалиция мүшелері фермерлердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Өз кезегінде аграрлық сектор өкілдері жаңа Конституция жобасында еңбексүйгіштік, прогресс пен білім мемлекеттің іргелі қағидалары ретінде бекітілгеніне оң пікір білдірді.

Жаңа Конституция жобасындағы еңбек адамының мәртебесі «ENKI» ЖШС керамикалық кірпіш зауытының еңбек ұжымымен кездесуде талқыланды.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Конституцияның жаңа редакциясында қауіпсіз еңбек жағдайлары, лайықты сыйақы төлеу және әлеуметтік қорғау құқығы заңдық негізде бекітілетініне назар аударды. Кәсіпорын қызметкерлерінің пікірінше, бұл өзгеріс мемлекеттің жауапкершілігін күшейтіп, еңбек адамдарының ертеңге деген сенімін нығайта түседі.

Одан әрі Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің Ақмола облысының спорт саласының өкілдерімен кездесуі Зеренді ауданының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде өтті. Бұл спорт мектебі заңсыз алынған активтерді қайтарудан түскен қаражат есебінен бой көтергенін айта кеткен жөн.

Бапкерлермен, спортшылармен және секция басшыларымен әңгіме барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында әділеттілік ұғымы алғаш рет мемлекет пен биліктің жаңарған моделінің қағидаларының бірі ретінде бекітілгенін атап өтті. Бұл ретте, ресурстар қоғамдық игілікті арттыруға арналады, ал азаматтардың мүддесі корпоративтік пайдадан жоғары қойылады. Кездесуде жергілікті спортшылар барлығына тең мүмкіндіктер туғызу, әсіресе, өңірлерден шыққан талантты жастардың дамуы үшін маңызды мүмкіндік екеніне назар аударды.

Ақмола облысының туризм және қолөнер саласы өкілдерімен кездесуде Ата  заң деңгейінде табиғатқа қамқорлық, ұлттық мәдениетті қолдау және шығармашылық еркіндіктің ерекше маңызы сөз болды.

Өз кезегінде туризм саласының өкілдері жаңа Конституция жобасында азаматтар мен мемлекеттің міндеттері арасындағы теңгерім қамтылғанына назар аударды. Атап айтқанда, тарихи және мәдени мұраны сақтауға қамқорлық жасау, тарих пен мәдениет мұраларын қадірлеу сынды Қазақстан азаматтарының міндеттерін жұртшылық жылы қабылдады. Олар атап өткендей, әрбір қазақстандықтың дербес жауапкершілігі арқылы еліміздің қайталанбас бай мұрасын болашақ ұрпаққа аман жеткізе аламыз.

Кездесулерге қатысушылардың барлығы 15 наурыздағы референдумға қатысып, жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс беруге ниетті екенін білдірді.

Жалпыұлттық коалицияның баспасөз қызметі

Суретті түсірген: Әли Ғалым, Талғат Тыныбаев

Дайындаған: «AMANAT MEDIA GROUP» ЖШС

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

«AMANAT» партиясы» ҚБ қаражатынан төленді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 19:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see146

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see143

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see142

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see141

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see135

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see134

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see133

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see131

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see130

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see130

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see128

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see128

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see127

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see123

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see122

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see122

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see115

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары