Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституция ең алдымен, жаңа сын қатерлерге берілген жауап

Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституция ең алдымен, жаңа сын қатерлерге берілген жауап

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өңір жұртшылығымен және кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады. Кездесулерде конституциялық нормаларды іске асыру тетіктері, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері және аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдары сөз болды. «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналған диалогқа мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, белсенді жастар және жергілікті кәсіпорындардың еңбек ұжымдары қатысты. Сенат Төрағасы еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтық қоғам институттарының бірлескен жұмысы айрықша маңызға ие екенін атап өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәулен Әшімбаев қазір Қазақстан ауқымды саяси жаңғыру кезеңін бастан өткеріп жатқанын айтты. Палата Спикері осыған байланысты өңір тұрғындарымен қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша тікелей кері байланыс орнату үшін ашық диалог жүргізудің және Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды тиімді жүзеге асыру жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңызы зор екенін тілге тиек етті.

«Қазір еліміз, ешбір әсірелеусіз, өзінің даму жолындағы нағыз тарихи кезеңді бастан өткеріп жатыр. Соңғы жылдары біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, тұрақты дамудың берік негізін қаладық. Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларының арқасында экономикамызды, өндіріс пен кәсіпкерлікті жүйелі түрде дамытып келеміз. Адам капиталын дамытуға да ерекше көңіл бөлініп, ғылым мен білімге ауқымды инвестиция салынып жатыр. Осы тұрғыда құқықтық және институционалдық жүйемізді жаңарту қажеттігі айрықша мәнге ие болып отыр. Біз оны жаңа міндеттерге, алдағы онжылдықтарда әлемдік дамуды айқындайтын үдерістерге бейімдеуіміз керек. Сондықтан жаңа Конституция жобасы – ең алдымен, жаңа сын-қатерлерге берілген жауап. Бұл – жаһандық тұрақсыздық жағдайында еліміздің әрі қарай серпінді, тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған және алдын ала жасалған маңызды қадам», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, бұл құжатты мемлекетті дамытудың ұзақмерзімді бағдары және саяси жүйені кешенді жаңғыртуды көздейтін маңызды тетік деп атады. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік институттарды жан-жақты жаңғыртып, заман талаптарына жедел бейімделетін икемді мемлекеттік жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Жаңа Ата Заң жобасы күшті әрі құзыретті Парламент, тиімді әрі нәтижелі Үкімет және тәуелсіз әрі ашық сот жүйесін қалыптастыруға жол ашады. Саяси партиялардың рөлі күшейіп, консультативтік институттар дамиды. Сондай-ақ мәслихаттардың ықпалы артып, орталық пен өңірлер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді жүйесі құрылады. Мұның бәрі әртүрлі әлеуметтік және этностық топтардың пікірін ескере отырып, мемлекетке уақытылы әрі салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді», – дей келе, Сенат Төрағасы өңір тұрғындарымен кездесуде алдағы кезеңде бірлесіп атқаратын жұмыстың негізгі бағыттарына назар аударды.

Облыстың белсенді жастарымен кездесуде Мәулен Әшімбаев конституциялық өзгерістер жас буынға өз әлеуеттерін жүзеге асыруға мол мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар ол мемлекеттік бастамалардың табысты жүзеге асырылуы, ең алдымен, азаматтық жауапкершілікке және жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция жастарға үлкен мүмкіндіктер кеңістігін ұсынады. Оның негізінде әділеттілік, заң үстемдігі және тең мүмкіндіктер қағидаттары жатыр. Бұл – әрбір жас азамат өзінің білімінің, еңбегінің және бастамашылдығының арқасында әлеуетін толық жүзеге асыра алатын жағдай деген сөз. Ата Заң жобасында білім, ғылым, мәдениет және инновацияны дамытуға арналған басымдықтар бекітіліп, шығармашылық еркіндік пен зияткерлік меншікті қорғау кепілдіктері қарастырылған. Яғни, дарынды, білімді әрі бастамашыл жастарды қолдау ел дамуының стратегиялық басымдығына айналады. Бұл ретте жастардың өз жауапкершілігін терең сезініп, қазіргі тарихи өзгерістердің ауқымын түсініп, елдің қоғамдық өміріне белсенді араласуы аса маңызды», – деді Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар сапар барысында Мәулен Әшімбаев «ЗИКСТО» ЖШС вагон жасау зауытының және қағаз өнімдерін шығаратын «Рим-ҚазАгро» фабрикасының еңбек ұжымдарымен кездесті.

Одан бөлек, Парламент депутаттары «Мағжан орталығының» және Петропавл қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған №2 коррекциялық мектебінің қызметімен танысты.

Сондай-ақ аталған оқу орнының ұстаздарымен, «Sensitive» есту қабілеті төмен бишілер ансамблімен және өңірдің боччашыларымен кездесті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Наурыз 2026 17:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары