Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашудың берік негізін қалыптастырады Мәулен Әшімбаев

Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашудың берік негізін қалыптастырады Мәулен Әшімбаев

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. Іс-шарада жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары және оларды іске асыру жолында жастардың рөлі талқыланды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz референдум сайтына  сілтеме жасап.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, қазіргі жаһандық тұрақсыздық пен қарқынды технологиялық өзгерістер Қазақстаннан жедел бейімделуді және өзінің тиімді басқару жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысының бастамасымен елдің конституциялық-құқықтық және институционалдық негіздерін жаңғырту үдерісі қолға алынды. Бұл қадамның басты мақсаты – мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз ету және саяси жүйені терең демократияландыру. 

«Жаңа Конституция жобасы – ел болашағының манифесі және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси жүйені жаңғырту бағдарының дәйекті жалғасы. Ата Заң жобасы, ең алдымен, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қағидаттарына табан тіреп, мемлекеттің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайды. Құжатта ұлттық бірегейлікті нығайтуға, мемлекеттік тілді дәріптеуге және патриоттық құндылықтарды қолдауға айрықша мән берілген. Адам капиталы ел келешегінің берік іргетасы ретінде жарияланған Конституция Қазақстанның білім, ғылым және инновацияға негізделген даму жолына түсіп, озық мемлекеттердің қатарына қосылуды көздейтін ұмтылысын айқын көрсетеді. Жалпы, құжаттағы барлық норма – ұзақмерзімді мемлекеттік стратегияларға арналған іргелі құқықтық негіз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу барысында референдум өткізу барлық бағытта жаңа тарихи кезеңнің басталатынын білдіретіні айтылды. Бұл қадам партиялық жүйені, мәслихаттардың әлеуетін және азаматтық диалог институттарын нығайтуға серпін беріп, орталық пен өңірлер арасындағы өзара іс-қимылдың берік әрі тиімді вертикалін қалыптастыруға жол ашады. Конституцияны жаңарту арқылы жаһандық өзгерістерге бейімделу саяси архитектураны ғана емес, қоғамның әлеуметтік негіздерін де терең трансформациялауға қажетті алғышарттарды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев заңнамалық жаңашылдықтарды табысты іске асыру жастардың белсенді қатысуына, олардың білім деңгейіне және ел тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайындығына тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті.

«Жаңа Конституцияның негізгі басымдығы – адам және оның құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау. Конституциялық реформа келешек ұрпақтың өркендеуіне және жастардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретін ұзақмерзімді берік негіз қалыптастырады. Осындай жағдайда жастардың азаматтық жауапкершілігі алдыңғы орынға шығады. Әділетті Қазақстанды құру ісіне белсенді араласу, жаңғырту үдерісіне атсалысу, диалог пен жасампаздық мәдениетін дамыту – уақыт талабы. Бұл жолда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы маңызды бағдар болады. Ол Абайдың «Толық адам» іліміне сүйене отырып, еңбекқорлықты, адалдықты, кәсібилікті, үздіксіз білім алуды және отансүйгіштікті әрбір азамат үшін түбегейлі құндылықтар ретінде дәріптейді», – деді Сенат Төрағасы.

Палата Спикері Сенат жанында бес жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан Сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің қызметіне де назар аударды. Бұл алаңдар әртүрлі саладағы жас мамандардың сараптамалық қабілетін жетілдіруге, кәсіби ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Кездесуде қатысушылар цифрлық құқықтарды қорғау, ғылым мен технологияны дамыту және өзге де өзекті бағыттарға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған іс-шараға жетекші ғалымдар, академиялық қауымдастық өкілдері, мемлекеттік басқару саласының сарапшылары және ЕҰУ оқытушылары мен докторанттары қатысты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 16:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see138

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see136

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see135

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see132

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see126

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see124

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see116

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see115

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see113

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see112

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see108

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see108

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see108

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see107

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see107

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see106

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары