Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституция заманауи мемлекет моделіне өту жолындағы саналы және батыл қадам

Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституция заманауи мемлекет моделіне өту жолындағы саналы және батыл қадам

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мәулен Әшімбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Барлық іс-шара «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналды.

Сондай-ақ кездесулерде Мемлекет басшысы айқындап берген реформалардың басым бағыттары, Ата Заңның негізгі жаңа нормалары және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы бірлескен жұмыс тетіктері талқыланды.

Сенат Төрағасы атап өткендей, конституциялық реформа – айрықша маңызға ие тарихи оқиға және демократияны нығайту жолындағы нақты қадам. Жаңа Конституция – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформалардың тікелей нәтижесі. Бұл өзгерістер саяси институттарды қайта жаңғыртып, Қазақстанның тиімді әрі заманауи басқару үлгісіне кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді.

«Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін ауқымды және кешенді жаңғыртуға арналған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасы "Заң мен тәртіп" қағидатына, азаматтардың мүддесі мен құқықтарына табан тірейді. Жалпы, бұл шешім – заманауи мемлекет моделіне өту жолындағы саналы және батыл қадам. Ата Заңдағы концептуалды өзгертулердің бірі адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілуі екенін атап өткен жөн. Жаңа Конституциядағы дәл осы қағида мемлекеттік құрылымның барлық жүйесінің негізін қалыптастырады», – деп Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарымен бірлесіп атқаратын алдағы ортақ міндеттерді тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы өңірдің өндірістік және ғылыми әлеуетіне ерекше назар аударып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сын-қатерлерге де тоқталды. Сондай-ақ ол жаңа Конституциядағы экологиялық нормалар халықтың денсаулығын сақтауды және кәсіпорындардың жұмысына инновациялық технологияларды енгізуді қамтамасыз ететін стратегиялық маңызға ие екенін айтты.

«Жаңа Конституциядағы экологиялық ережелердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы зор. Алғаш рет табиғатқа қамқорлық таныту мемлекеттің іргелі құндылықтарының бірі ретінде бекітілді. Орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және келер ұрпаққа қамқорлық жасау – Қазақстанның стратегиялық таңдауы. Сондай-ақ бұл – заманауи стандарттарды енгізу, озық технологияларға көшу және экологиялық есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету деген сөз. Бүгінде мемлекет ғылымды, білімді, экологиялық бастамаларды, жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді белсенді қолдап отыр. Дәл осы бағыттар еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мұның бәрі Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырудың жарқын көрінісі екені анық», – деді Палата Төрағасы.

Іс-шараларда жаңа Ата Заң еліміздің ұзақмерзімді тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және серпінді дамуға негіз болатын саяси құрылымды қалыптастыратыны туралы да сөз болды. Жастармен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде конституциялық өзгерістер бүгінгі жаһандық сын-қатерлер жағдайында тиімді жұмыс істейтін саяси жүйе құруға бағытталғаны айтылды. Мәулен Әшімбаев бұл реформалардың сапалы жүзеге асырылуы, жалпы елдің дамуы жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде қатысуына және олардың бастамашылдығы мен кәсіби қабілеттеріне тікелей байланысты екенін де атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еңбекқорлық, кәсіби біліктілік, жасампаздық және үздіксіз білім алу құндылықтарының маңызына үнемі баса мән беріп келеді. Бұл қағидаттар Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасында көрініс тапқан. Ол Абайдың «Толық адам» ілімімен үндесетіні белгілі. Бүгінде жастардың белсенділік танытып, қоғамдық талқылауларға қатысуы, диалог мәдениетін ілгерілетуі және елдің болашағына жауапкершілікпен қарауы аса маңызды. Өйткені, реформалардың табысты жүзеге асуы және Қазақстанның әрі қарай қарқынды дамуы жас буынның ұстанымына тікелей байланысты», – деді Мәулен Әшімбаев. Ол өз сөзінде Сенат жанында бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, сондай-ақ  жас мамандардың талдау қабілетін жетілдіруге бағытталған Сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің қызметіне де тоқталды.

Сапар аясында Сенат Төрағасы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, Өскемен титан-магний комбинатының және «Восток-молоко» корпорациясының ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ Лу Бань шеберханасына ат басын бұрып, «Автомобильдердің SMART-технологиясы» зертханасының қызметімен танысты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 17:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары