Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Жаңа Конституция еліміздің өркендеуіне берік негіз қалайды Коалиция

Жаңа Конституция еліміздің өркендеуіне берік негіз қалайды Коалиция

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сапар өңір халқымен, этномәдени бірлестіктермен кездесуден басталды. Көкшетаудағы «Болашақ сарайында» 400-ге жуық адам – зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері, ақсақалдар, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, басқа да белсенді азаматтар жиналды.

Алқалы жиында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов еліміздегі қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеретін түбегейлі жаңа орган – Халық кеңесінің құрылуына ерекше назар аударды.

– Жаңа Конституция арқылы Халық кеңесі институты құрылады. Ол Қазақстан халқының ортақ мүддесін білдіретін ең жоғары консультативтік орган болады. Ассамблеяның барлық инфрақұрылымы мен бірегей тәжірибесі сақталып, өз жұмысын жалғастырады. Халық кеңесі өңірлерді, азаматтық қоғамды және этномәдени бірлестіктерді біріктіреді. Яғни, халықтың көпэтникалық үні айқындала түседі деген сөз. Осылайша, Ассамблеяның ұзақ жылдар бойы жиған тәжірибесін пайдаланып, өз бетінше заңнамалық күн тәртібін қалыптастыратын біртұтас құрылым қалыптасады, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи мәнге ие екенін, әлемдік ахуал құбылып тұрған уақытта мемлекетіміз табиғи даму кезеңіне аяқ басқанын айтты.

Депутаттың пікірінше, жаһандық өзгерістерге орай, еліміздің орнықтылығын, Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығын және алдағы ондаған жылдар бойы біртіндеп дамуды қамтамасыз ететін берік әрі заманауи құқықтық іргетас қажет.

Жергілікті жұртшылық өкілдері алдағы референдум қоғамды Мемлекет басшысының стратегиялық мақсаттарына біріктіретініне назар аударды. Облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Умар Шоназаров әр азамат үшін Конституцияның маңыздылығын төлқұжатпен салыстыруға болатынын айтты. Егер төлқұжатта адамның жеке деректері көрсетілсе, Конституцияда бүкіл халықтың тағдыры мен болашағы қамтылған.

Коалиция мүшелерінің өңірдегі волонтерлік бірлестіктермен кездесуі де мазмұнды өтті. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өткен жиын облыстық волонтерлер форумының ашылуымен тұспа-тұс келді. Форумға 500-ге жуық адам қатысты.

Кездесуде Мәжіліс депутаты, республикалық волонтерлік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Вера Ким жаңа Конституция жобасында волонтерлік қызметтің маңыздылығына мән берілгеніне тоқталып, жұртшылықты құттықтады.

Депутат атап өткендей, осы арқылы Ата заң жобасында мықты мемлекет тек билік институттары ғана емес, сонымен қатар бір-біріне қолдау көрсетуге дайын адамдарға да арқа сүйейтіні туралы қарапайым, бірақ аса маңызды идея айқын көрініс тауып отыр.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев жаңа Ата заңда адами капиталдың дамуы елдің стратегиялық даму бағыттарының бірі ретінде танылатынын атап өтті. Бұл мемлекет білімге, ғылымға және жас ұрпақтың мүмкіндіктеріне сенім артып отырғанын көрсетеді.

«Eurasia Group Kazakhstan» кәсіпорны алаңындағы ашық диалог барысында Қоғамдық коалиция мүшелері фермерлердің барлық сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде аграрлық сектор өкілдері жаңа Конституция жобасында еңбексүйгіштік, прогресс пен білім мемлекеттің іргелі қағидалары ретінде бекітілгеніне оң пікір білдірді.

Жаңа Конституция жобасындағы еңбек адамының мәртебесі «ENKI» ЖШС керамикалық кірпіш зауытының еңбек ұжымымен кездесуде талқыланды.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Конституцияның жаңа редакциясында қауіпсіз еңбек жағдайлары, лайықты сыйақы төлеу және әлеуметтік қорғау құқығы заңдық негізде бекітілетініне назар аударды.

Одан әрі Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің Ақмола облысының спорт саласының өкілдерімен кездесуі Зеренді ауданының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде өтті. Бұл спорт мектебі заңсыз алынған активтерді қайтарудан түскен қаражат есебінен бой көтергенін айта кеткен жөн.

Бапкерлермен, спортшылармен және секция басшыларымен әңгіме барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында әділеттілік ұғымы алғаш рет мемлекет пен биліктің жаңарған моделінің қағидаларының бірі ретінде бекітілгенін атап өтті. Кездесуде жергілікті спортшылар барлығына тең мүмкіндіктер туғызу, әсіресе, өңірлерден шыққан талантты жастардың дамуы үшін маңызды мүмкіндік екеніне назар аударды.

Ақмола облысының туризм және қолөнер саласы өкілдерімен кездесуде Ата заң деңгейінде табиғатқа қамқорлық, ұлттық мәдениетті қолдау және шығармашылық еркіндіктің ерекше маңызы сөз болды.

Өз кезегінде туризм саласының өкілдері жаңа Конституция жобасында азаматтар мен мемлекеттің міндеттері арасындағы теңгерім қамтылғанына назар аударды. Олар атап өткендей, әрбір қазақстандықтың дербес жауапкершілігі арқылы еліміздің қайталанбас бай мұрасын болашақ ұрпаққа аман жеткізе аламыз.

Кездесулерге қатысушылардың барлығы 15 наурыздағы референдумға қатысып, жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс беруге ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, арнайы жүргізілген сауалнама Қазақстан азаматтарының 78%-дан астамы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын көрсеткен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 21:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары