Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Коалицияның өңірлердегі ақпараттық түсіндіру жұмысы мен қоғаммен диалогты қарқын алды

Коалицияның өңірлердегі ақпараттық түсіндіру жұмысы мен қоғаммен диалогты қарқын алды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Еліміздің барлық аймағында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері жүргізіп жатқан жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Кездесулер облыс орталықтарында, шағын қалаларда және ауылдық округтерде өтіп, еңбек ұжымдарын, студенттерді, ардагерлерді, қоғамдық бірлестіктер өкілдерін және жастарды кеңінен қамтып отыр.

Негізгі миссия – жаңа Конституция жобасы бойынша ашық диалогты қамтамасыз ету, оның негізгі ережелерін түсіндіру және ұсынылып отырған өзгерістерді талқылауға азаматтарды кеңінен тарту.

Мәселен, Қарағанды облысында өткен түсіндіру жұмыстарына Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов қатысты. Кездесулерде реформалардың іс жүзіндегі салдарына басымдық берілген мазмұнды әңгіме айтылды. Коалиция мүшелері бірнеше күн бойы көшпелі кездесулер өткізіп, емханаларда, мектептерде, колледждерде, аула клубтарында болып, еңбек ұжымдарымен жүздесті. 

Жаңа Конституция жобасын талқылау ашық форматта өтті. Қатысушылар өкілеттіктерді қайта бөлу, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселелерін көтерді.

Костанай қаласында негізгі кездесулер академиялық ортада өтті. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылауға арналған іс-шара Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет қабырғасында өтіп, оған 200-ге жуық студент пен оқытушы қатысты. Спикерлер қатарында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев, сондай-ақ қоғам қайраткерлері Бану Нурғазиева, Гүлмира Қапенова және Алмат Досмұхамедов болды. 

 Қатысушылар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады. Сот жүйесінің тәуелсіздігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа ерекше назар аударылды. 

Ұлытау облысы өңірінде талқылау күн тәртібінен тыс тақырыптарды да қамтып, ұрпақтар сабақтастық пен жауапкершілік мәселелеріне ұласты. Коалицияның өңірлік мүшелері ардагерлер қауымымен кездесу өткізді. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков, Ұлытау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Мұрат Қазамбаев және «Ұлытау» телеарнасының журналисі, ақын Мұқағали Сейітқазы қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның ішінде саяси және әлеуметтік-құқықтық өзгерістер түсіндірілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және шешім қабылдау үдерісіне халықтың араласуын арттыру мәселелері талқыланды. Ардагерлер конституциялық өзгерістер кезеңіндегі қоғамдық жауапкершілікті ерекше атап өтті.

Елдің оңтүстігінде салалық диалогқа басымдық берілді. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров, қоғам қайраткері Гулам Умаров және партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Жамбыл облысындағы «ҚазСуШар» мекемесінің ұжымымен кездесті. 

Кездесу барысында жаңа Конституцияның басты басымдығы – адам құқықтары мен бостандықтары екені атап өтілді. Құқықтық кепілдіктерді нығайту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ коалиция өкілдері Жамбыл ауданының Гродеково ауылы тұрғындарымен жүздесті.

Жалпыұлттық коалицияның Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қалалық филиалдарының ақпараттық-түсіндіру тобы өңірдегі жеңіл өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Жанарыс» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. 

Өңірлік коалиция төрағасы Нұрбек Қарасаев ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және адам құқықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті. Коалиция мүшелері Жаңбырбай Матаев, Нұри Тумышев адам құқығы мен бостандығына Конституция деңгейінде берілген кепілдіктер, мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту нормалары туралы баяндады.

Коалицияның ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әртүрлі әлеуметтік топтар мен өңірлерді қамтып отыр. Негізгі басымдық – талқылаудың ашықтығы, ұсынылып отырған өзгерістердің айқындығы және халықты кеңінен ақпараттандыру.

Өңірлердегі жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Коалиция әділетті және прогрессивті Қазақстан құндылықтары төңірегінде қоғамды топтастыруға және сындарлы қоғамдық диалогты дамытуға бағытталған жұмысты жалғастыра бермек. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 12:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see144

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see139

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see137

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see133

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see131

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see130

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see130

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see124

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see124

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see117

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see115

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see115

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see114

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see110

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары