Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Республикалық референдум – елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші кезеңі. Бәріміздің ортақ болашағымызға қатысты шешім қабылданатын сын сағатта дауыс беруден шет қалмау – әрбір қазақстандық үшін маңызды борыш. Осы орайда, қоғам өміріндегі айтулы өзгерістерге қатысты түрлі саланың өкілдері өз пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың ішінде өнер майталмандары мен спортшылар, шығармашылық иелері де бар.

Белгілі эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасов әлеуметтік желіде Конституциялық реформа туралы ойын білдіре келе, бұның еліміздің дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, мәдениет пен өнер саласының еркін өркендеуіне де мүмкіндік ашатынын жазды. 

«Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды сақтап, заманауи шығармашылықпен ұштастыру – ортақ міндетіміз», деді әнші.

Танымал актер Ерболат Төлеген әлеуметтік желіге бөліскен бейнежазбасында 15 наурызда өтетін республикалық референдум Қазақ елі, өскелең ұрпақ үшін маңызы ерекше, атаулы күн екенін айтты.

«Қадірлі достар, заман өзгеріп жатыр, соған байланысты біздің Конституциямыз да жаңарып жатыр. Осы тұста референдумға қатысу – әрбір Қазақстан азаматының борышы екенін еске салғым келеді, осы күннен қалыс қалмаңыздар», деп мәлімдеді ол.

Театр және кино актері Еркебұлан Дайыров еліміз үшін маңызды шешім қабылданатын референдум күні жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әр азаматтың жауапкершілігі екенін жеткізді. «Мен өз таңдауымды жасаймын. Мен барамын!» деп жазды ол.

Жазушы Бейбіт Сарыбайдың айтуынша, референдум – тек дауыс беру күні ғана емес, елдің келешегін айқындайтын маңызды саяси акт, әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы.

«Біз үшін ең қымбат нәрсе – еліміздің болашағы, тыныштығы мен дамуы. 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өтеді. Бұл біздің әрқайсымыз үшін үлкен жауапкершілік пен азаматтық міндет. Біздің таңдауымыз – елдің құқықтық негізіне, азаматтық қоғам мен демократия негіздеріне сеніміміз бен болашағымызға жасалған үлес. 15 наурызда келіп, өзіңнің азаматтық ұстанымыңа сай шешім шығар! Бірге келешегімізді қалыптастырайық», деп жазды ол.

Сонымен қатар Бейбіт Сарыбай бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатқан уақытта, елдің келешегі үшін өз таңдауыңды жасау – өзіңнің идеяң мен көзқарасыңды білдірудің нақты жолы екенін, референдумда әр дауыс маңызды, әр пікір құнды болатынын еске салды.

Еліміздің спорт саңлақтары да Конституциялық реформаларды талқылаудан шет қалмады. Олимпиаданың қола жүлдегері, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев спортта да, өмірде де жетістікке жетудің кілті – жауапкершілік пен тәртіп екенін тілге тиек етті.

«Әрбір спортшы үшін көк туды желбірету – Отан алдындағы жоғарғы марапат. Олимпиада татамиінде бүкіл халықтың демін сезінесің. Бұл сені табанды болуға, ережені сақтай отырып күресуге және жеңіс үшін бар күш-жігеріңді салуға міндеттейді. Шынайы жеңіске темірдей тәртіп пен спорт ережелеріне құрметпен қарамай жете алмайсың. Әділ бәсеке мен жүйелі тәртіп қана әлемдік деңгейде мойындалуға жол ашады. Әрбір белдесу команданың нәтижесі, әр спортшының жігері мен үлесіне байланысты екенін ұғындырады. Ел ішіндегі басты жетістіктер де ортақ тәртіптен басталады. Алдағы референдум – бүкіл Қазақстан үшін әділ қағидаларды бекіту мүмкіндігі. Біздің болашағымыз – өз қолымызда!» деп жазды белгілі спортшы.

Әлемдік додада Қазақ елінің қоржынына жүлде салып жүрген тағы бір танымал дзюдошымыз Әбиба Әбужақынова да алда келе жатқан референдумның маңызы жайында ойымен бөлісті. Ол өз сөзін өмірдегі күрес татамидегі белдесуге ұқсайтынынан бастады.

«Дзюдодағы жеңіс татамидегі әдіс жасаудан емес, ережені жақсы білуден басталады. Әлемдік рейтингке бастар жолда кездейсоқтық болмайды. Әрбір әдіс, әрбір қимыл сансыз жаттығудың және шешуші сәтте толық жауапкершілікті өз мойныңа ала білудің нәтижесі. Татамиге шыққанда артыңда миллиондаған үміт тұрғанын сезесің. Ол саған соңына дейін күресуге күш береді. Үлкен спортта табыс өзіңе адал болып, таңдаған жолыңа берік болудан басталады», деген спортшы былайғы өмір де дәл сондай жауапкершілікті талап ететінін айтты.

«Сондықтан алдағы жаңа Конституция бойынша референдум – баршамыз үшін маңызды таңдау сәті. Негізгі заңға енгізілген өзгерістер әр азаматқа әділ мүмкіндік беріп, жастардың құқығын қорғауға бағытталған. 15 наурызда мен еліміздің болашағын қорғап, осы реформаларды қолдап, референдумға қатысамын», - деді Ә.Әбужақынова.

Қазақтың маңдайына біткен шахматшы қызы Бибісара Асаубаева да референдумнан тыс қалмайтынын аңғартып: «Мен Қазақстан атынан өнер көрсететін спортшы ретінде ілгері дамитынымызға сенемін, сондай-ақ еліміздің тұрақтылығы мен келешегіне бағытталған реформаларды қолдаймын», деп жазды.
 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 13:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары