Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Өнеркәсіп тағдырын адам шешеді

Өнеркәсіп тағдырын адам шешеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазір Қазақстанда бір мезетте бірнеше ірі мұнай-химия жобасы қолға алынған. Мұндай құрылыс пен өндіріс үшін білікті инженер-техник мамандар ауадай қажет. Бірақ ондай маманды қайдан табамыз?

Осы мәселені шешу үшін биыл шілдеде «ҚазМұнайГаз» испаниялық Tecnicas Reunidas (TR) компаниясымен бірігіп, жастарды оқытатын төрт жылдық бағдарлама бастады. Жоба аясында еліміздегі техникалық университеттердің 140 түлегі Испанияда білім алады. Алғашқы лекке өткендердің жартысы – Атыраудың жастары. Бағдарлама құрылымы мынадай: үш ай онлайн оқиды, үш ай Мадридте іс-тәжірибеден өтеді. Барлық шығынды TR компаниясы көтереді. Кейін бұл мамандар компанияның түрлі елдердегі жобаларына қатыса алады, соның ішінде Атырау облысындағы «Силлено» зауытының құрылысында да еңбек етеді.

Мұндағы ең маңыздысы – жастардың Еуропа тәжірибесін ғана емес, халықаралық инженерлік стандарттарды меңгеріп келетіндігі. Олар жобаны басқарудан бастап, технологиялық жобалау мен іске асыруға дейін толық дағдыланады. Бұл елімізге зор мүмкіндік туғызып отыр.

Себебі елге оралған бұл жастар – жай инженер емес, әлемдік тәжірибесі бар кәсіби мамандар. Ал ондай кадрларды елде ұстап қалу – мемлекет пен компаниялардың ортақ мүддесі. Себебі шетелде жалақысы жоғары, жобасы ірі ұсыныстар көп болуы мүмкін.

Осы тұста «Силлено» жобасының серіктесі – СИБУР-дың Ресейдегі тәжірибесі үлгі боларлық. Олар өз экожүйесін қалыптастырған: корпоративтік университет, оқу орталықтары, университеттермен серіктестік, кадр көшіру бағдарламалары. Мысалы, Тобольскіде салынған «ЗапСибНефтехим» жобасына өз өндіріс орындарындағы мамандар тартылса, бүгінде сол мамандар Амурдағы ірі газ-химия кешенін салып жатыр. Бұл – ірі өндірістік жоба өз кадрын өзі қалыптастыратын орта бола алатынының айқын дәлелі.

«Силлено» бұл бағытта алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Бірақ жобаның даму бағыты енді тек зауыт салумен шектелмейді – ол жаңа буын инженерлерін тәрбиелеуге бет бұрды. Назарбаев университеті мен Сәтбаев университеті секілді отандық оқу орындары нақты өндірістік дайындық тізбегіне тартылып жатыр. Ал жас мамандар халықаралық стандартта жұмыс істеу тәжірибесін алады. Бұл – экономикаға ұзақ мерзімді серпін беретін игілік.

2025 жыл – елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осы тұста «Силлено» жобасының алғашқы инженерлері Испанияға аттанды. Бұл сәйкестік символдық мәнге ие. Бірақ мұнда пафос емес – салқынқанды есеп, нақты мақсат басым. Себебі мұнай-химия – жаһандық ойыншылар билеген сала. Ал Қазақстан солармен тең деңгейде сөйлесуі үшін, инвестициямен қоса, Мадрид, Мәскеу, Бейжің немесе Хьюстондағы серіктесімен ортақ тіл табыса алатын кәсіби маман керек.

Зауытты салу – бірнеше жылдың шаруасы. Ал сондай жобаларды алып жүретін инженерлер буынын қалыптастыру – кемі бір ұрпақтың еңбегі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 17:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары