Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

Ашура күні туралы не білеміз

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

Түрік поп музыкасының қазаққа таныс үш хит әні

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

Абайды көрген кісі

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

Қыз Жібекке түсуге Ғабит Мүсірепов рұқсат бермеген: Раиса Мұхамедиярова туралы не білеміз?

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

Жылу соққысы: алғашқы белгілері және алғашқы көмек, аптап ыстықта адамды қалай құтқару керек

Ақтөбеде караоке клуб ғимараты өртенді

Теңіз тағдырын шешетін маңызды шақ

Теңіз тағдырын шешетін маңызды шақ

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қоғам мәселелерімен қатар, еліміздің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін нақты міндеттерді жүктеді. Оның ішінде Құрылтайдың Қызылордада өткізілуінің маңызына айрықша тоқталып, өңірдің ел тарихындағы орны мен нақты нәтижелер аймағы ретінде бағаланатынын атап өтті.

Өз кезегінде Қызылорда халқы, оның ішінде Арал өңірі тұрғындары құрылтайдан теңіз тағдырына қатысты оң өзгерістер күт­кені жасырын емес. Келелі кеңесте Президентіміз де теңіз мәселесін айналып өт­педі. Бұл ретте Мемлекет басшысы: «Қыз­ылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқ­талмай кету мүмкін емес. Аралды құт­қару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Мен бұл мәселе туралы халыққа Жол­дауымда айттым. Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, Кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды», – деген болатын. 

Сонымен қатар Президент Көкарал бөгетіне қатысты жайтты да айтты: «Қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында бас­талады. Кіші Арал суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады.

Бірақ бұл тек біздің қолымызда тұрған мәселе емес. Қазақстандағы ірі өзендердің көбі бастауын көрші мемлекеттерден алады. Дарияның басында тұрған елдердің су саласындағы саясатына байланысты Сырдың суы теңізге әр кезде әртүрлі көлемде жетеді. Демек, көп түйткілдің шешімі су саласындағы шебер дипломатияға байланысты. Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды. Түптеп келгенде, Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет», – деп шегелеп өткен болатын.

Негізінен, Арал өңірінің экологиялық ахуалы әлемдік мәселеге айналып тұрғаны хақ. Бұған дейін де теңіз түйткілін түбегейлі шешу мақсатында бірқатар халықаралық шаралар қолға алынғанымен, әлі де толғақты мәселе тақырыбынан түсер емес. Ел ішінде экологиялық дағдарыс салдарынан Арал халқының денсаулығы сыр беріп, аурушаң­дық белгілері ұлғая түскені жиі айтылып жүр. Теңізді қайта қалпына келтіру мақсат­ында Аралды құтқару қоры құрылып, қор жұ­мысын үш жыл сайын Орталық Азия елдері үйлестіретін болып келісілгені де мә­лім. Дейтұрғанмен, гидрологиялық жүйе­нің теңсіздігінен 60 жылдан астам уақыт бойына Арал тағдырынан қатысты мәселеге нүкте қойылмай тұр.

Бұл тұрғыда «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы тарапынан «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасын жүзеге асыруға Дүниежүзілік банк тарапынан  64 млн АҚШ доллары бөлініп, ауқымды жұмыстар жүргізілгенін мәлімдейді. Нәтижесінде, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалумен бірге, өңірдің экологиялық және экономикалық жағдайы едәуір жақсартуға негіз қаланғаны айтылады.

«Солтүстік Арал теңізі аумағын ұлғайтудың нұсқалары (бірдеңгейлі, екідеңгейлі) бойынша келіспеушілікке байланысты жоба жұмыстары бүгінге дейін созылып келді. Мемлекет басшысының 2019 жылғы облысқа жасаған жұмыс сапары аясында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңін іске асыруды тапсырған болатын. Дүниежүзілік банк тарапынан бөлінген 1,5 млн АҚШ доллары қайтарымсыз гранты есебінен 2020 жылдан бастап  «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары басталды», – деп мәлімдейді инспекция.

Былтыр Арал өңірінің халқы да теңізді қалпына келтіруге бағытталған жобаға өз үнін қосты. Соның негізінде халық тара­пынан бірдеңгейлі нұсқаға қолдау танытқандар қарасы бой көрсетті. Соған орай 2025 жылдың басында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен осы жобаны жан-жақты талқылау мақсатында облыс халқымен арнайы кездесулер өткізілгені мәлім. 

Жобаны талқылау барысында Арал ауданы­ның тұрғындары тарапынан бірдең­гейлі нұс­қа­ға қолдау білдірген. Бұл бірдеңгейлі нұсқа бойынша Көкарал бөгетін балтық жүйесі бойынша 48 метрге дейін емес, 44 метрге дейін биіктету мәселесі бойынша шешім қабылданған. Осы арқылы сулы­лықтың болжамын ескере отырып, ТЭН жобасында негізгі нұсқа ретінде Көкарал бө­ге­тін бар­ын­ша биіктету жолымен бірдең­гейлі су айды­нын құру, яғни қолданыстағы Көкарал бөгетін балтық жүйесі 42 метрден 44 метрге (2 метр) биіктету қарастырылады.

Жалпы, кейінгі кездері теңіздің күйі қаша бастағаны жайында ақпарат ел ішінде желдей есіп тұр. Бұған қоса, Сырдария өзенінің мүшкіл халі, әсіресе вегетация кезеңіндегі жағдайы көп жылдан бері көпті толғандырып келеді.

«2022 жылдың қазан айында Кіші Арал теңізінің су көлемі 18,5 млрд текше метрге азайған болатын. Қазір су деңгейінің көлемі 22,8 млрд текше метрге дейін ұлғайды. Ал 2025 жылдың маусым, шілде, тамыз айларында Арал теңізіне орташа есеппен түскен су секундына 15 текше метр болды. Негізінен, теңізге 2024 жылы 2,6 млрд текше метр су түссе, 2025 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін Кіші Арал теңізіне түскен су көлемі 1,8 млрд текше метр құрады. Ал былтырдан 821 млн текше метр су аз түскені нақтыланды», – дейді Арал аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміндегілер.

«Тұран ойпаты-Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі Арал өңіріндегі теңіз мәселесін ұдайы қаузап жүрген ұйым саналады. Бір­лестік тарапынан тартылған теңіз тағдырына алаңдаушылық танытып, түрлі басқосу ұйымдастырылып тұрады. Соның негізінде Арал проблемасын еңсерудің тиімді тетіктерін талдап, әрдайым құзырлы орындарға жеткізіп келеді. 

Жыл басында Қызылордадағы Құрыл­тайда көтерілген теңіз мәселесіне қатысты тұжырым тұрандықтарды да бейжай қал­дырмады. Бұл жайында бірлестіктің атқарушы директоры өзіндік үн қосты. 

Негізінен, БҰҰ аясында үлкен су хабын құруға қол жеткізе алсақ, Арал теңізін қор­ек­тендіріп тұрған жалғыз артерия-Сырдария суынан тиесілі лимитімізді түгел алуымыз мүмкін. Сондай-ақ Астана саммитіне де артар үмітіміз зор. Аралды құтқару қорына бұрынғыша Қырғызстан мемлекеті де мүше болса,  мемлекеттер су мәселелерін бірлесе шешер еді. Президенттің «Қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады. Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ бұл тек біздің қолымызда тұрған мәселе емес», – деп бөгет құрылысының тезірек басталуына да алаңдаушылық білдіріп, мәселенің су саласындағы шебер дипломатияға байлан­ысты екенін атап өтуінде үлкен мән бар. Ендігі кезекте Президент көтерген Арал мәселесін тиісті жауапты органдар іске асыру­ға тиіс. Бұл тұрғыда тек Сыр суына ғана тәуелді болмай, Солтүстік өңір сулары мен атмосфералық ылғалға да назар аударған жөн болар еді. Су стратегиясын қатаң бақылау – бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі.

Негізінен, мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Солтүстік Аралды қалпына келтірудің екінші кезеңін жүзеге асыру жобасы аясында Көкарал бөгеті қайта жаңғыртылатыны айқын. Бұл теңіз деңгейін жоспарлы межеге жеткізуге мүмкіндікті арттырады деген болжам бар. Яғни, бөгетті биіктету арқылы теңіз ауданын ұлғайту көзделуде. Соған орай Көкарал бөгетін биіктету жобасы осы жылдың соңында бастау алады деп жоспарланып отыр. 

Жалпы, бүгінде құрғаған теңіз ұлтанын тіршілік нәріне толтыру барша адамзат тағдыры үшін маңызды міндет болып тұр. Сондықтан да  Құрылтайда көтерілген маңызды міндеттер межеге сай жүргізілсе, өңірдің экологиялық ахуалы мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуына жол ашары сөзсіз.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 05:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

24 Маусым 2026 17:52see116

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

24 Маусым 2026 20:52see114

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

24 Маусым 2026 14:59see114

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

24 Маусым 2026 09:53see113

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

24 Маусым 2026 12:05see113

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

24 Маусым 2026 09:36see112

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

24 Маусым 2026 17:31see111

Ашура күні туралы не білеміз

24 Маусым 2026 18:46see111

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 Маусым 2026 11:01see110

Түрік поп музыкасының қазаққа таныс үш хит әні

24 Маусым 2026 09:38see110

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

25 Маусым 2026 12:49see110

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

24 Маусым 2026 09:42see110

Абайды көрген кісі

25 Маусым 2026 09:01see110

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

25 Маусым 2026 09:01see109

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

24 Маусым 2026 22:40see109

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

26 Маусым 2026 00:16see109

Қыз Жібекке түсуге Ғабит Мүсірепов рұқсат бермеген: Раиса Мұхамедиярова туралы не білеміз?

24 Маусым 2026 09:38see109

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

25 Маусым 2026 14:17see109

Жылу соққысы: алғашқы белгілері және алғашқы көмек, аптап ыстықта адамды қалай құтқару керек

24 Маусым 2026 08:48see108

Ақтөбеде караоке клуб ғимараты өртенді

24 Маусым 2026 14:46see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары