Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Мәжіліс ғалымдардың көптен көтерген мәселелерін шешетін заң жобасын қарайды

Мәжіліс ғалымдардың көптен көтерген мәселелерін шешетін заң жобасын қарайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Айта кетейік, 10 сәуірде Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында отырыстың күн тәртібі нақтыланған еді. Соған орай алдымен депутаттардың қарауына бірінші оқылымда «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен ұсынылады. Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева бұл құжатты өткен жылдың желтоқсанында Мәжілісте таныстырған болатын.

- Заң жобасы агенттікке танылатын кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеу және қадағалау бойынша өкілеттіктер беруді, тану және қадағалау рәсімдерін регламенттеуді, кредиттік рейтингтік агенттіктердің жауапкершілігін арттыру үшін құқықтық негіз құруды, жергілікті рейтингтік агенттіктің пайда болуы үшін жағдайлар жасауды және реттеуді халықаралық стандарттармен үйлестіруді көздейді, - деген еді ол.

Заң жобасы рейтингтік қызметтің құқықтық және институционалдық негіздерін қалыптастыруға, рейтингтік қызметтердің жергілікті нарығын дамыту үшін жағдай жасауға, сондай-ақ кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат арқылы рейтингтік қызметті реттеудің адалдық, жұмыстың сапасы мен ашықтығы қағидаттарын бекітетін кешенді нормаларды енгізу, агенттіктердің әдіснамасы мен капиталына қойылатын талаптарды бекіту, сондай-ақ халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану, осы саладағы мүдделер қақтығысын басқару және мемлекеттік қадағалау мәселелерін реттеу қарастырылады.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сонымен қатар депутаттарға екінші оқылымда ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қарастыру ұсынылады. Бұл құжатты Мәжіліс осы жылдың 25 ақпанында бірінші оқылымда мақұлдады. Сол кезде заң жобасын таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов ғылыми жобаны бастау мерзімі нақты сол келісімшарт басталған күннен белгіленетінін айтты. 

— Ғалымдарымыздың 10 жылдан астам уақыт көтерген проблемасын шешетін нормалар енгізіліп отыр. Бүгінде ғылымды қаржыландыруда үлкен мәселе бар. Ғылыми гранттар негізінен үш жылға, яғни 36 айға жоспарланады. Алайда, конкурстық рәсімдердің созылуына байланысты іс жүзінде ғылыми жоба алғашқы жылы қаңтарда емес, жылдың соңына қарай басталады. Соның салдарынан ғалымдар зерттеуді толық үш жыл емес, шамамен 2 жыл ғана жүргізеді. Ал бұл ғалымдардың қолына түсетін қаржыландыру көлемінің де қысқаруына әкеліп отыр, — деді депутат.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, депутаттар ұсынған нормаларға сәйкес, ғылыми жобаны бастау мерзімі автоматты түрде қаңтар айынан емес, нақты сол келісімшарт басталған күннен бастап белгіленеді.

— Сәйкесінше, ғалымдар енді бөлінген қаражаттың 70-80 пайызын ғана емес, толығымен 100 пайызын алып, жоспарланған уақытты да 100 пайыз пайдаланып, сапалы зерттеу жүргізуге мүмкіндік алады, — деді ол.

Заң жобасы ғылым мен инновацияның ұзақ мерзімді және тұрақты дамуы үшін тиімді құқықтық база құруға бағытталған. Атап айтқанда, ғылыми және технологиялық ресурстарды шоғырландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылым саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, оның ішінде оның ішінде ғылымды қажет ететін аумақтарды құру мен дамыту арқылы инвестициялық тартымдылықты арттыру мәселелерін реттеу тетіктері көзделеді.

Коллаж: Kazinform / Canva

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы жалпы отырыста депутаттар «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілген түзетулерді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның жаңа редакциясы және еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери мүлік пен персоналды екі елдің әуе кеңістігі арқылы транзиттеу туралы келісімді ратификациялады.

Психологиялық қызметке қатысты заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Айна Мысырәлімованың айтуынша, құжатта алғаш рет психолог ұғымы нақты айқындалып, психологиялық қызметпен кімдердің айналыса алатыны белгіленеді.

Психологтердің кәсіби біліктілігі мен біліміне қойылатын нақты талаптар енгізіледі. Сонымен қатар кәсіби құпияны сақтау, этикалық нормаларды ұстану және манипулятивтік әдістерді қолдануға тыйым салу сияқты қызмет қағидаттары бекітіледі. Одан бөлек, психологтердің және қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалады.

— Қызмет сапасын арттыру мақсатында стандарттау, кәсіби жауапкершілікті күшейтуге бағытталған нормалар қарастырылған. Сондай-ақ психологиялық қызметтің нысандары мен әдістері белгіленеді. Мысалы, психолог өз қызметі аясында психодиагностика жүргізуге, кеңес беруге, психокоррекциялық әдістерді қолдануға, оңалту, дағдарыстан шығу көмегін көрсетуге құқылы, — деді А. Мысырәлімова.

Фото: сәтпаев қаласының әкімдігі

Ал «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бойынша сөз алған депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, итті ұстап, стерилизациялап, вакцинациялап, қайтадан ортаға қайтарудың өзі автоматты түрде олардың санын азайтпайды, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді, адамды қорғамайды. Егер мемлекет популяцияны толық бақылауды, жаппай вакцинацияны, сәйкестендіруді және қатаң әкімшілендіруді қамтамасыз етпесе, онда мұндай модель қоғам қауіпсіздігіне қарсы жұмыс істей бастайды. 

— Бұл заң жобасы эмоциялық емес, жүйелі қайта қарауды ұсынады. Ол жануарларға қарсы бағытталмаған. Ол бүгінгі проблеманы туындатқан құқықтық бейберекетсіздікке, жауапсыздыққа, басқарушылық дәрменсіздікке қарсы бағытталған. Біріншіден, бұралқы иттерге қатысты базалық тәсіл өзгереді. Заң жобасының ең негізгі түзетуі — бұралқы иттерге қатысты оларды қайтадан ортаға қайтару моделінен қайтарымсыз аулау моделіне көшу. Бұл — қағидатты мәселе, — деді Еділ Жаңбыршин.

Сондай-ақ Мәжіліс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен ілеспе құжатты екінші оқылымда қарап, қабылдады. 

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметіне қарағанда, құжаттың негізгі міндеттерінің бірі — сервистік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет моделіне көшу, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді, сондай-ақ HR-процестерді цифрландыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілерге және олардың лауазымдық міндеттеріне қойылатын талаптар айқындалды. Олардың ішінде — қазақстандық патриотизм, кәсібилік, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік.

Ал Мәжіліс ратификациялаған Түркиямен арадағы келісімге 2024 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылды.

Фото: Алматы әкімдігі

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтың айтуынша, құжат екі мемлекеттің әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзиті үшін құқықтық негіз жасау және шарттарды реттеу мақсатында рәсімделді.

- Транзит екі мемлекеттің уәкілетті органдары беретін бір жылдық немесе бір реттік рұқсат негізінде жүргізіледі. Бұл тұрғыда әскери әуе кемелеріне арналған бір жылдық дипломатиялық рұқсат, сондай-ақ бір жылдық рұқсаттарға енгізілмеген әуе кемелерінің ұшуына арналған біржолғы рұқсат ескерілген. Рұқсаттарға сұрау салулар белгіленген мерзімдерде дипломатиялық арналар арқылы беріледі. Бұл ретте, әрбір мемлекет транзитке кез келген рұқсат беру туралы сұрау салудан бас тарту, сондай-ақ егер Тараптардың бірі әскери мүлік пен персоналдың сұралатын транзиті осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келмейді немесе ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп есептесе, берілген рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады, — деді ол.

Жалпы отырыс соңында депутаттар өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға 10 депутаттық сауал жолдады. Мәселен, Нартай Сәрсенғалиев мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды. Темір Қырықбаев агроөнеркәсіптік кешен саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары