Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Мұғалім оқу процесінен тыс уақытта оқушыға жауапты болмайды Мәжіліс заң жобасын қарайды

Мұғалім оқу процесінен тыс уақытта оқушыға жауапты болмайды Мәжіліс заң жобасын қарайды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алдымен депутаттар Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда қарайды. Заң жобаларын депутаттар Мемлекет басшысының педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамалық деңгейде күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірледі. Атап айтқанда, білім алушылар үшін педагогтердің жауапкершілігін тек оқу процесі кезімен шектеу, сонымен бірге балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін кеңейту ұсынылады.

Бұған қоса нормалар есептіліктің қағаз және электрондық форматтарда қайталануын болдырмайды және медициналық білім беру жүйесін жетілдіреді.

Сондай-ақ Мәжіліс атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Депутаттар бастамашы болған құжат азаматтардың құқығын қорғауға, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының кәсібилігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Заң жобасы депутаттардың 2025 жылы жеке сот орындаушылары институтын дамытуға арналған Үкімет сағаты барысында дайындаған ұсынымдарын ескере отырып әзірленді. Атап айтқанда, өндіріп алу шегін 20-дан 40 АЕК-ке дейін ұлғайту арқылы атқарушылық құжаттардың жекелеген санаттары (айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу) бойынша оңайлатылған іс жүргізудің қолданылуын кеңейту көзделеді.

Фото: Polisia.kz

Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау мақсатымен борышкерді қоныс аударудың белгіленген күнінен кемінде он күнтізбелік күн бұрын хабардар ету, сондай-ақ бітімгерлік келісім жасалған кезде атқарушылық іс жүргізуді бір айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру ұсынылады.

Мұнан бөлек, депутаттар екінші оқылымда арнаулы мемлекеттік органдардың қызметі мәселелері туралы заң жобасын және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді қарайды. Бұл құжатта Мәжіліс 1 сәуірде бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Сол кезде Мәжіліс депутаты Болат Керімбек заң жобасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткеру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатын көздейтінін айтты.

Сонымен қатар, заң жобасында ұлттық қауіпсіздік органдарының дағдарыстық жағдайлар туындағанда, төтенше және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген кезде әрекет ету құзыретін нақтылау ескерілген. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау жағдайын күшейту көзделген. Осы мақсатта заңда «мемлекеттік құпияларды қорғау деңгейінің төмендеуін» ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіптердің бірі ретінде бекіту ұсынылды. Бұдан бөлек, экстремистік және террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және таратуға заңнамалық тыйым салудан басқа, заң жобасы оларды сақтауға қосымша тыйым салуды енгізуді ұсынады. 

Фото: Әли Ғалым, Талғат Таныбаев

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатты таныстырған депутат Екатерина Смышляева заң жобасы жергілікті халықтың жиын өткізу талаптарын регламенттейтінін айтты.

– Жиын өткізуге бастама көтерушілер үшін хабарлама тәртібі енгізіледі. Аумақтық кеңестердің құрылу тәртібі мен функциялары нақтыланды. Бұған дейін аумақтық кеңестер туралы норма іс жүзінде жұмыс істемей, қолданылмай келген. Бұл ірі ауылдар мен қала тұрғындарының басқаруға көбірек қатысуына мүмкіндік береді, - деді ол.

Мәслихат депутаттарына мынандай уәкілеттіктер берілмек:

– Депутаттар әкімнің халықпен кездесуінен кейін қабылданған жоспардың орындалуын бақылауға қатысады;

– Депутаттарға бюджетке түзетулер енгізуді бастамашылық ету, бюджет комиссиясының жұмысына қатысу және басқа да мүмкіндіктер беріледі;

– Мәслихаттардың коммуналдық объектілерді басқаруға қатысуы кеңейтіледі;

– Мәслихат депутаттарының депутаттық сауалдары енді ашық түрде жария етіледі;

– Мәслихат депутаттарының іссапар шығындарын өтеу қарастырылған.

Палата Қазақстан Үкіметі мен Оман Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды да қабылдады.

Фото: Kazinform

Құжатты Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Қазақстан бұған дейін негізгі инвестор елдермен дәл осындай 55 салықтық келісім жасасқанын айтты.

- Оманмен келiсiм осы жұмыстың жалғасы болып есептеледі. Келісім қосарланған салық салуды жою және салықтық кемсітушілікті болдырмау арқылы технологиялар мен дағдылар трансфертіне ықпал етеді. Келісім салықтық мақсаттарда ақпарат алмасу үшін де заңнамалық негіз болады, - деді ол.

Келісім мынандай мәселелерді реттейді:

- салық салу мақсатында резиденттікті анықтау;

- тұрақты мекеме құру;

- салық салуға жататын табысты бөлу (дивидендтер, пайыздар, роялти, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс және т.б.);

- салық салуда кемсітуге жол бермеу;

- екі мемлекеттің уәкілетті органдары арасындағы өзара келісім механизмі;

- салықтық ақпарат алмасу тәртібі;

- жеңілдіктерді шектеу туралы баптар.

Депутаттар қабылдаған келесі Заң Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауар транзитін навигациялық пломба арқылы бақылауға арналған.

Фото: Kazinform

Заңды таныстырған Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов бұл құжат Қазақстанның транзит әлеуетін арттырып, салаға тәртіп орнататынын айтады.

- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісім – ұйым аясындағы транзитті реттейтін үшінші маңызды халықаралық шарт. Ол кедендік транзиттің бірыңғай жүйесінің негізгі қағидаттарын айқындап, үшінші елдермен халықаралық шарттар жасасу талаптарын белгілейді, - деді вице-министр.

Жалпы отырыс күн тәртібіне шығарылған мәселелер қаралып болғаннан кейін депутаттар мемлекеттік органдарға өзекті әлеуметтік және экономикалық тақырыптар бойынша 14 депутаттық сауал жолдады. Мәселен, Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрландыру министрі Жаслан Мәдиевке «KazSat-3» спутнигінің тағдыры туралы қайта сауал жолдап, 153 млрд теңгені үнемдеу үшін автономды байланыс арнасынан бас тартпауды сұрады.

Фото: «РҒБО» АҚ

— Былтыр желтоқсанда жарияланған «KazSat-3-R» спутнигін құру туралы конкурс стандарттары мемлекеттік сатып алу қағидалары бойынша жүргізілді. Бірақ бұл форматта шетелдік шетелдік компаниялар тендерге қатыса алмайды. Бұл технологиялық тұрғыдан ескірген, бағасы негізсіз көтерілген өнімді алу қаупін тудырады. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама шеңберінде «KazSat-3-R» конкурсын ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшыларды тарту тетіктерін қарастыруды ұсынамыз. «KazSat-3-R» спутник жобасын спутник интернетпен жабдықтауды ұсынамын, — деді депутат.

Ал Мархабат Жайымбетов ірі ойын-сауық орталықтарының балаларға арналған ойын алаңдары үстіңгі қабаттарда екеніне, бұл орталық иелеріне тиімді болғанмен балалардың қауіпсіздігіне кері әсер ететіндігіне алаңдаушылық танытты.

Серік Ерубаев Премьер-министр Олжас Бектеновтен Ирандағы әскери операциялар кезінде Таяу Шығыста қалып қойған қазақстандық туристерді елге әкелу бюджетке қанша шығын әкелгенін сұрап, сауал жолдады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 08:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары