Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Үш буын: кешеден келешекке

Көкшетауда рұқсатсыз салынып жатқан 9 қабатты үй сүріледі

Көкшетауда рұқсатсыз салынып жатқан 9 қабатты үй сүріледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қаланың «Сарыарқа» шағын ауданында рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үй сүріліп тасталатын болды. Сот ғимарат құрылысы заң талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілгенін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін сот «MAG GROUP KZ» ЖШС-не тиесілі салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үйді бұзу туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының (ГАСК) талабын қанағаттандырған еді.

Сот материалдарына сәйкес, «MAG GROUP KZ» ЖШС Көкшетау қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізген. Алайда, прокуратура жүргізген тексеріс деректеріне қарағанда нысандағы құрылыс жұмыстары ешқандай рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген болып шықты. 

Осыған байланысты прокуратура мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының атына тиісті ұсыныс енгізген. Ал 2026 жылдың мамыр айында компания мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауына тиісті хабарлама жібермей, сараптамадан өтпеген жобалық-сметалық құжаттама негізінде құрылыс жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Атап айтқанда, серіктестікке Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабының 1-бөлігі және 463-бабының 1-бөлігі бойынша шара қолданылған.

Бұдан бөлек, құзырлы мемлекеттік орган сотқа жүгініп, заң талаптарын бұза отырып салынған нысанды сүруді талап еткен.

Бірінші сатыдағы сот істі қарау барысында тұрғын үй құрылысы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң талаптарын бұза отырып жүргізілгенін анықтады. Нақтырақ айтқанда жобалық-сметалық құжаттама қажетті сараптамадан өтпегені, құрылыс жұмыстары техникалық қадағалаусыз жүргізілгені, авторлық қадағалау болмаған. Сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметіне тиісті хабарлама да берілмеген болып шықты, - дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Осы деректердің негізінде сот мемлекеттік органның қойған талабын қанағаттандырып, нысанды сүру туралы шешім шығарған.

Компания бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Алайда Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қорытындыларын заңды әрі негізді деп таныды.

Апелляциялық сот бұған қоса компания әрекетіндегі адал ниеттілік қағидатына қайшы тұстарға да назар аударған.

Сот мәліметінше, тұрғын үйді салушы компания мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының тексеру жүргізуіне қажетті хабарламаны алудан жалтарған. Ең маңыздысы – мемлекеттік орган нысанды сүру туралы сотқа талап арыз бергеннен кейін де компания құрылыс жұмыстарын жалғастырған.

- Бұнымен шектелмей, серіктестік салынып жатқан үйдегі пәтерлерді сатып алуға ниетті азаматтармен алдын ала шарттар жасасқаны мәлім болды. Яғни нысанның заңдылығына қатысты сот дауы жүріп жатқан кезде де болашақ пәтер иелерімен келісімдер жасалған, - деп толықтырды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Бұл нысанға қатысты мәселе бұған дейін де көтерілген. Қала тұрғындарына мемлекеттік органдар жаңа үйден пәтер сатып алар алдында сақ болуды ескерткен.

Өйткені қажетті рұқсат құжаттары жоқ, сараптамадан өтпеген жобамен салынып жатқан нысаннан баспана алуға ақша салған азаматтардың қаржысынан айырылып қалу қаупі бар.

Енді сот шешімімен даулы тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылып қана қоймай, нысанды сүру міндеті де белгіленді.

Осылайша, Көкшетаудың «Сарыарқа» шағын ауданындағы рұқсатсыз салынып жатқан көпқабатты үйге қатысты сот дауы аяқталды. Апелляциялық сот шешімі бірінші сатыдағы сот актісін күшінде қалдырды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 11:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see136

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see134

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see132

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see132

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see132

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see131

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see127

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see127

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see126

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see126

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see125

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see124

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see122

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see121

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see120

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see119

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see118

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see117

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see112

Үш буын: кешеден келешекке

24 Қазан 2026 12:48see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары