Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Эминемнен домбыра үніне дейін: Меңдібай аға Құрылтайға барар жолда тағы 100 шақырымды еңсерді

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Астана Щучье тас жолындағы ақылы өту пунктінің жанында көлік өртенді видео

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Көлік дәліздері келешек келбеті

Көлік дәліздері келешек келбеті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«Біз еліміздің инфрақұрылымдық арқауының тағы бір мызғымас тірегі – көлік-логистика саласына баса назар аударуымыз керек. Бұл сала стратегиялық маңызға ие. Біздің аймақтағы барлық елдер де осы бағытқа ден қойып жатыр, сондықтан бәсеке күшеюде», – деді Мемлекет басшысы.

Президент белгілеген басымдықтар кейінгі жылдары салада жүргізілген институционалдық өзгерістермен де сабақтасып жатыр. 2023 жылдан бері көлік-логистика секторын дамытуға бағытталған сегіз заң қабылданып, бірқатар халықаралық келісім ратификацияланды. Бұл шаралар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, халықаралық көлік бағыттарындағы рөлін күшейтуге негіз қалайды.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың айтуынша, көлік-логистика бағытын дамыту Мемлекет басшысы жүргізіп отырған экономикалық саясаттың маңызды құрам­­дас бөлігі болып саналады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды әлемдік экономикаға тереңірек ықпалдас­тыруды ұсынып отыр және еліміздің жаһандану үдерістерінің белсенді қатысушысына айналуына басымдық береді. Кейінгі жылдары сыртқы саясаттағы белсенділік бизнес-форумдармен және инвес­торлармен келіссөздермен қатар жүруі де кездейсоқ емес. Билік индустрияға, цифрландыруға, логистикаға және агроөнеркәсіп кешеніне салынатын ауқымды инвестиция­лар жаңа технологиялық экономиканың қалыптасуына негіз болады деп есептейді», – дейді саясаткер.

Сарапшылардың бағалауынша, кө­лік-логистика секторын дамыту тек инфрақұры­лымдық жобаларды іске асырумен шектелмейді. Ол халықаралық сауда байланыстарының кеңеюіне, өндірістік кооперацияның нығаюына және ішкі экономикалық белсенділіктің артуына да ықпал етеді. Бұл ретте саланың қазіргі даму қарқыны мен құрылымдық өзгерістерін бағалау маңызды болып отыр.

Тасымал қарқыны сақталғанымен, динамика бәсең

Қазақстанның көлік және логистика саласы 2026 жылдың алғашқы бес айында өсімін жалғастырғанымен, оның қарқыны біртіндеп баяулап келеді. Жыл басында екі таңбалы көрсеткіштермен сипатталған оң динамика мамыр айына қарай біршама тежелді. Бұған өткен жылғы жоғары база әсері, халықаралық логистикадағы шектеу­лер, мұнай өндіру көлемінің төмендеуі және сыртқы нарықтардағы белсенділіктің бәсеңдеуі себеп болды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында «Көлік және қоймалау» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш қаңтар-сәуірдегі 12 пайыздан және бірінші тоқсандағы 12,8 пайыздан төмен. Сонымен қатар 2025 жылдың алғашқы бес айындағы 23,1 пайыздық өсіммен салыстырғанда да айтарлықтай бәсеңдеу байқалады.

Halyk Finance сарапшысы Асан Құрманбековтің айтуынша, қазіргі үрдіс саланың дағдарысқа ұшырағанын емес, өсімнің қалыпты деңгейге түсе бастағанын көрсетеді.

«Биыл көлік саласында оң динамика сақталғанымен, өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда баяулады. Бұған ең алдымен жоғары база әсері ықпал етіп отыр. Өткен жылы жекелеген сегменттерде өте жоғары өсім тіркелді, сондықтан биылғы көрсеткіштердің салыстырмалы түрде төмен болуы заңды құбылыс. Сонымен қатар халықаралық логистикадағы шектеулер мен сыртқы нарықтардағы сұраныстың бәсеңдеуі де әсер етті. Дегенмен көлік саласы әлі де жалпы экономикадан жоғары қарқынмен дамып келеді», – дейді Асан Құрманбеков.

Жүк тасымалының құрылымы өзгеруде

Елдегі жүк тасымалы көлемі өсіп жатқанымен, оның құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Жыл басынан бері Қазақстанда 382,1 миллион тонна жүк тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға жоғары көрсеткіш. Алайда жүк айналымы, керісінше, 7 пайызға қысқарған. Сарапшылар мұны тасымалдау қашықтығының азаюымен және халықаралық бағыттардың үлесінің төмендеуімен байланыстырады.

Бұл өзгерістерді ең алдымен теміржол саласы сезінді. Елдегі барлық жүк тасымалының шамамен 36 пайызы осы сектордың үлесінде болғанымен, бес ай ішінде теміржол арқылы тасымалданған жүк көлемі 1,8 пайызға азайған. Ал жүк айналымы бірден 11,1 пайызға төмендеді.

Асан Құрманбековтің айтуынша, теміржол секторы сыртқы нарықтағы өзгерістерге аса тәуелді.

«Теміржол тасымалы халықаралық сауда ағындарымен тығыз байланысты. Сондықтан сыртқы сұраныстың әлсіреуі, импорт көлемінің өзгеруі және көршілес елдердегі экономикалық белсенділіктің төмендеуі бұл сегментке бірден әсер етеді. Қазіргі статистика ұзақ қашықтықтағы тасымалдардың қысқарғанын көрсетіп отыр. Бұл халықаралық бағыттардың бұрынғыдай қарқынды жұмыс істемей жатқанын аңғартады. Сол себепті теміржол секторы сыртқы конъюнктураға ең сезімтал бағыттардың бірі болып қала береді», – дейді сарапшы.

Соған қарамастан көлік саласындағы өсім­нің негізгі драйверлерінің бірі автокөлік тасымалы болып отыр. Қаңтар-мамыр айларында бұл сегментте жүк көлемі 9,7 пайызға артқан. Дегенмен өсім қарқыны жыл басындағы көрсеткіштерден төмен. Мәселен, қаңтар-сәуір аралығында өсім 15,5 пайызды құраса, бірінші тоқсанда 20,4 пайызға жеткен еді.

Мамандар мұны сыртқы нарықтардағы белсенділіктің бәсеңдеуімен түсіндіреді. Соған қарамастан ішкі сауда, құрылыс индус­триясы және өңірлік логистика автотасымалға деген тұрақты сұранысты сақтап отыр.

«Автокөлік тасымалының басты артық­шылығы – оның икемділігі. Ішкі нарықтағы өзгерістерге бұл сектор тез бейімделе алады. Құрылыс, сауда және өңірлік жеткізу тізбектері автокөлікке деген сұранысты қолдап отыр. Алайда сыртқы бағыттардағы жүк ағындарының әлсіреуі өсім қарқынының баяулауына алып келді. Сондықтан сектор оң динамиканы сақтағанымен, бұрынғыдай жоғары көрсеткіштерді көрсете алмай отыр», – дейді Асан Құрманбеков.

Ал құбыр көлігі секторында кері үрдіс байқалды. Биылғы бес айда тасымал көлемі 2,4 пайызға, ал жүк айналымы 2,6 пайызға қыс­қарған. Бұған мұнай өндіру көлемінің төмендеуі мен экспорттық инфрақұрылым­­дағы шектеулер әсер еткен. Әсіресе, Теңіз кен орны мен Каспий құбыр консорциумы бағытындағы жағдайлар сектор жұмысына ықпал етіп отыр.

Әуе жүк тасымалы да қиын кезеңді бастан кешіруде. Бұл сегментте төмендеу 9,2 пайызды құрады. Сарапшылар мұны Таяу Шығыс бағыттарындағы рейстерге қойылған шектеулермен байланыстырады.

Ал теңіз тасымалы, керісінше, оң серпін көрсетіп отыр. Егер қаңтар-сәуір айларында өсім 4,4 пайыз деңгейінде болса, бес айдың қорытындысы бойынша ол 9,5 пайызға дейін жеделдеген.

«Құбыр көлігі мұнай өндіру көлеміне тікелей тәуелді. Сондықтан өндірістің қысқаруы статистикаға бірден әсер етеді. Сонымен қатар экспорттық инфрақұрылым­дағы уақытша қиындықтар тасымал көлемін тежеп отыр. Ал теңіз тасымалында қалпына келу үрдісі байқалады. Болашақта дәл осы бағыттар көлік саласының жаңа өсу нүктелеріне айналуы мүмкін», – дейді сарапшы.

Жолаушылар ағыны артты

Қазақстандықтар биыл да бұрынғыдан көбірек жолға шықты. Қаңтар-мамыр айларында ел ішінде 822,3 миллион жолаушы тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 6,6 па­йызға артты. Алайда жыл басындағы қарқын біртіндеп бәсеңдей бастағаны байқалады. Егер алғашқы тоқсанда өсім 9,3 пайызды құраса, қаңтар-сәуір қорытындысында 8,7 пайызға дейін төмендеген.

Өзгеріс, әсіресе теміржол секторында айқын көрінді. Бес ай ішінде пойызбен сапарлаған жолаушылар саны 3,4 пайызға азайған. Автокөлік тасымалы әлі де оң динамиканы сақтап отырғанымен, мұнда да өсім қарқыны баяулап, 6,8 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Ал такси қызметі бұрынғысынша ең жылдам өсіп келе жатқан сегменттердің бірі саналады. Дегенмен бұл нарықта біртіндеп қалыпты даму кезеңіне өтіп жатқандай. Егер қаңтар-сәуір айларында өсім 69,7 пайызды құраса, бес айдың қорытындысында көрсеткіш 40,8 пайызға дейін төмендеген.

Асан Құрманбековтің айтуынша, мұндай өзгерістер сұраныстың күрт төмендеуінен емес, статистикалық ерекшеліктерден туындап отыр.

«Такси қызметіндегі жоғары өсімнің едәуір бөлігі нақты сұраныстың күрт артуынан емес, статистикалық қамтудың кеңеюінен қалыптасты. Бұрын бейресми жұмыс істеген көптеген тасымалдаушы есепке алынды. Сондықтан қазіргі баяулау табиғи құбылыс ретінде қарастырылуға тиіс. Алдағы уақытта бұл сегмент біртіндеп тұрақты әрі теңгерімді өсім кезеңіне өтеді деп күтіледі. Нарықтың формализациялануы ұзақ мерзімде қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – дейді сарапшы.

Сарапшылардың бағалауынша, көлік саласының алдағы даму қарқыны бірнеше маңызды факторға байланысты болмақ. Оның ішінде мұнай өндірісінің қалпына келуі, экспорттық инфрақұрылымның тұрақты жұмысы, халықаралық әуе қатынасының толық жандануы және Қазақстанның негізгі сауда серіктестеріндегі экономикалық белсенділік ерекше рөл атқарады.

Қазірдің өзінде сала өсім траекториясынан шыққан жоқ. Бірақ халықаралық нарықтағы өзгерістер мен сыртқы шектеулер оның қарқынына әсер етіп отыр. Соған қарамастан көлік саласы ішкі сұраныстың, өңірлік логистиканың және инфра­құ­рылымдық әлеуеттің арқасында экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болып қала береді.

Кәмила ДҮЙСЕН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see124

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see122

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see122

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see121

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see120

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see118

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see114

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see113

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

14 Тамыз 2026 18:26see113

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see109

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see108

Эминемнен домбыра үніне дейін: Меңдібай аға Құрылтайға барар жолда тағы 100 шақырымды еңсерді

14 Тамыз 2026 19:04see107

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see106

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see104

Астана Щучье тас жолындағы ақылы өту пунктінің жанында көлік өртенді видео

14 Тамыз 2026 18:36see104

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары