Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Экспорттың жаңа келбеті

Экспорттың жаңа келбеті

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстан да соңғы жылдары инвестициялық саясатқа басымдық беріп, сырттан қаржы әкелемін дегеннің «бетін қақпауға» бекінген. Тіпті, осы мақсатта Мемлекет басшысы мұхит асып, АҚШ-тың алпауыт компанияларымен ауқымды келіссөз жүргізіп келеді. Бүгінде сол келіссөздердің алғашқы нәтижелеріне куә болып отырмыз.

Еуразиялық зерттеулер институтының дерегіне сүйенсек, соңғы он жылда, яғни 2015 жылдан 2025 жылдың алғашқы тоғыз айына дейін, АҚШ-тан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 28,9 миллиард долларға жеткен. Бұл – тұрақты әрі ұзақмерзімді әріптестіктің дәлелі. Инвестиция – жай сауда емес, ол өндіріс ашу, тех­нология әкелу, жұмыс орындарын құру деген сөз. 

«2025 жылдың қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жасаған сапары кезінде өткен «C5+1» саммиті осы үрдісті бекіте түсті. Нәтижесінде, жалпы құны шамамен 17 миллиард доллар болатын 29 екіжақты келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер өнеркәсіп, энергетика, медицина, цифрландыру, білім беру және инновация салаларын қамтыды», – дейді институт мамандары.

Жобалардың мазмұнына назар аударсақ, олардың ауқымы әртүрлі, бірақ барлығы да экономиканың сапасын өзгертуге бағытталған. Мысалы, Air Astana компаниясы үшін Boeing 787-9 ұшағын сатып алу – авиация паркін жаңартуға қадам. 

«Одан бөлек, вольфрам кен орындарын игеру жобасы 1,1 миллиард долларды құрайды. John Deere ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобасының құны – 2,5 миллиард доллар. Жасанды интеллект пен цифрландыру бағытындағы бастамалар 1,3 миллиард долларға бағаланып отыр. Сонымен бірге ұлттық қаржы институттары арқылы шамамен 1 миллиард доллар көлемінде қаржылық келісімдер жасалған», – делінген Еуразиялық зерттеулер инс­титутының мәлімдесінде.

Сарапшылар екі бағытта да белсенді жүргізіліп отырған сәтті жобалардың бар екенін алға тартты. Мәселен, «Самұрық-Қазына» қоры мен шетелдік серіктестердің медициналық клиника құру жобасы, АҚШ-та химиялық кешен салу бастамасы – бұл инвестицияның тек Қазақстан аумағымен шек­телмейтінін көрсетеді. Яғни, серіктестік екі бағытта да жүруде.

Сондай-ақ АҚШ-тың Орта дәлізді дамытуға назар аударуы – маңызды көрсеткіштің бірі. Өйткені Шығыс пен Батысты жалғайтын бұл бағыт – Қазақстан үшін тек транзит емес, геоэко­номикалық мүмкіндік. Егер инфрақұрылым сапалы дамыса, ел халықаралық логистикалық тізбектердің ажырамас бөлігіне айнала алады.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыс туралы сөз болғанда, ең әуелі Қашаған мен Қарашығанақ жобалары, сондай-ақ Chevron компаниясы ойға оралады. Алайда сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары америкалық капиталдың құрылымы айтарлықтай өзгерген. Мәселен, экономист Сапарбай Жобаевтың пікірінше, АҚШ инвестициясы бұрынғыдай тек мұнай-газ секторымен шектелмейді.

– АҚШ инвестициясы дегенде, ең алдымен, ойға Қашаған мен Қарашығанақ секілді ірі жобалар, сондай-ақ Chevron компаниясы оралады. Дегенмен соңғы жылдары бұл тізімге General Electric пен Boeing сияқты алпауыттар да қосылды. Қазір амери­калық капитал тек мұнай-газ саласымен шектелмей, сирек металдарды өңдеуге және өндіріс ашуға бағытталып отыр, – дейді экономист.

Оның айтуынша, бұл – инвестиция құры­лымының өзгергенінің белгісі. Шынында да, бүгінде вольфрам сияқты стратегиялық элементтерден дайын өнім өндіру жобаларына қызығушылық артып отыр. Электровоз шығаруға қатысатын General Electric компаниясының жобалары соның нақты көрінісі. Ауыл шаруашылығы саласында да қозғалыс бар, John Deere компаниясымен сауда көлемі ұлғайған. Бұл бағыттар америкалық капи­талдың өндіріс пен технологияға бет бұрғанын аңғартады.

Дегенмен Сапарбай Жобаевтың сөзіне сенсек, сауда саясаты бөлек мәселе. Дональд Трамп билікке келгеннен кейін шикізатқа қатысты тарифтер айтарлықтай өзгермегенімен, дайын өнімдерге қатысты кедендік шектеулер күшейіп, 27 пайыздық баж салығы енгізілді. Атап айтқанда, атом электр станцияларына қажет уранға және Boeing ұшақ­тарында қолданылатын титан профильдеріне. Кейін екіжақты келіссөздер нәтижесінде бұл мөлшер белгілі бір деңгейде төмендетілгенімен, тарифтік саясатта өзгерістер әлі де жалғасып жатыр.

Жақында Президент «Бейбітшілік кеңесінің» отырысына қатысып, америкалық компаниялармен бірқатар маңызды келісімге қол жеткізген болатын. АҚШ тарапы жобаларды кластерлік тәсілмен дамытуды ұсынады.

– Яғни, тек шикізат өндірумен шектелмей, оны өңдеп, қосылған құнды өнім шығаруға басымдық беріледі. Мысалы, мыс өндіретін шахта ашылса, кенді байытып, құйма жасап, кейін кабель секілді дайын өнім шығару тізбегі қалыптасады, – дейді Сапарбай Жобаев.

Бұл тәсіл Қазақстан үшін де тиімді, себебі ол өндірістің толық циклін құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сарапшы Қытаймен арадағы геосаяси шиеленіс АҚШ-тың сирек металдарға деген қызығушылығын арттырғанын атап өтті. Бүгінде ол электроника, ғарыш және авиация салаларына қажет стратегиялық шикізатты сенімді серіктестерден алуға ұмтылады. Вольфрам, титан, хром, никель, марганец сияқты элементтер осы қатарда. Қазір бұл ресурстар Қазақстаннан, негізінен, Ресей мен Қытайға шикізат күйінде экспортталады. Ал АҚШ-қа тасымалдау қашықтығы алыс болғандықтан, шикізат күйінде жөнелту тиімсіз. Сондықтан оны өңдеп, дайын өнім түрінде шығару әлдеқайда ұтымды.

– Екі ел арасындағы сауда айналымына географияның да әсері бар. Қазақстан Ресей және Қытаймен жылына 25-30 миллиард доллар көлемінде сауда жасайды. Ал АҚШ-пен сауда айналымы 3-4 миллиард доллар шамасында ғана. Бұл айырмашы­лықты логистика мен қашықтық факторымен түсіндіруге болады. Дегенмен жоғары қосылған құнды өнім экспортын көбейту арқылы бұл көрсеткішті арттыруға аламыз. Дайын өнім жеткі­зілсе, тарифтік кедергілерді төмендету жөнінде келіс­сөз жүргізуге де мүмкіндік туады, – дейді экономист.

Қорыта айтқанда, Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыс жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Егер сирек металдарды өңдеу, өндірісті жергіліктендіру және кластерлік даму моделі жүзеге асса, бұл серіктестік шикізат сау­дасынан технологиялық әріптестікке қарай ойысады. Ал бұл өз кезегінде екі ел арасындағы сауда көлемін арттырып қана қоймай, оның сапасын да жақсартпақ.

Кәмила ДҮЙСЕН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 06:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see115

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see113

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары