Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қызылорданың жаңа келбеті: 100 жылдан кейінгі серпіліс

Қызылорданың жаңа келбеті: 100 жылдан кейінгі серпіліс

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Кейінгі 3 жылда облыстың бюджеті 2 еседен астам артып отыр. Бұл өңірдегі өмір сапасынан да көрініс тапқан. Келесі кесте соған дәлел:

Фото: Видеодан алынған скрин

— Аймақта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкіметтің ерекше қолдауымен ауқымды жұмыстар атқарылып, инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өңірдің барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері жақсарып, республикада алдыңғы қатарға тұрақтады. Биыл облысымыздың бюджеті 850 миллиард теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайыз өсті. Ірі өндірістік нысандар іске қосылып жатыр, — дейді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Қызылорда қазақ астанасы болғанының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Алтын кірпіш» қыш зауыты ашылды. Өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Экологиялық қауіпсіздікке де көп көңіл бөлінген.

Фото: Видеодан алынған скрин

Мұнда кірпіш басқа зауыттағылардай көмірмен күйдірілмейді. Жаңа технологиялар өндіріс тиімділігін арттырып, өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Жылына 90 млн кірпіш құятын кәсіпорын 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Ал «Қызылорда-нан» зауыты мемлекеттік қолдаудың арқасында ірге жайған. Қазір зауыттағы 120 жұмысшы тәулігіне 10 тоннаға жуық нан, 7 түрлі макарон өнімін шығарып отыр.

Фото: Видеодан алынған скрин Фото: Видеодан алынған скрин

Қызылорда қаласында Орта Азиядағы ең ірі қалқымалы шыны зауыты жұмыс істеп тұр. 2022 жылдың күзінде іске қосылған кәсіпорын жылына 197 мың тонна өнім береді.

Фото: Видеодан алынған скрин

Соның арқасында Қызылордадан шыққан шыныны осы күні Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей құрылысшылары пайдаланып жатыр.

Фото: Видеодан алынған скрин

— Кейінгі үш жылда аймақ экономикасына 1 трлн 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Биыл 631 млрд 400 млн теңгеден астам инвестиция тарту бағытында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Биылғы 8 айда 408 млрд 200 млн теңге инвестиция тартылды, — дейді аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Қызылордадағы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы — халық биыл қыстан бастап рахатын көргелі отырған инвестициялық мегажоба. Мұнда АҚШ-тан жеткен 180 мегаваттық екі газ турбина, Чехияда шыққан 95 мегаваттық бу турбинасы, сағатына 120 тонна бу шығаратын италиялық екі қазандық пен сағатына 150 гигакалорий жылу өндіретін түркиялық төрт қазандық тұр.

Фото: Видеодан алынған скрин

— 240 мегаватт электр энергиясы өндірілетін ЖЭО құрылысы аяқталды. Нысан облысымызды электр энергиясымен, жылумен, ыстық сумен толық қамтамасыз етеді. Артылған электр энергиясын басқа өңірлерге сатуға мүмкіндік аламыз, — дейді өңір әкімі.

«Сыр өңірі — жыр өңірі» деп әспеттейтін Қызылорда аймағы дарынды жастарды қолдау үшін арнайы академия ашқан.

Фото: Видеодан алынған скрин

— Биыл балалардың игілігі үшін «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы ашылды. Жалпы осы академияда қосымша білім алғысы келетін дарынды балалар Сыр елінде өте көп, — дейді академия директорының міндетін атқарушы Жанар Бимұратқызы.

Фото: Видеодан алынған скрин

Академиядағы 8 үйірмеге күніне 3000 бала келеді. Оқушылар мұнда қазіргі тіршілігімізге ауадай қажет кәсіптерді игеріп жатыр. Соның бірі — «Flyorda» дрон үйірмесі.

Фото: Видеодан алынған скрин

— Кішкентай күнімнен бағдарламалау, робототехника, әуеден әртүрлі фото-видео түсіру машықтарына қызығатынмын. Бұл үйірмеде болашақ мамандығыма қажетті дағдыларды да меңгеріп жүрмін. Мысалы, осы 5 дюмдық дронды өз қолыммен құрастырып, бағдарламалап, түрлі жарыстарда ұшыра бастадым. Облыстық жарыста екі мәрте бірінші орын, халықаралық чемпионатта жүлделі орын алдым, — дейді Мәди Хасанғалиұлы.

Аймақта адам капиталын дамытуға айтарлықтай көңіл бөлініп жатыр. Облыстық физика-математика мектеп-лицейінің директоры Ерлан Қоңырбаев бұған дейін өңірде физика-математика бағытына маманданған мектеп болғанын айтады.

Фото: Видеодан алынған скрин

Қазір елдің он жеті өңірінен келген үміткерлер оқуға қабылдау емтиханына тапсырады. Мұнда физика, химия, биология, информатика, математика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.

Фото: Видеодан алынған скрин

Облыста «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қарқынды жүріп жатыр. Өңір ауылдарындағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының тапшылығы толық шешілді. Аудандарда 763 млн теңгеге 28 медициналық нысан салынды. Қайтарылған активтер қаражатының есебінен 4 аудандағы орталық аурухана жанынан қосымша ғимараттар бой көтерді.

Фото: Видеодан алынған скрин

— Қазір дарияның сол жағалауын дамытуға күш салып жатырмыз. Бұрын облыс орталығында тек бес қабатты үйлер салынып келсе, қазір заманауи 9 қабатты, 12 қабатты үйлер бой көтеріп жатыр. Президент саябағының жанында 15 көп қабатты үйдің құрылысын бастадық. Келесі жылдың сәуір айында ел игілігіне беріледі. Сонымен қатар балаларымызға арналған ботаникалық саябақ салынып жатыр, — дейді Нұрлыбек Нәлібаев.

Фото: Видеодан алынған скрин Фото: Видеодан алынған скрин

Қызылорда қаласында УЕФА стандартының төртінші санатына жататын 11 мың орындық жаңа стадионның ашылғанын бүкіл БАҚ жарыса жазып, көрсетті.

«Елу жылда — ел жаңа, жүз жылда — қазан», — дейтін халық даналығы бар. Қызылорда қазақтың астанасы болғаннан бергі 100 жылдың ішінде Қазақстанның ұтымды бастамалар ұсынатын маңызды бөлшегіне айналды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 18:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see105

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары