Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Жаңа Құрылтайдың келбеті қандай болады?

Жаңа Құрылтайдың келбеті қандай болады?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты «Сайлау қорытындылары және жаңа Құрылтай келбеті» тақырыбында «SARAP» сарапшылар клубының отырысын өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бірінші Құрылтайдың сапалық құрамына, сондай-ақ депутаттық корпустағы сабақтастық пен жаңару үлесіне айрықша назар аударылды. Сарапшылар жаңа құрамның қоғамдық мүдделер мен күтулердің құрылымын қаншалықты көрсететінін, қандай саяси ұстанымдардың өкілдік алатынын және сайлау қорытындылары партиялардың алдағы стратегиясына қалай ықпал ететінін талқылады. Бұдан бөлек, Құрылтай қызметінің құқықтық негіздері мен саяси күштердің өзара  әрекеттесу мүмкіндіктері талданды.

Іс-шараға талдау орталықтарының басшылары, құқық саласының сарапшылары, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, коммуникация мамандары, сондай-ақ ғылыми-академиялық қауымдастық өкілдері қатысты.

Отырысты Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрағасыны Жұлдызай Ысқақова ашып, сайлау процесінің қазіргі кезеңінің ерекшеліктерін атап өтті.

«Сайлау науқаны саяси күштердің жаңа арақатынасын және қоғамның Құрылтайдың алдағы жұмысына қатысты үмітін айқындап берді. Сайлау аяқталды, түпкілікті нәтижелер белгілі, енді ең маңызды кезең басталады. Азаматтардың сайлауда білдірген сенімі сапалы заңдармен, тиімді шешімдермен және қазақстандықтардың өміріндегі нақты өзгерістермен ақталуға тиіс», - деді ол. 

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина сайлау науқанының басты ерекшеліктерінің бірі Қазақстандағы саяси реформаларға деген жоғары қызығушылық екенін атап өтті.

«Биыл сайлауға 777 бақылаушы келді, оның ішінде 42 мемлекеттен 160 бақылаушы және 13 ұйымнан 617 бақылаушы бар. Бұл бұған дейінгі электоралдық науқандарда болмаған үлкен көрсеткіш. Менің ойымша, халықаралық бақылаушылардың сайлауға келуі тек сайлау науқанына ғана емес, бүкіл Қазақстанға және елімізде жүріп жатқан саяси реформаларға берілген баға. Бүгінгі жаңа Конституция нәтижесінде Құрылтайдың қалыптасуына Қазақстан қоғамы қалай атсалысты, азаматтар өздерінің азаматтық белсенділігі мен саяси мәдениетінің деңгейін қалай көрсетті, осының бәрі де маңызды бағалауға ие болып жатыр», - деді ол. 

Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов қазіргі саяси жүйеге қоғамға танымал тұлғалармен қатар кәсіби саясаткерлер де қажет екенін атап өтті.

Оның айтуынша, депутаттардың саяси құзыреттілігі бірнеше маңызды өлшемнен тұрады.

«Біріншіден, кәсібилік. Екіншіден, саяси бәсекелестікті қабылдай білу. Үшіншіден, қоғам немесе сайлаушылар алдында есеп бере білу. Төртіншіден, саяси этика. Танымалдылық азаматтардың сенімін қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін. Алайда заң шығару, мемлекеттік саясатты талдау, қоғамдық мүдделерді үйлестіру, өзара келісімге келе білу және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу саяси құзыреттілікті талап етеді. Сондықтан Құрылтайдың сапалық құрамын бағалағанда депутаттардың тек танымалдығына емес, заңнама саласында бастама көтере алу қабілетіне, сараптамалық дайындығына, пікірталас мәдениетіне, сондай-ақ өңірлік және әлеуметтік топтардың мүддесін білдіре алу мүмкіндігіне назар аударуымыз керек», - деді ол. 

ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Мариан Әбішева биылғы сайлау науқанының ерекшеліктерінің бірі жүйелі өлшемдердің ашық жариялануы және олардың сараптамалық ортада еркін талқылануы екенін атап өтті.

«Тамыздың ортасына қарай нәтижелерін DATAmetrics, Еуразиялық интеграция институты, Қазақстандық қоғамдық даму институты, Қоғамдық саясат институты және Демократия институты ұсынды. Тұңғыш рет науқанның қалай өрбіп жатқанын өз көзімен көруге мүмкіндік туды: шешім қабылдамағандар үлесінің қалай өзгеретінін, ықтимал сайлаушылар белсенділігінің қалай тұрақтанатынын, партиялық қалаулардың қалай құрылымданатынын, қандай әлеуметтік топтардың электоратты қалыптастыратынын және таңдаудың негізінде қандай уәждер жатқанын көруге болды. Бұл жаңа саяси мәдениеттің маңызды элементі», – деді спикер.

PR&Media ассоциациясының төрайымы, жария коммуникация бойынша сарапшы Ақерке Берлібай биылғы сайлау науқанының басты ерекшеліктерінің бірі сайлауалды дебаттар барысында қалыптасқан саяси пікірталастың жаңа деңгейі болғанын атап өтті.

Оның айтуынша, биыл дебаттар сайлау науқанының формалды элементі болудан қалып, саяси коммуникацияның дербес үдерісіне айналды.

«Биыл бізде саяси пікірталастың жаңа деңгейі айқын қалыптасты, оның жарқын көрінісі – сайлауалды дебаттар. Медиа-штабтар қолданған саяси технологиялардың ішінде, менің ойымша, дебаттар ең қызықты форматтардың біріне айналды. Биыл олар сайлау науқанының жай ғана формалды тармағы болудан қалып, саяси коммуникацияның дербес үдерісіне айналды. Бұған дебаттардың бірден төрт телеарнада – мемлекеттік те, жекеменшік те арналарда өткізілуі ықпал етті. Сонымен қатар, жаңа эксперименттік формат қатысушылардың дайындық деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік берген бетпе-бет дебаттар пайда болды», – деп атап өтті эксперт.

Еуразиялық интеграция институтының салыстырмалы зерттеулер және ғылыми-теориялық талдау департаментінің басшысы Серік Жүсіпов сайлаушылардың Құрылтайдың болашақ депутаттық құрамына қатысты күтулері туралы айтты.

«Сайлаушылардың өздері Құрылтай құрамынан кімді көргісі келетіні туралы сұрақ бойынша қызықты нәтижелер алдық. Халықтың 30%-ы депутаттар заңгер болуы керек деп есептейді. Тағы 15%-ы депутаттар бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істеген адамдар болмауы керек деген пікірде. Бұл жерде белгілі бір қарама-қайшылық байқалады. Бір жағынан, депутаттар мемлекеттік жүйені ішінен білуі, оның қалай жұмыс істейтінін түсінуі керек, екінші жағынан, олар тек осы жүйенің өкілдері ретінде қабылданбауы тиіс. Жалпы алғанда, сайлаушылар Құрылтай төрінен беделі жоғары, әлеуметтік және кәсіби капиталы қалыптасқан азаматтарды көргісі келеді. Құрылтайдың депутаттық құрамын қалыптастыру кезінде қоғамның осы сұраныстары ескеріледі деп сенемін», - деді ол. 

Парламентаризм институты директорының орынбасары Берік Бекжанов болашақ Құрылтай қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі заң шығару жұмысы болатынын атап өтті.

Оның айтуынша, парламенттің басты міндеті заңнамалық қызметпен қатар саяси партиялардың қоғамдағы рөлін, олардың өзара ықпалдастығын және түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз етумен де байланысты екен

«Менің ойымша, болашақ Құрылтайда заң шығару мәселесі әр парламенттің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Ең алдымен, бұл заң шығару қызметі. Одан кейін қоғамдық өмірдегі партиялардың рөлі, олардың қоғамға араласуы, партиялар арасындағы мүдделердің ықпалы мен өзара әрекеті маңызды. Әрине, саяси жүйенің қалыптасуы көп жағдайда партияларға байланысты. Бұдан бөлек, бізде тәуелсіз ұйымдар да бар. Жалпы, кез келген заң жобасын зерделеуге және оған қатысты өз пікірін білдіруге барлығының құқығы бар», - деді ол. 

Қазақстандық қоғамдық даму институты Институционалдық талдау және реформалар орталығының сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты Дидар Тебаев азаматтардың сайлау үдерісіне қатысу белсенділігі мен өңір тұрғындарының негізгі қоғамдық сұраныстары туралы пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта ел тарихындағы алғашқы Құрылтайдың сапалық құрамы айқындалуда. Біз Халық Кеңесінің Құрылтаймен өзара іс-қимылының басталуын зор қызығушылықпен күтудеміз. Жаңа институционалдық модель азаматтық қоғамның заң шығару үдерісіне қатысуын кеңейтудің, қоғамдық бастамаларды ілгерілетудің және азаматтардың мүдделерін заңнамалық деңгейде білдірудің нақты тетігін қалыптастырады. Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы мазмұнды диалогқа жаңа мүмкіндіктер әкеліп, халық билігі қағидаттарын нығайтады», – деп атап өтті сарапшы.

Отырыс қатысушылары өткен сайлаудың ерекшеліктері туралы пікір алмасып, Құрылтай жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдарын ұсынып және оның табысты қызмет атқаратынына сенім білдірді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 19:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары