Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Жаңа есімдер мен таныс фамилиялар Құрылтайдың алғашқы құрамы қандай болды

Жаңа есімдер мен таныс фамилиялар Құрылтайдың алғашқы құрамы қандай болды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан Парламенті айтарлықтай жаңарды. Бұл ретте жаңа Құрылтайдың 145 депутатының арасында Мәжіліс пен Сенаттың экс-депутаттары да бар. Жаңарған Парламентке кімдер қайта оралды және қанша жаңа депутат мандат алды – Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Партия фракциялары қаншалықты жаңарды?

Жаңа Парламенттегі 145 депутаттың 111-і – жаңа есімдер. Бұл бұрынғы депутаттық корпустың бестен бірі ғана сақталғанын білдіреді. Дәлірек айтқанда – шамамен 23 пайыз.

Бұған дейінгі шақырылымдарда жұмыс істегендердің ішінде 34 адам мандат алды. Соның ішінде кейінгі VIII шақырылымнан 30-ға жуық депутат ауысты.

Жағдайды партиялар бойынша талдап көрейік.

"Әділет"

Жаңа "Әділет" партиясы бірден 110 мандатқа ие болды. Оның депутаттарының бестен біріне жуығының парламенттік тәжірибесі бар. 20 депутат бұған дейін VIII шақырылымдағы Мәжіліс пен Сенатта жұмыс істеген.

Мәжілістен Құрылтайға өткендер: Константин Авершин, Асхат Аймағамбетов, Марат Башимов, Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев, Максим Рожин, Татьяна Савельева, Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Екатерина Смышляева, Үнзила Шапақ, Арман Қалықов, Жарқынбек Амантайұлы, Тілекес Адамбеков, Юлия Кучинская, Никита Шаталов.

Төрт депутат сенатор болған – олар Евгений Больгерт, Нұрлан Бекназаров, Марат Қожаев және Ольга Перепечина.

Қалғандары – өткен шақырылымдардағы жұмысынан кейін Парламентке өзіндік "камбэк" жасаған депутаттар. Олардың арасында Айжан Сқақова, Нұрлан Дулатбеков және Динара Зәкиева бар.

Құрылтайға "Әділет" партиясынан өткендердің толық тізімін мына жерден оқыңыз.

"Ауыл"

10 мандатқа ие болған "Ауыл" партиясының құрамы 90 пайызға жаңарды. Он депутаттың тек біреуі ғана – Серік Егізбаев бұрын Мәжіліс депутаты болған. Партияның толық құрамы – мына жерде.

Respublica

9 мандатқа ие болған Respublica партиясында бес депутат өз орындарын сақтап қалды. Партиялық тізімге Айдарбек Қожаназаров, Олжас Құспеков, Динара Наумова, Екатерина Смолякова және Нұргүл Тау кірді. Олардың барлығы Мәжіліс депутаты болған. Осылайша, фракция құрамы 44 пайызға жаңарды. Партияның толық тізімі – мына жерде.

"Ақ жол"

"Ақ жол" демократиялық партиясы 8 мандатқа ие болды, бұл ретте Мәжілістің екі депутаты өз орнын сақтап қалды – Дания Еспаева мен Олжас Нұралдинов. Осылайша, Парламенттегі фракция құрамы 75 пайызға жаңарды. Партияның толық құрамы – мына жерде.

ЖСДП

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) 8 мандат алды. Мәжіліс таратылғаннан кейін үш депутат – Асхат Рахымжанов, Ажар Сағандықова және Наурыз Сайлаубай өз орындарын сақтап қалды. Осылайша, құрам 62,5 пайызға жаңарды. Партия депутаттарының толық тізімі мына жерде.

Жаңа Парламентте қанша әйел бар?

Жаңа Құрылтайда 49 әйел болады. Бұл жалпы құрамның 33 пайызы. Демек, шамамен әрбір үшінші депутаттық орын әйел адамға тиесілі.

Салыстырмалы түрде: VIII шақырылымдағы Мәжілісте 18 әйел немесе шамамен 18 пайыз жұмыс істеген. Сенатта 10 әйел сенатор болды - құрамның шамамен 20,4 пайызы.

"Әділет" партиясының құрамында 37 әйел бар, бұл олардың депутаттарының жалпы санының 33,6 пайызы. "Ауыл" партиясында – 4 әйел немесе 10 адамның 40 пайызы. Respublica партиясында – 3 әйел немесе 9 депутаттың 33,3 пайызы. ЖСДП партиясында – 2 әйел немесе 8 депутаттың 25 пайызы. "Ақ жол" партиясында – 2 әйел немесе 8 депутаттың 25 пайызы. Құрылтай депутаттарының жасы

Құрылтайдағы ең жас (27 жас) және ең ересек (65 жас) депутаттың жас айырмашылығы 38 жас.

Жалпы алғанда, Құрылтай депутаттарының тізімінде жастар 12,4 пайыз (18 адам). Олардың 13-і "Әділет" партиясының тізімімен өтті. Тағы 5 адам қалған фракциялардың өкілі.

Анықтама: Қазақстанда 14 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ресми түрде жастарға жатады. Яғни, заң бойынша 36 жасқа толмаған азамат жас болып есептеледі.

Қазақстанда жаңа Парламент

1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция қолданысқа енді. Ол қабылданғаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттық өкілеттіктері де доғарылды. Екіпалаталы Парламенттің орнына бірпалаталы Құрылтай келді. Оның құрамына бес жылға сайланатын 145 депутат кіреді.

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтті. Бұл 1991 жылдан бері елімізде өткен оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы науқан болды. Дауыс берудің 25 тамыздағы жағдай бойынша қорытынды нәтижелерін мына жерден оқуға болады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 15:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары