Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Көлік лизингі тиімді ме?

Көлік лизингі тиімді ме?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ресми деректерге сәйкес, жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көліктерді классикалық лизингке беру қыз­мет­терінің көлемі соңғы жыл­дары айтарлықтай өзгерді. Мә­селен, 2018 жылы нарық 4,5 мил­лиард теңгеден асқан болса, бұл сандар 2019 жылы 1,6 мил­лиард теңгеге дейін төмендеп кеткен. Ал 2020 жылы қайта шың­ға жетіп 11,2 миллиард тең­геге дейін өсіп кетті. Өсім көпке созылмай 2024 жылы қызмет­тердің жылдық көлемі 1,1 мил­лиард теңгеге дейін төмендеді. 

Автолизинг деген не?

Автолизингті қарапайым тілмен айтсақ, бұл көлікті бірден сатып алу да емес, кәдімгі жалға алу да емес, екеуінің ортасындағы нұсқа. Адам көлікті өз атына рәсімдемей-ақ, белгілі бір мер­зімге пайдаланады және сол уақыт үшін ай сайын төлем жасайды. Лизингтің жұмыс істеу тәртібі де аса күрделі емес. Лиз­инг­тік компания немесе банк кәсіпкер таңдаған көлік немесе жабдықты сатып алады да, оны келісімшарт негізінде пайдала­нуға береді. Ал кәсіпкер техни­ка­ны жұмысында қолданып, табыс табу арқылы төлемдерді кезең-кезеңімен өтейді. 

Автолизингте төлем бір­неше бөліктен тұрады. Алдымен бас­тапқы жарна төл­енеді, ол көп жағдайда 10-20 пайыз шамасында болады. Одан кейін ай сайынғы төлемдер жүргізіледі. Бұл төлем­дер көлікті пайдалану құнын, оның тозуын, сақтандыруды және лизинг берушінің өзге шы­ғындарын қам­тиды. Ай сайынғы сома лизинг мерзіміне байланыс­ты өзгереді. Мәселен, жаңа кө­лік­тер үшін бұл айына 100-200 мың теңге көлемінде болуы мүм­кін. Келісімшарт соңында қоры­тынды сома төленеді. Осы төл­ем­нен кейін көлік толықтай клиенттің меншігіне өтеді.

Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизингті бірқатар банк пен қаржы ұйымы іс жүзінде ұсынып отыр. Нарықтағы негізгі ойыншылардың қатарында ForteLeasing бар. Ол Kia брендімен серіктестік аясында автолизинг бағдарламасын іске асырған. Сонымен қатар Halyk Leasing те бұл бағытта жұмыс жүргізіп кел­еді. Бұдан бөлек, автолизинг бизнеске де қолжетімді. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған бағдарламаларды Банк ЦентрКредит (BCC) секілді банктер ұсынып отыр. 

Өздігінен жүріп кететін жүйе емес

Болашағынан зор үміт күт­тір­ген бағдарлама шын мәнісінде әлі кең түрде тарала қойған жоқ. Желтоқсанның бір­інші жұлдыз­ынан бастап қазірге дейін бар бол­ғаны тек бір про­цесс іске асқан көрінеді. Ал со­дан кейін бағ­дарлама іс жүзінде біршама тоқтап қалды десекте болады. Сарапшылардың сөз­інше, бұған негізгі себеп инфра­құрылым мен заңнамалық база­ның дайын емес­тігі, сондай-ақ автокөлік лиз­ингісін халық үшін қолжетімді етпейтін жоғары пай­ыздық мөл­шерлеме.

Әлемдік тәжірибеде авто­кон­церндер өздерінің лизинг ком­пания­ларын құрады. Ал Қазақ­станда бұл іске банктердің ара­­­­ласуы қызмет құнын одан әрі өсіріп отыр.

– Банк араласқан сәттен бас­тап базалық мөлшерлеме, пайыз­дар, қызмет көрсету ақысы қосы­лады да, бұл мүлде тиімсіз схемаға айналады. Мұндай өнім ешкімге қажет емес, сондықтан оны ешкім пайдаланбайды, – дейді автосарапшы Арсен Шакуов.

Оның ойынша, автокөлік лизингі механизмінің өзі Қазақ­стан нарығы үшін жаңашылдық. 

– Автокөлік лизингі тұжы­рымдамасы Қазақстан үшін жаңа. Оны жүзеге асыру үшін заң­намалық база кем дегенде тол­ық жұмыс істеуі керек. Іске асырылған жалғыз жағдай, бәл­кім, кіріспе, пилоттық жоба болуы әбден мүмкін. Ол қаржы нарығының құрылымы мұндай құралға дайын ба, жоқ па, соны тексеруге бағытталды», – деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, бағдар­ламаның іске қосылуына барлық банк дайын емес.

– Бұл «бір рет іске қосып, өздігінен жүріп кететін» жүйе емес. Тетікті қалыптастыруға болады, алайда нарықтың жаңа ұсынысқа бейімделуі үшін уақыт қажет. Оның үстіне, барлық банк автокөлік лизингімен жұмыс істеуге дайын емес. Себебі бұл бағытта жеке лизингтік құрылым, өзгеше қаржылық есеп моделі және арнайы даярланған маман­дар керек. Одан кейін тағы бір басты мәселе баға саясаты нақты әрі түсінікті болуға тиіс. Тариф бірыңғай болса, әр банкте әртүр­лі пайыз болмайды. Сонда адам­дардың таңдауы айқын болады: көлікті қымбатырақ несиеге алу немесе арзанырақ лизингке рәсімдеу, – дейді ол.

Автолизингтің артықшылығы мен кемшілігі 

Qazaq Expert Club сарап­шысы, қаржыгер Саида Тлеу­ленованың айтуынша, автоне­сиемен салыстырғанда лизингтің артықшылықтары біршама.

– Ең алдымен, бұл бастама­ның икемді құрал екенін айтып өткім келеді. Яғни, адам көліктің толық құнын бірден немесе ұзақ жылдар бойы өтеуге міндетті емес, тек оны пайдаланып жүр­ген уақыты үшін төлейді. Соның арқасында ай сайынғы төлем де салыстырмалы түрде жеңілдейді. Әу баста лизинг деген дүниенің биз­нес өкілдері үшін тиімділігі көп болатын. Өйткені ол жерде сал­ық­тық жеңілдіктер бар, көлікті баланстан тыс қалдыруға болады әрі қаржы ағынын тиімді жос­пар­лауға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды тұсы – лизинг көлік паркін жаңартуды жеңіл­детеді. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң көлікті қайта қар­жыландыру­сыз-ақ жаңасына ауыстыруға болады. Бұл нарық­тағы өзгеріс­тер­ге тез бейімделуге көмекте­сетіні сөзсіз, – дейді сарапшы.

Дегенмен таяқтың екі ұшы бар демекші, лизингтің де кем­шілігі де жоқ емес. 

– Бірден-бір кемшіліктің бірі – көлік толық өтелгенге дейін ол заң жүзінде лизинг ком­паниясына тиесілі болады. Соны­мен қатар лизинг шарттары әрдайым түсінікті бола бермейді. Мысалы, қосымша қызметтер, сақ­тандыру талаптары немесе келісімді мерзімінен бұрын бұзу шарттары соңғы соманы ұлғай­тып жіберуі мүмкін. Сол себепті кей жағдайда автокөлік лизингі дәстүрлі автонесиеге қарағанда қымбатқа түседі, – дейді Саида Тлеуленова.

Болашағы бұлыңғыр ма?

Сарапшылардың пікірінше, алдағы бес жылда Қазақстандағы автокөлік лизингі нарығы күрт серпіліс жасамас, келешегі анық емес. Бұл дегеніміз келер жылдар сала үшін қалыптасу мен жүйе­лену уақыты болмақ.

– Лизингтің дәстүрлі үлгісі өзгеріске ұшырайды. Алдағы жыл­дары «бір ғана көлік» емес, қызметтер пакеті бар кешенді модельдер кең тарай бастайды. Яғни, лизингпен бірге техника­лық қызмет көрсету, сақтандыру, сервистік қолдау ұсынылатын бол­а­ды. Бұл клиент үшін ыңғай­лы, ал компаниялар үшін ұзақ­мерзімді әріптестік орнатуға мүм­кіндік береді, – дейді Саида Тлеуленова.

– Сонымен бірге лизинг компаниялары тәуекелдерді басқару мәселесіне бұрынғыдан да байыппен қарай бастайды. Қаржылық тәртіп күшейіп, клиент­тің төлем қабілеттілігіне, келісімшарттың ашықтығына және ұзақмерзімді жоспарлауға басымдық беріледі, – дейді сарап­шы.

Осылайша, қазір авто­көлік лизингі нарығы әлі де шектеулі күйінде қала бермек. Жылдар бойы оның көлемі ондаған мил­лионнан бірнеше миллиард теңгеге дейін құбылып отыруы үлкен алаң­датушылық әкеліп отыр. Қолда бар статистика да жеке азамат­тарға арналған, түс­інікті әрі қолжетімді бағдар­ла­масыз тұр­мыстық көліктерді жалға беру нарығының қалада да, ауылда да тұрақты дами алмайтынын көр­сетіп отыр. Са­рапшылардың пікірінше, нақты ережелер бекі­т­іліп, пайыз­дық шарттар айқын­далып, нормат­ивтік тетіктер толық қалыптас­пайынша, бұл өнімге жаппай сұраныс болады деп күту қиын.

Әсет ҚАЛИ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:227
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 07:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары