Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Генералға жасалған қастандық: күдікті БАӘ ден Ресейге экстрадицияланды

Нипах вирусы шекарадан шықты

Rolls Royce, Bentley және БАӘ дегі пәтерлер: Заңсыз ломбард иесінің мүлкі бұғатталды

Маңғыстауда бұрынғы таныстары тарапынан жасалған сталкинг бойынша екі қылмыстық іс тергеліп жатыр

Семей мен ШҚО әкімдіктері 80 млн теңге үшін соттасты

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирді сәтті бастады

СҚО да еңбек шарттарын талапқа сай рәсімдемеген 19 лауазым иесі жауапқа тартылды

​ Актив Ломбард қа қатысты іс бойынша тергеу аяқталды: шығын 19 млрд теңгені құрады

Астана қаласының прокуроры ауысты

Қызылорда облысында ақбөкеннің жаппай ағылуы қалыпты жағдай ма

Таразда көлігінің жүк салғышынан 38 келі марихуана шыққан ер адам 8 жылға сотталды

Павлодарда көлік 13 жастағы оқушыны қағып өлтірді

Қазақстанда шекарадағы бақылаудың шалт күшейтілуіне не себеп

19 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: Актив Ломбард иесінің былығы әшкере болды

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстандағы ауқымды жобаларға қатысады

Мектепте неге балалардың пікірі ескерілмейді?

Жас сұлуды өсек қылмай...: Жігер Ауыпбаев сүйіктісі екеуін сынағандарға жауап берді

Оңтүстік Кореяда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Елена Рыбакина денсаулығына байланысты қиындықтар туралы айтты

Черногориядан алаяқтық жасады деген күдікпен түрік азаматы экстрадицияланды

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

2025 жыл отандық автокөлік нарығының бүкіл тарихындағы ең табыс­ты болды. Қазақстанның Автокөлік одағының дерегінше, биылғы қаңтар-қараша айларында отандық дилерлерден 207 мың жаңа автокөлік сатып алынған. Бір қарашаның өзінде 25 мың жеңіл көлік сатылған. Бұл нарықтағы айлық сатылымның рекордтық көрсеткіші болып отыр.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Қараша айындағы ең көп сатылған көлік маркасының ондығында 7,7 мың дана сатылған Сhevrolet, ал ең танымал модельдер қатарында Сhevrolet Cobalt (7 мың дана) көш бастап тұр. Бұл көрсеткіш былтырғы қараша айымен салыстырғанда 76% көп. Сонымен қатар Hyundai (5 261 д.), Kia (1 990 д.), Jetour (1 326 д.), Toyota (1 252 д.), Chery (1 123 д.), Haval (1 091 д.), Changan (1 006 д.), Geely (828 д.), Jac (597 д.) маркалары қарашада ең көп сатылған маркалар тізіміне кіреді. Ал 11 ай ішіндегі есепке сәйкес, Hyundai бренді былтырғыдай алғашқы орында тұрақтап отыр. Былтыр дәл осы бренд 44,2 мың, биыл 45,2 мың дана көлік сатқан.

Қазақстан Автокөлік одағының прези­денті (ҚАО) Анар Мақашеваның айтуынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіштер әлі де біршама артады.

«Биылғы 11 айдың нәтижесінде жаңа автокөліктер нарығы өткен жылдың тұтас көрсеткіштерін басып озды. Уәде еткендей, дилерлер серіктестерімен бірлесіп, қаржы құралдары тізбегін кеңейтіп, арнайы ұсыныстар мен акция­ларды іске қосып жатыр. Желтоқсан дәстүрлі түрде автокөлік сатып алуға ең тиімді ай саналады», дейді А.Мақашева.

Автонарықтағы баға қарқыны

Биыл көлік нарығы жаңа сын-тегеуріндерге бетпе-бет келді. 12,4% инфляциямен қатар елдегі автокөлік бағасы да қым­баттады. Жыл соңына қа­рай бағаның өсу қарқыны бәсең­­­дегенімен, көлік иеленудің жал­пы құны ұлғайды.

Ұлттық статистика бюросы­ның есебінше, 2025 жылдың қараша айында машиналар­дың бөлшек сауда бағаларының индексі былтырғы осы кезеңге қарағанда 4,1% артқан.

Елімізде автокөлік сатып алу жағдайлары өндірілген жеріне қарай ерекшеленеді. Мәселен, отандық машиналардың баға өсімі қаңтардағы 22,8%-дан қараша айындағы 0,9%-ға дейін бәсеңдеген. Импорттық жаңа модельдер жыл ішінде 8,7%-ға қымбаттаса, ұсталған шетелдік маркілердің бағасы 0,3%-ға төмендеген.

Өндірісте өсім бар

Ұлттық статистика бюро­сы­ның дерегіне сәйкес еліміз­де биыл 11 ай ішінде 132,6 мың жеңіл автокөлік, 6,9 мың жүк көлігі, 2,6 мың автобус, 3,1 мың тіркеме мен жартылай тіркеме, 662 дана өзге де техникалар өндірілген. Олардың жалпы құны 2,03 трлн теңгені құрайды. Бұл өткен жылғы осы кезеңге қарағанда 15,7% көп. ҚАО президенті Анар Мақашеваның сөзінше, отан­дық автоөнеркәсіп тұрақты өсім мен әрі қарайғы технология­лық опе­рациялардың дамуын көр­сетіп отыр. Басты назар кадр даярлауға аударылған. Бұл сала ЖОО-лармен, техникалық және кәсіптік ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр.

«Мемлекет басшысы Жұмыс­шы мамандықтары жылы деп жариялаған 2025 жылы авто­өнеркәсіпте жұмыспен қамтыл­ғандар саны айтарлықтай өсті. Өндірушілердің дерегіне сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтар мен 1 жел­тоқсан аралығында салада 4 200-ден астам адам жұмысқа орналасты. Бүгінде автоөнеркәсіп 11 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады», дейді ҚАО президенті.

Қытай брендтерінің үлесі ұлғайды

Биыл сатылған жаңа авто­көлік­тер көлеміндегі қытай бренд­терінің үлесі 50%-ға жақын­да­ды. Jetour, Haval, Chery бренд­тері дәстүрлі көшбасшыларды ығыстырып, үздік бестік қатарына кірді. ҚАО дерегінше, қытайлық автокөлік өндірушілердің ел нарығындағы үлесі 2020 жылы бар болғаны 2%-ды құраса, 2024 жылы ол 38%-ға өскен.

Сарапшы Артур Мискарян­ның пікірінше, Қытай автокөлік­терінің Қазақстан нарығын­да басымдық алуына көптеген экономикалық, геосаяси фактор ықпал етті. Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанның көше­лерінде әйгілі BMW, Volkswagen, Mersedes және басқа да еуро­палық автокөліктерден көз сүріне­тін. Бұл компаниялар көрші Ресей­де өндіріс алаңдарын құрып, ресейлік нарықта да, Орта­лық Азия елдерінде де еркін сауда жасаған. Ресей мен Украина арасын­дағы соғыстың басталуына байла­нысты, аталған компания­лар өз өндірістерін жауып тас­тады. Сәйкесінше, қарапайым әрі арзан жеткізу жолдарынан айырылды.

«Отандық тұтынушылар бір сәтте еуропалық автокөліктерді таңдаудан бас тартып, Қытай өнімдеріне назары ауды деу дұрыс емес. Сонымен қатар қытайлық брендтер ел нарығын «жаулап алды» деген сенім де жалған. Еуро­палық автоөндірушілер соғыс­тың әсерінен өз позициясынан айырылып қалды. Тиісінше, осы бос орынға қытайлық брендтер жайғасты», деді сарапшы.

Қытай автоөндірушілері сатып алушылардың басым бөлігі не автонесие рәсімдейтінін, не бөліп төлеу арқылы сатып алатынын ескеріп отыр. Осыған орай олар жергілікті банктермен белсенді түрде ынтымақтасып, жеке несие бағдарламаларын құрып жатыр. Kolesa.kz платформасы жаңа автокөліктер бөлімі­нің басшысы Ербол Шомбинев қытай­лық брендтердің бас­қа бәсе­ке­лестеріне қарағанда тө­мен пайыздық мөл­шерлемелер ұсынатынын айтады.

«Ұсынылған бастапқы жарналары көп жағдайда бар бол­ғаны 5–10%, тіпті кейде 0%-ды құ­рай­ды. Бұл қытайлық брендтерге сату көлемін жылдам өсіруге мүм­кіндік береді. Сондай-ақ несие беруден бөлек, автокөлік­тің баға­сы да маңызды рөл атқара­ды. Қытай көліктері еуропа­лық көлік­терге қарағанда, әдетте, ар­занырақ әрі соның өзінде бай жабдықталуымен ерекшеленеді», дейді Е.Шомбинев.

Электрмобиль елімізде шығарылуы мүмкін

2026 жылы Алматы мен Қостанай қалаларында электр­мо­биль­дерді өндіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапар­беков «Курсив» сайтына берген жауа­бында айтты. Оның сөзінше, келесі жылы елде ішкі нарықтағы сұранысқа байланысты 10 мың электрмобильге дейін жиналуы мүмкін. Вице-министр нақты модельдерді атаған жоқ, дегенмен бұл жерде сөз көбіне қытай электркарлары туралы болып отыр.

Еске салайық, биыл отан­дық тұтынушылар республика­ға электрмобильдерді бажсыз әкелуге арналған квотаны мерзімінен бұрын толық пайдаланды. Бұл квота ЕАОЭ жеңіл­детілген кедендік режімі аясында жүзеге асты. Мемлекеттік кіріс­тер комитеті қыркүйек айын­да квота лимитінің жақын арада аяқталатынын ескерткенмен, қазақстандықтар жаппай электрмобильдерді елге әкелуге тырысып бақты. Нәтижесінде, көптеген тұтынушы жеңілдетілген режім мүмкіндігін пайдалана алмады. Олар автокөлік құнының 15%-ын құрайтын кедендік бажды төлеуге мәжбүр болды. Кейінірек белгілі болғандай, келесі жылы елімізге мұндай квота берілмейтін болды. Демек енді шет мемлекеттерден электрмобиль әкелетін­дер бұрынғыдай тиісті төлемдерді жасауға міндетті.

Дегенмен О.Сапарбеков мұн­дай жағдай елде электр­мобильдер өндірісін ашуға мүм­кін­дік тудырады деп санайды. Ең алдымен, инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде ірі қалаларда ғана емес, қала маңындағы елді мекендерде және автотрассаларда электрмобильдерге арналған қуаттау құрылғыларын құру ішкі сұранысқа тікелей әсер етеді.

Жеңіл машина бағасы қымбаттайды

2026 жылы 1 қаңтардан бас­тап елімізде ҚҚС 12%-дан 16%-ға өседі. Бұл сәйкесінше импорт­­тық автокөліктер бағасы­ның қым­баттауына ықпал етеді. Сонымен қатар айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюы утилизациялық алым мен тіркеу төлемдерінің өсуіне әкеледі. Автонарық сарапшысы Артур Мискарян келесі жылғы нарық жағдайы мөлшерлеме деңгейі­не, нарықты реттеу тәсілдеріне байланысты қалып­тасатынын айтады.

«Негізінен, қазіргі әлемдік нарық жағдайы 2026 жылы әлем­дік автокөлік сатылымы 2018 жылғы, яғни пандемияға дейінгі кезеңдегі деңгейге жақындауы әбден ықтимал екенін көрсете­ді. Автокөлікке сұраныс барлық елде өсіп жатыр. Алайда қазір біздің елде қандай да бір қат­ты тапшылық факторы жоқ. Сәйкесінше, тұтынушыларға қолайлы жағдай құрылып жатыр. Себебі таңдау мүмкіндігі кең, күту мерзімі аз, баға тұрақты. Бірақ автокөлік бағасы арзандайды деуге болмайды. Дегенмен нарықта қысқа мерзімге арналған тиімді ұсыныстарды пайдаланып, жаңа көлік сатып алуға болады», дейді сарапшы.

Дәулет ЖАДЫРАСЫН,

журналист 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Генералға жасалған қастандық: күдікті БАӘ ден Ресейге экстрадицияланды

08 Ақпан 2026 16:17see117

Нипах вирусы шекарадан шықты

09 Ақпан 2026 18:26see115

Rolls Royce, Bentley және БАӘ дегі пәтерлер: Заңсыз ломбард иесінің мүлкі бұғатталды

09 Ақпан 2026 11:25see114

Маңғыстауда бұрынғы таныстары тарапынан жасалған сталкинг бойынша екі қылмыстық іс тергеліп жатыр

08 Ақпан 2026 15:02see113

Семей мен ШҚО әкімдіктері 80 млн теңге үшін соттасты

09 Ақпан 2026 15:56see112

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирді сәтті бастады

09 Ақпан 2026 03:22see112

СҚО да еңбек шарттарын талапқа сай рәсімдемеген 19 лауазым иесі жауапқа тартылды

09 Ақпан 2026 14:44see112

​ Актив Ломбард қа қатысты іс бойынша тергеу аяқталды: шығын 19 млрд теңгені құрады

09 Ақпан 2026 13:02see111

Астана қаласының прокуроры ауысты

09 Ақпан 2026 10:17see111

Қызылорда облысында ақбөкеннің жаппай ағылуы қалыпты жағдай ма

09 Ақпан 2026 12:01see110

Таразда көлігінің жүк салғышынан 38 келі марихуана шыққан ер адам 8 жылға сотталды

09 Ақпан 2026 18:30see110

Павлодарда көлік 13 жастағы оқушыны қағып өлтірді

09 Ақпан 2026 09:58see109

Қазақстанда шекарадағы бақылаудың шалт күшейтілуіне не себеп

09 Ақпан 2026 19:03see109

19 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: Актив Ломбард иесінің былығы әшкере болды

09 Ақпан 2026 15:35see108

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстандағы ауқымды жобаларға қатысады

09 Ақпан 2026 20:51see108

Мектепте неге балалардың пікірі ескерілмейді?

09 Ақпан 2026 22:15see108

Жас сұлуды өсек қылмай...: Жігер Ауыпбаев сүйіктісі екеуін сынағандарға жауап берді

10 Ақпан 2026 01:33see108

Оңтүстік Кореяда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

09 Ақпан 2026 13:02see108

Елена Рыбакина денсаулығына байланысты қиындықтар туралы айтты

09 Ақпан 2026 14:51see107

Черногориядан алаяқтық жасады деген күдікпен түрік азаматы экстрадицияланды

09 Ақпан 2026 18:47see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары