Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Көмек қолын созу игі қоғамның келбеті

Көмек қолын созу игі қоғамның келбеті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Статистикаға сенсек, бүгін қайырымдылықпен 350 мыңнан астам адам айналысады. Сонымен қатар кейінгі бірнеше жылда во­лонтерлікпен айналысатын ұйым­дардың да саны өскен. Егер 2020 жылы елімізде 224 ұйым болса, 2025 жылы олардың саны 810-ға жеткен. Осы деректер Қазақстан халқының қоғамдық іс-шараларға деген қызығушылығының өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл тек қайырымдылықпен шектелмей, жастардың әлеуметтік белсенді­лігін арттырып, қоғамдағы адам­гершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

Айта кетсек, Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл Волонтер жылы болып жарияланды. Бұл шешім еліміздегі еріктілер қозға­лысының дамуына тың серпін бер­ді. Соның нәтижесінде волон­тер­лік ұйымдардың жұмысы жан­данып, еріктілер саны артты. Пан­демия кезеңін айтар болсақ, 500 мыңға жуық азамат волонтерлік қызметке қатысып, 1 миллионнан астам мұқтаж жанға көмектесті. Сондай-ақ табиғи апаттар кезінде де волонтерлер қоғамның маңызды тірегіне айналды. 2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен өңір­лерге көмек көрсету мақсатында еріктілердің қатысуымен 3 440 тон­надан астам гуманитарлық кө­мек жиналып, оның 2 410 тоннадан астамы апат аймақтарына жет­кізілді. Бұл мысалдар волентер­лердің қоғамдағы орны тек көмек көрсетумен шектелмейтінін, ел үшін маңызды әлеуметтік күшке айналғанын дәлелдейді.

Сонымен қатар 2026 жыл Ха­лықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды. Осы тұста волонтерлік қауымдастық «Мә­дени мұраны бірге сақтайық» және «Таза жағалауларды сақтайық» сияқты ауқымды акциялар өткізді. Еріктілер Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акция­сының қозғаушы күштерінің біріне айналды. Аталған акцияға жыл сайын 800 мың адам қатысып ке­леді. Сонымен қоса, биыл Волон­терлікті дамытудың ұлттық индексі мен волонтердің цифрлы паспорты енгізілмек.

Рухани пайда

Ал қазір еліміздегі танымал волонтерлік ұйымдардың қата­рына ЮНИСЕФ волонтерлер қозғалысы, «Қазақстан Студенттер Альянсы» республикалық сту­денттік қозғалысы» Қоғамдық бір­лестігі немесе «Жас ұлан» сын­ды тағы басқа еріктілер орта­лық­тары кіреді. Сондай-ақ корпо­ра­тивтік және белгілі бір салаға ба­ғытталған волонтерлік жобалар­дың қатары да тез артып келеді. Мұндай ұйымдар жастарға уа­қытты қызықты әрі тиімді өткізіп, қарым-қатынас жасау дағдыларын, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін жақсартуға және ең бастысы, мұқтаж адамға көмек бе­ріп, белгілі бір жағдайларға нем­құрайды қарамауға үйретеді. 

Бізге «Қазақстан Студенттер Альянсы» республикалық сту­денттік қозғалысы» қоғамдық бір­лестігінің волонтері Елдара Обай­дулина бұл үдерістің адами дамуы да маңызды рөл атқаратынын айтты. 

– ЕҰУ-дегі Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жо­ғарғы мектебінің ҚСА төра­ға­сымын. Негізінен, волонтерлікпен мектеп кезінен бастап айналыса бастадым. Мектепте оқып жүрген кезде де белсенді болдым, қорша­ған ортаға көмектескім келіп тұ­ратын. Мектеп президенті де бол­дым. Университетке түскенде де дамуымды тоқтатқым келмеді. Сол үшін осындай ұйымдардың жұ­мысына қызығушылық танытып, белсенді араластым. Кейіннен факультетімізде мұндай орталық болмағандықтан, деканат және жоғары курс студенттерінен сұ­растырып, осы ұйымды аштық. Осы жылы біз 60 шақты іс-шара өткіздік. Соның нәтижесінде үздік факультет атандық. 

Сонымен қатар биыл қарттар мен балаларға көмек көрсеттік. Балаларға көмектесу үшін арнайы қаражат жинау акциясын ұйым­дастырдық, демеушілер мен кә­сіпкерлердің қолдауына жүгіндік. Жиналған қаражатқа балалар үйі сұратқан А4 қағазы, папкалар сияқты қажетті кеңсе тауарларын, дамытуға арналған ойыншықтар сатып алып, табыстадық», – дейді Елдара Обайдулина.

Оның айтуынша, волонтерлік қызмет барысында адам жаңа тәжірибе жинап, түрлі ортада өзін сынап көреді. Кейіпкеріміз бұл қызметтің өзіне берген басты мүм­кіндіктері мен артықшылықтарын атап берді.

– Қазір «волонтер» дегеннен гөрі «ерікті» немесе «белсенді» де­ген сөздерді қолданған дұрыс шы­ғар. Яғни еріктілер өз еркімен белгілі бір іс-шараларда, жобаларда көмектесіп, өз ойындағы идея­лар­ды іске асыруға және өзін дамытуға тырысады. Бұл материалдық табыс әкелетін дүние болмаса да, рухани тұрғыдан үлкен пайда береді деп ойлаймын. Жан-жақты адамдар­мен сөйлесесің, тәжірибе жинай­сың. Адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы коммуникациялық қабілетің дамиды, таныстарың көбейеді.

Осының барлығы адамды да­муға жетелейді, ортасын кеңейтеді. Көптеген адаммен араласуға мүм­кіндік береді. Тіпті шетелдік аза­маттармен де танысып, тәжірибе алмасуға болады», – дейді кейіп­керіміз.

Сонымен қатар қоғамдық іс-шараларды, оның ішінде мәдени-шығармашылық кештер мен концерттерді ұйымдастыратын ерікті орталықтар көп. Солардың бірі – ауқымды музыкалық фес­тивальдерді ұйымдастырушы, «Molodost» жастар жобасының волонтері Жансая Сламова. Ол бұл орталыққа қалай кіргені жайлы айтып берді.

– Қазір «Molodost»-та жүрге­німе бір жарым жыл болды. Мен ұйымға кірер кезде медиа коман­да­сына адам қажет болды. Сол кез­де мобилограф әрі жүргізуші бо­лып қосылдым. Осы уақыт ішін­де оннан астам концертке қа­тыстым. Концерттерден бөлек түрлі іс-шараға да бардық. Әлі күнге дейін жүргізуші болып, Instagram аккаунтына стористер түсіріп, әр концерттен тікелей ақпарат беріп жүремін. Маған бұл жерде жаңа адамдармен танысып, коммуникация орна­тып, жақсы орта қалыптастыр­ға­ным ұнайды.

Ең ұнайтыны – өзім жақсы көретін іспен айналысу. Өз қыз­метім арқылы әр концерт сайын жаңа нәрселерді көріп, тәжірибе жинақтаймын. Сонымен қатар түрлі іс-шараға тегін қатысып, ерекше эмоциялар аламын. Мұ­ның бәрі мен үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін, – дейді кейіп­керіміз.

Ерікті болу – мүмкіндік

Премьер-министрдің орын­басары – Ұлттық экономика ми­нистрі Серік Жұманғариннің Мәжіліс депутаттарына берген жауабына сенсек, болашақта во­лонтерлік тәжірибе мемлекеттік және азаматтық қызметке қабыл­дау кезінде де есепке алынуы мүм­кін. Сонымен қоса, мұндай тә­жірибе шетелдің көптеген алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнында ке­ңінен қолданылады. Мысалы, Ре­сейде волонтерлік қызмет оқу орнына түсер кезде артықшылық беріп, емтихан нәтижесіне 1-ден 10 балға дейін қосымша ұпай қо­суға мүмкіндік береді. Ал еліміздің үздің оқу орындарының бірі – На­зарбаев университетінде волон­терлік тәжірибе талапкердің эссесінде көшбасшылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін және әлеу­меттік мәселелерді шешуге қосқан үлесін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұхбат барысында қабылдау комиссиясы еріктілікке қатысты сұрақтар қойып, талап­кердің коммуникация, эмпатия және бастамашылдық сияқты дағ­дыларын бағалай алады. Универ­ситет кешенді бағалау қағидатын ұстанатындықтан, волонтерлік тәжірибе жоғары IELTS нәтиже­лері мен академиялық үлгерімі бар үміткерлер арасында ерекшеленуге көмектеседі. 

Өзінің тәжірибесі мен волон­терліктің оқуға түсер кездегі көмегі туралы Орталық Азиядағы Аме­рика университеті мен Хангук шет тілдер университетінің грант ие­гері, қазір Германиядағы Дуйсбург-Эссен университетінің магис­тратура студенті Алексей Пак айтып берді.

– Менің де алғашқы волон­тер­лік тәжірибем көп адам сияқты жасөспірім кезде басталды. Ол кезде мен Dreamlight атты би то­бының жетекшісі болдым. Біз әртүрлі сапарлық іс-шара аясында балалар үйлеріне барып, балаларға заманауи хореография үйретіп, оларды спорттық белсенділікке тартатынбыз. Кейін біз онколо­гиялық ауруы бар балаларға да барып, олармен ойын ойнап, саламатты өмір салтын насихаттау компанияларына қатыстық. Содан кейін Корей елшілігі мен Корей мәдени орталығының іс-шара­ларына белсенді қатыса бастадық. Осылайша, волонтерлік тәжірибем мәдени бағыт алды. Біз фести­вальдарға, ұлттық мерекелерге және түрлі мәдени іс-шараға қа­тыстық. Ал бакалавриатта оқып жүр­ген кезде студенттік кеңестің пре­зиденті болдым. Біз әкімші­лік­пен бірге әлеуметтік мәселелерді көтеріп, студенттік бастамаларды дамытқан болатынбыз», – дейді Алексей Пак.

Жоғарғы оқу орнына түсер кезде волонтерліктің көмегі тие­тінін, бірақ ол толық грант иеге­рі атанудың кепілі емес екенін ке­йіпкеріміз атап өтті. Оның пікі­рінше, қабылдау комиссиясы, не дегенмен, академиялық жетістік­терді волонтерліктен жоғары бағалайды.

– Менің академиялық және жеке жетістіктерім өзара байла­нысты болды. Мәдениетке, оқуға және зерттеуге қызығушылығым оқуымда көрініс тауып, қиын­дық­тарды жеңуге және маман ретінде дамуға көмектесті. Комиссия ме­нің мотивациямды академиялық және шығармашылық жетістік­терім арқылы көре алды деп ой­лаймын. Дегенмен волонтерлік қызмет әрқашан үлкен артық­шы­лық бермейді, ең алдымен, акаде­миялық жетістіктер маңызды. Бірақ екі үміткердің деңгейі ұқсас болса, ол шешуші рөл атқара алады.

Ең бастысы – сапа, саны емес. Волонтерліктің қызығушылық­тармен байланысы және жалпы тәжірибе балансы маңызды. Сон­дықтан профильді жан-жақты да­мыту керек: оқу, жобалар, жұмыс немесе ұйымдарға қатысу арқылы. Волонтерлікке саналы түрде қарау қажет және шамадан тыс жүкте­меден аулақ болған дұрыс. Ең тиімді бағыттардың бірі – оқытуға байланысты волонтерлік (SAT, IELTS), ол әрі тәжірибе, әрі дағды­ны дамытады. Ең бастысы – бір ба­ғытты таңдап, соған фокус қою, – дейді Алексей Пак. 

Бір қызығы, волонтерлік жас талғамайды. Ерікті қызметке жас та, жасамыс та қатысады. Ұлттық волонтерлік желінің атқарушы директоры Татьяна Миронюктің айтуынша, қайырымдылықпен студент жастар ғана емес, орта және 60-65 жас аралығындағы қарт адамдар да айналысады әрі во­лонтерліктің жаңа түрі дамып ке­леді. Мұғалімдер, заңгерлер, дәрі­герлер және басқа да мамандар өзінің кәсіби білімін қоғам игілігі үшін ақысыз ұсынып, қиын жағ­дайға тап болған отбасыларға көмек қолын созады.

Осылайша, еліміздегі волон­терлік бірреттік акциялар шеңбе­рінен шығып, қоғамдағы азамат­тық мәдениеттің тұрақты бір бө­лігіне айналып келеді. Бүгінде еріктілер әлеуметтік, экологиялық және білім беру салаларында бел­сенді қызмет атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосып жатыр. Во­лонтерлік жастарға жаңа мүм­кіндіктер ашып қана қоймай, түрлі буын өкілін ортақ мақсатқа жұ­мыл­дырады. Сондықтан волон­тер­лік қозғалысты дамыту – жауапты, белсенді әрі жанашыр қоғам қа­лыптастырудың маңызды қадам­дарының бірі болып қала береді.

Нұрай ТІЛЕК,

ЕҰУ-дың 2-курс студенті 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 23:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see123

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see116

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see116

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see115

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see115

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see115

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see115

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see112

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see112

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see107

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see105

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары