Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Конверттегі жалақы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына қалай әсер етеді?

Конверттегі жалақы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына қалай әсер етеді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ашық диалог форматында өткен жиынға 100-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында отандық кәсіпорын басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық сарапшылар болды. Көшпелі отырыстың басты мақсаты – жаңа Салық кодексін іс жүзінде жүзеге асыру жолдарын талқылау, салық жүйесін жаңғырту мәселелерін қарастыру және отандық өндірушілерді қолдаудың тиімді тетіктерін бірлесе айқындау.

Панельдік сессияны салық консультанты Дмитрий Казанцев жүргізді. Кездесу барысында кәсіпкерлер көкейіндегі сауалдарын ашық қойып, мемлекеттік органдардың басшылары мен салалық мамандарынан бірден жауап алу мүмкіндігі берілді. Олардың қатарында Ұлттық экономика, Қаржы, Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп және құрылыс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері болды.

Салық кодексіндегі өзгеріс: Конституциялық Сотқа жүгіну кезінде төленетін баж салығы жойылуы мүмкін

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин көшпелі отырысты көрме алаңында өткізу – еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 600-ден астам кәсіпкерді қамтып, бизнес қауымдастығымен барынша кең байланыс орнатуға, нақты сектордың ортақ пікірін естуге және кәсіпкерлердің сұраныстарына жедел әрекет етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

200-нысан және жалдамалы жұмыскердің әлеуметтік қорғалуы

Талқылаудағы өзекті мәселелердің бірі – жеңілдетілген режимдегі есептілік, атап айтқанда, 200-нысан болды. Ұлттық экономика және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері бұл нысанды сақтау неге маңызды екенін түсіндірді. Бұл есептілік қызметкер үшін төленетін негізгі аударымдарды біріктіреді: әлеуметтік және медициналық сақтандыру жарналары, зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық. Осы төлемдердің тұрақты әрі уақтылы жүргізілуі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылардың мөлшеріне тікелей әсер етеді. Атап айтқанда, жүктілік пен босану бойынша, бала күтімі кезінде, асыраушысынан айырылғанда, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда және жұмыссыз қалған жағдайда берілетін төлемдер осы аударымдарға байланысты қалыптасады. Азамат Әмрин келтірген деректерге сәйкес, былтыр еліміздегі орташа жалақы 435 мың теңгені құраған. Ал кәсіпкерлердің 54%-ы жалдамалы қызметкерлері үшін ең төменгі жалақы ретінде 85 мың теңге көрсетеді.

«Кәсіпкерлер жалақыны ең төменгі мөлшерде көрсетіп, «конвертпен» төлеген жағдайда, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етілмейді. Сондықтан бұл міндетті мемлекет атқаруға мәжбүр, себебі бұл оның негізгі функцияларының бірі. Елімізде 1 млн 300 мың жеке кәсіпкер және 9 млн жалдамалы қызметкер бар. Біз қабылдайтын шешімдер кешенді түрде жасалады, тек бизнес мүддесін емес, қарапайым азаматтардың да жағдайын ескереміз. Егер жалақы 300 мың теңге болса, барлық қорға аударымдар дәл осы сомадан жүргізілуге тиіс. Бұл мемлекетке төленетін ақша емес, бұл адамның өзіне аударылатын қаражат. Яғни ол емханаға барып, медициналық қызмет ала алады. Ал егер сіз оны ертең жұмыстан босатсаңыз, ол алты ай бойы 50-60 мың емес, шамамен 120 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып, отбасын асырауға мүмкіндік алады», деп түйіндеді Азамат Әмрин.

 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар: режим еңбек қатынастарын алмастырмауы керек

Талқылаудағы маңызды тақырыптардың бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін дұрыс қолдану мәселесі болды. Салық кеңесшісі Дмитрий Казанцев елдегі кәсіпкерлерге ашық ескерту жасады: салықты оңтайландыру мақсатында қызметкерлерді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына ауыстыру тәжірибесі, түптеп келгенде, әрі бизнеске, әрі осы режимнің өзіне кері әсер етуі мүмкін. 

«Кейбір кәсіпкерлер қызметкерлерін жұмыстан шығарып, оларды өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде рәсімдегенде, мемлекет те, Мемлекеттік кірістер комитеті де бұл адамдардың бұрынғыдай таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істеп, ай сайын тұрақты табыс алып жүргенін көрмей қалады деп ойлайды. Тек енді ол ресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркеледі. Біз кейде бизнесте шектен шығып кетіп, соның салдарынан осы санатқа берілген мүмкіндіктердің өзі қысқарып қалуына себеп болуымыз мүмкін. Мәселен, B2B форматындағы жұмысты шектеу немесе табыс шегін төмендету сияқты өзгерістер енгізілуі ықтимал», деді Д.Казанцев.

Кәсіпкерлер тарапынан айтылған бұл алаңдаушылықты Азамат Әмрин де растады. Ол уәкілетті органдар бұл режимнің қолданылуын жүйелі түрде бақылап отырғанын атап өтті және егер мұндай бұзушылықтар кең көлемде қайталанса, мемлекет өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімін қайта қарауға дайын екенін жеткізді.

Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды

«Егер мұндай заңбұзушылықтар жаппай сипат алса, біз бұл қызмет түрлерін тізімнен алып тастаймыз. Бұл норманы енгізген кезде-ақ біз оның мұндай қаупі бар екенін айтқанбыз. Бұл – екіжақты жол: жұмыс істеңіздер, тіркеліңіздер, барлық салық өз пайдаңызға төленеді. Бірақ егер бұл режим салықтан жалтару құралына айналса, біз тиісті шаралар қабылдаймыз», деді Азамат Әмрин.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін 521 мың адам пайдаланады. Олардың ішінде шамамен 125 мың адам ай сайын тұрақты түрде түбіртек рәсімдеп отырады.

Салықтық әкімшілендірудің біріктірілген жүйесі және «Таза парақ»

Талқылаудың жеке бөлігі Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі – СӘБЖ және бірыңғай салық төлеуші кабинеті жұмысына арналды. Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, бұл жүйе бұрын бөлек жұмыс істеген жеті түрлі жүйенің орнын басып, өткен жылы-ақ толыққанды іске қосылған.

Жылдың алғашқы тоқсанында ескі және жаңа кабинетті қатар пайдалану бизнес қауымдастықтар мен «Атамекен» ҰКП-ның өтініші бойынша сақталған. Бұл кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі аясындағы есептілікті бұрынғыға үйреншікті форматта тапсыруға мүмкіндік беру үшін жасалды. Вице-министрдің айтуынша, дәл осы өтпелі кезең деректердің сәйкес келмеуіне және пайдаланушылардан келіп түскен өтініштердің көбеюіне негізгі себеп болған.

«Ескі салық төлеуші кабинеті (КНП) тарих қойнауында қалуға тиіс. Біз оны бағалаймыз, бірақ жаңа технологиялар тек жаңа кабинетте ғана дамиды. Ескі жүйеден бас тарту әрі бізге, әрі бизнеске жеңілдік әкеледі. Бірінші тоқсанда екі жүйені қатар ұстау – бизнеске жасалған қолдау. Алайда бұл қосымша қауіптерде туындатады. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша СӘБЖ барлық есептілік нысандарын қабылдады», деді Әсет Тұрысов.

Сондай-ақ вице-министр Қаржы министрлігінде салық мәселелері мен ақпараттық жүйелер бойынша кеңес беретін бірыңғай колл-орталық іске қосылатынын, ал хабарламаларды орталықтандыру мәселесі бизнес қауымдастықтармен бірлескен жедел штабта қаралып жатқанын жеткізді.

Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты

Салықтық әкімшілендіру тақырыбын жалғастыра отырып, қатысушылар микро және шағын бизнестің салық берешегін реттеуге бағытталған «Таза парақ» бағдарламасының қорытындыларын да талқылады. Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, бұл бағдарламаны 19 мыңға жуық микро және шағын бизнес субъектісі пайдаланған. Нәтижесінде 13 млрд теңге көлеміндегі негізгі берешек өтеліп, 9,3 млрд теңге айыппұл мен өсімпұл есептен шығарылған. Оның ішінде 4,4 млрд теңге өсімпұлға, ал 4,9 млрд теңге айыппұлға тиесілі.  Ауқымды түсіну үшін айта кетсек, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда салық берешегі бар 157 мыңнан астам тұлға тіркелген, олардың жалпы қарызы 1,1 трлн теңгені құраған. Соның ішінде 101 мыңнан астамы – микро және шағын бизнес субъектілері, олардың жиынтық берешегі 801 млрд теңге болған.

Бизнес-модель өзгеруі керек

Бизнес қауымдастық атынан сөз сөйлеген «Атамекен» ҰКП ШОБ дамыту комитетінің төрайымы, «LANZHOU COMPANY» ЖШС-нің бас директоры Гүлбану Майғарина салықтық әкімшілендірудегі өзгерістермен қатар, кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-моделін де қайта қарау маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұрын дүкен ашу немесе өнімді сөреге қоюдың өзі тұрақты табысқа жеткізетін уақыт артта қалды.

«Бүгінде ең алдымен бізге қаржылық білім жетіспейді. Біздің сауалнама нәтижесіне сәйкес, микро және шағын бизнес өкілдерінің 68 пайызы маркетингсіз жұмыс істейді. Қазіргі таңда тұтынушыны тарту тәсілдері түбегейлі өзгерді. Егер кәсіпкер заманауи құралдарды қолданбаса, цифрлық ортада жұмыс істеуді білмесе, клиентінің қайдан келетінін түсінбесе, мұны бизнес басқару деп айту қиын. Бүгін бизнесті тек нақты деректерге сүйене отырып басқару қажет. Барлық шешімдер деректер негізінде қабылдануға тиіс. Осы кезеңде нағыз мықтылар – өз бизнесін шынайы басқаратындар», деп атап өтті Гүлбану Майғарина.

Сөз соңында ол мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына ашық диалог алаңын ұсынғаны үшін алғыс білдіріп, жаңа салықтық өзгерістерге бейімделу бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын ерекше атады.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлерден түскен барлық ұсыныстар мен жүйелі мәселелер Салық кодексін енгізу бойынша Жобалық кеңсе аясында тиісті салалық мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік кірістер комитетінің және «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен жан-жақты қаралады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Мамыр 2026 10:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see126

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see126

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see111

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see111

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see108

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары