Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Көшеге шыға алмай қалдық : Түркістан облысында мұздай қаруланғандар 17 жастағы жігітті атып кетті

Көшеге шыға алмай қалдық : Түркістан облысында мұздай қаруланғандар 17 жастағы жігітті атып кетті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Түркістан облысында түн ішінде атыс болып, оның соңы адам өлімімен аяқталды. Оқиғаға қатысты марқұмның анасы мен жәбірленушілердің бірі айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Түлкібас ауданында болған. Бетперде киіп, мұздай қаруланған бұзақылар жайбарақат тұрған жігіттерге оқ жаудырған дейді куәгерлер. Кесірінен оқиға орнында 17 жастағы Төрехан Төреәлі қаза тапқан.

Дәнеркерлеуші болып нәпақа тауып жүрген Төрехан сол кеште көзі ауырып, тамызғы алуға шыққан екен. Алайда ауылдастармен амандасу соңы атысқа ұласып, 17-ге екі ай бұрын толған жігіт туған ағасының қолында жан тапсырды.

Қара жамылған отбасы полицияның екі күннен бері күдіктілер түгілі олар мінген көлікті таппағанына ашынады. Тамағына өксік тығылған Эльмира Айдаралиева баламды жазықсыз өлтіріп кетті дейді. Сөзінше екінші қарашаның кешінде көзі ауырған Төрехан ағасымен аудандағы дәріханаға кеткен екен. Арада екі сағат өткенде әкесі атыс болғанын айтып  хабарласыпты. Жедел Ауруханаға жеткенде олар бір ұлының аман қалғанына қуанғанымен, екіншісінің жансыз денесін көрген.

Видеодан скрин (марқұмның анасы)

“Кейбір балалар қашып үлгерген. Бейқам, ештеңемен шаруасы жоқ балалардың бәрін атқан. Менің балам сол уақытта машинаның астына бүгіліп екі бүктеліп жатып қалған деп естідім. Баламды желкесінен ұстап, шалқасынан түсіріп, жүрек тұсынан атып кетіпті деп естідім. Қасында 17 жасар жолдас баласы болған. Оны да атып өлтіруге оқталған. Ол кезде бандиттердің оғы ада болып қалған екен. Сөйтіп көлігіне мініп кетіп қалған. Ол бала аман қалған”, – дейді марқұмның анасы Эльмира Айдаралиева. 

Түлкібастағы қанды оқиғада төрт жігіт оққа ұшқан. Кәмелет жасына толмаған Төрехан оқиға орнында тіл тартпай кетсе, қалған үш жігіттің аяғы жараланыпты. Олардың бірі қазір амбулаториялық емге жіберілген. Тобығы таңылған жәбірленуші қазір бір өзі емес, бүкіл ауылдың үрейленіп отырғанын айтады. Өйткені күдіктілердің өзі түгілі көлігі де табылмаған дейді.

“Ауылдың балалары болғаннан кейін амандасып, сөйлесіп тұрған кезімде аптекадан шықты да атты. Құладық. Жанымызға келіп, тарсылдатып атып-атып кетті. Олар маскамен келген кісілер. Түрлерін де білмейміз. Көшеге де шыға алмай қалдық. Полицейлер “Казір көшеге шықпай тұра тұрыңдар. Тағы келіп атып кете салуы мүмкін” деп қорқып жатыр ғой”, – дейді жәбірленуші.

Куәгерлер сөзінше бұзақылар шабуылға бетпердемен, дайындалып келген. Көліктен түскен үшеудің де қолында қару болған дейді. Ешкіммен ерегіспедік деген олар не үшін оққа ұшқанын өздері де түсіне алмай әлек. Болжамдары бойынша қаскөйлер өзге адамды көздеп келіп, нысанадан жаңылған.

“Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу шықты. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. Осы факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Жараланған жігіттер оқиға орнына жедел жәрдемді де шақырудан тайсалған. Содан ауруханаға өз көлігімен жетіпті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 20:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары