Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Костенко шахтасындағы 46 кенші өліміне кім кінәлі журналистік зерттеу

Костенко шахтасындағы 46 кенші өліміне кім кінәлі журналистік зерттеу

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі өндірістік апат. Алайда қайғылы оқиғаны тергегендер оның кездейсоқ болмағанын айтып отыр. Жарылыстан бірнеше ай бұрын жер астында өрт болған. Кеншілер тұтанған отты өз қолдарымен сөндірген. Қондырғыларға сәйкес келмейтін бөлшектер орнатылған. Жұмыс жоспарын бұзбау үшін бұл жағдайлар жөнінде тіс жарып айтуға тыйым салынған.

Қарағанды облысы: өлім статистикаға айналған

Қарағанды облысы 20 жылдан астам уақыт бойы қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша көш бастап тұр. Бұл бір реттік жағдай емес, жыл сайын қайталанып отыратын статистикаға айналған. 2000 жылдан 2012 жылға дейін өңірде жыл сайын 41-ден 112 адамға дейін мерт болған.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жариялаған ресми дерекке сәйкес, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бір жылға жетер-жетпес уақытта ел бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан 934 жұмысшы зардап шеккен, олардың 133-і қаза болған. Қарағанды облысы әлі де тізім басында тұр.

Фото: видеодан алынған скрин

Себеп-салдарын талдау көрсеткендей, оқиғалардың 34%-ы өндірістік жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаумен байланысты. Қаза тапқандар — негізінен 30-45 жас аралығындағы ең белсенді жұмысшылар, өндірісті тіреп тұрған білікті мамандар болған.

Әсіресе 2023 жыл ерекше көзге түседі: бұл аралықта алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе көп адам — 70 жұмысшы қаза тапқан. Олардың басым бөлігі — Костенко атындағы шахтадағы жарылыстың құрбандары.

Өмірді аманат еткен шахта

Иван Костенко атындағы көмір шахтасының іргесі 1934 жылы қаланған. Қайғылы оқиға болған кезде ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Көмір департаментінің құрамында болған. Жылдар бойы шахтерлер мұнда 16,5 миллион тонна көмір өндіріп, 47 шақырымнан астам тау-кен қазбаларын жүргізген.

Жергілікті көмір жоғары жылуымен ерекшеленеді және металлургия үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Сонымен бірге, бұл шахта қауіпті нысандар қатарына жатады: мұнда газдың кенеттен атқылау қаупі және көмір шаңының жарылу ықтималдығы жоғары. Соған қарамастан, кеншілер жақындарын үнемі сабырға шақырып, жұмыс орынының қауіпсіз екеніне сендіріп отырған.

Фото: видеодан алынған скрин

— Ол маған Костенко — ең қауіпсіз шахта деп қайта-қайта айтатын. Тіпті интернеттен қарап шықтым, тұтас тарихында небәрі екі оқиға тіркелген, оның өзі ерте кезде желдеткіш тоқтап, жарылыс болып, шамамен 6 адам қаза тапқан. Бірақ соған қарамастан, ол Костенконы ең қауіпсіз шахта деп сендіріп жүрді, — дейді қаза болғандардың бірінің туысы.

2023 жылғы 28 қазанның таңында мыңдаған кеншінің отбасы мазасыз қоңыраулардан оянды. Біреулерге шахтаның өзінен хабарласса, енді біріне таныстары алаңдап қоңырау шалған. Осылайша үйреншікті тыныштықтың орнын әп-сәтте үрей басты.

Жарылыс 48-К3-Батыс лаваның өндіру учаскесінде, 700 метр тереңдікте болған. Дәл сол жерде кеншілер күн сайын көмірді жыныстан ажыратып жұмыс істейтін. Қайғылы сәтте жер астында 200-ден астам адам болған. Соның 46-сы қайтып оралмады.

Фото: видеодан алынған скрин

Тергеуде қаралған үш нұсқа

Жарты жыл бойы қайғылы оқиғаның мән-жайын зерттеген тергеу тобы алғашқы күндерден-ақ үш негізгі нұсқаны қарастырды.

— Біз үш нұсқаны ұсындық: қасақана жарылыс, метан газының кенеттен атқылауы (мұндай жағдайлар жерасты көмір шахталарында кездеседі) және үшінші нұсқа тергеу барысында расталғаны: шахта жабдықтарын пайдалану ережелерінің өрескел бұзылуы және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, — деді тергеу тобының жетекшісі.

Үшінші нұсқа жер астына алғаш түскенде-ақ растала бастады. Тергеу тобының жетекшісі жарылыс ошағына келе жатып, қабырға жанында жиналып тұрған бөлшектерге назар аударған.

Қырғыш конвейер — шахтадағы механикаландырылған өндіру жүйесінің негізгі тетіктерінің бірі. Ол көмірді тасымалдап қана қоймай, комбайнның жұмыс істеуіне негіз болады. Тізбекке бекітілген металл қырғыштар көмірді іліп алып, оны науаның бойымен комбайннан штрек конвейеріне дейін жеткізеді.

2023 жылдың күзінде Костенко шахтасында қырғыштар жаппай істен шыға бастаған. Түрлі деректер бойынша, күніне 3 бөлшектен 20 бөлшекке дейін бұзылған. Бұған лаваның ішінде қатты жыныстың араласуы және тізбекті дөңгелектердің тозуы себеп болған. Әдетте мұндай жағдайда «Фамур» зауытынан жаңа бөлшектер сатып алу қажет еді. Алайда шахта басшылығы басқа шешім қабылдаған.

«Фамур» конвейеріндегі қырғыш ойығының өлшемі 34 мм болса, «Глинник» жабдығындағысы — 38 мм. Осы төрт миллиметр — елемей өтуге болмайтын өте үлкен айырмашылық. Соған қарамастан, шахтада бұл мәселені «шешу» үшін арнайы цех ұйымдастырылған.

— Аумақта үлкен цех болғаны анықталды, онда қырғыштар балқытылып, қолмен сәйкестендірілген. Қауіпсіздік талаптарында мұндай әрекетке қатаң тыйым салынған, — деді тергеу тобының жетекшісі.

Фото: видеодан алынған скрин

Бұған қоса тағы бір заң бұзу болған. Техникалық құжаттарға сәйкес, метан жиналатын кеңістікті тазарту үшін рештакке сығылған ауа берілуі тиіс. Алайда айыпталушылар мұны міндетті талап емес, тек өндірушінің ұсынысы деп түсіндірген. Конвейер арнайы ауа шлангтарымен толық жабдықталмаған. «Фамур Қазақстан» ЖШС директорының көмекшісі сотта 2022-2023 жылдары көмір департаментінің олардың компаниясына едәуір қарыз жинағанын айтты. Мүмкін, дәл осы себепті қырғыштар да, ауа беретін шлангтар да сатып алынбаған.

Ресми тіркелмеген өрттер

2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында өндіру учаскесінде ешбір ресми құжатта тіркелмеген жағдайлар болған. Кеншілер лаваның ішінде тұтанған отты өз күшімен сөндірген. Шахтерлердің өз тілінде мұндай газ тұтануларын — көмір қабатының үстімен жылжып жүретін көгілдір жалынды «зайчик» деп атайды.

— Кейбір кеншілер жауаптарында сол «зайчиктерді» табанымен басып өшіруге тура келгенін айтқан. Ондайда кідіріп тұруға болмайды. Өндірісте жүрген жұмысшылар өртті өздері сөндіріп, кейін басшылыққа — учаске жетекшісіне, одан әрі жоғарыға хабарлаған. Диспетчерлер де бұл жағдайдан хабардар болған, — деді тергеу тобының жетекшісі.

Фото: видеодан алынған скрин

Жұмыс бригадасы чатындағы хабарламалар да осыны растаған: 2 қазанда — жарылыстан 26 күн бұрын кеншілердің бірі тұтану болғанын, екі әріптесінің оны сөндіріп, барлық өрт сөндіргішті пайдаланып қойғанын жазған.

— Әкемнің телефонын ашып қарадым. Ол бригада құрамында болған. Бұл топ «Лучер бригадасы» деп аталады екен. Дәл 2 қазанда әріптесі тұтану болғанын, екі адам өртті сөндіріп, барлық өрт сөндіргішті тауысып қойғанын жазыпты, — деді қаза тапқан кеншінің қызы.

Тергеу 2023 жылдың басынан бергі диспетчер әңгімелерінің аудиожазбаларын зерттеген және диспетчерлер мен өндіру учаскесінің жұмысшылары мұндай тұтанулардың жиі болатынын жақсы білгенін анықтаған. Алайда бұл өрт еш жерде тіркелмеген және бақылаушы органдарға хабарланбаған. Себебі қарапайым: жұмысты тоқтатпау және жоспарды бұзбау үшін мұндай жағдайлар туралы айтуға қатаң тыйым салынған.

Фото: видеодан алынған скрин

Жоспарлар, сыйақылар және қысым

Тергеу қорытындысына сәйкес, басты себеп — экономикалық мүдде болған. Шахта ай сайынғы өндіріс жоспарын ұлғайтып отырған. Жоспар орындалса, қарапайым кеншіден бастап директорға дейін барлығына сыйақы берілетін. Жоспар орындалмаса — тек ең төменгі жалақы төленген.

— Куәгерлер жылдың соңында өндіріс жүріп жатқанда жоспар орындалса, басшылыққа үлкен сыйақы берілетінін айтты. Тіпті өте үлкен сомаларды атаған. Олардың басты мақсаты — ашкөздік. Куәгерлердің сөзінше, лаваны тоқтатқанда, ауысым жетекшісі қоңырау шалып, «Қайсысының есебінен тоқтап тұрмыз?» деп айтқан. Кеншілерге осындай зор қысым көрсетілген, — деп жазылған сот материалдарында.

Сонымен бірге, жер астында үнемі мамандар жетіспеген. Лаваның техникалық паспортында ауысымда 18 адам жұмыс істеуі керек болған. Кеншілердің айтуынша, іс жүзінде 9-13 адам ғана шығатын. Бұл көріністі апаттан кейін мүгедек болып қалған кенші Байәділов өз куәлігінде сипаттаған.

— Костенко шахтасының директоры Мустивко диктатор болды, барлық шартты өзі орнататын, бәрі одан қорқатын. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі басшы белдік, көзілдірік сияқты тек ұсақ-түйекке қарайтын. Шын мәніндегі қауіпсіздік талаптары орындалмайтын. Костенко шахтасына үнемі адам жетіспейтін. Лаваларға техникалық паспорттағы 18 адамның орнына 9-13 адам шығатын. Адамдар барынша қарқынды, айтарлықтай қауіпті жағдайда жұмыс істеген, — деді Байәділов.

Фото: Kazinform

Оған қоса тергеу тобы «жерасты кеншілері» деп көрсетілген кейбір адамдар шын мәнінде жер астына түспегенін анықтаған. Куәгерлердің айтуынша, біреулері басшылық нұсқауымен пәтерде жөндеу жұмыстарын жасаған, басқалары жүргізуші болып қызмет атқарған, тағы бір бөлігі шахта директорының жеке коттеджінің ауласындағы қарды тазалаған.

— Жерасты кеншілері болып көрсетілген жұмысшылар шахта басшылығының тапсырысымен пәтерлерде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Кейбірі бригаданың құрамымен шахтаға түсудің орнына жер бетінде жұмыс істеген, кейбірі жүргізуші болды. Кейде сол уақытта шахта директорының үйінде қар тазалағаны туралы куәгерлердің айтқаны бар, — деді мемлекеттік айыптаушы.

Шаршау мен уайым

Жер астында апат белгілері қордаланып жатқанда шахтерлердің жер үстіндегі өмірі де ауырлай бастаған. Қаза тапқандардың жақындары қайғылы оқиғаға екі ай қалғанда олардың бұрынғыдан өзгеше, шаршаңқы болғанын, ұйқысы қашқанын еске алады.

— Соңғы бірнеше күнде ол қатты шаршап жүрді. Олар үнемі ауысымда болатын. Ұйықтай алмай жүрді. Соңғы екі айда мүлдем қажып кетті, — деді қаза тапқан кеншінің қызы.

Фото: видеодан алынған скрин

«Екі ай» мерзімі кездейсоқ емес: күз басталғалы лаваларда қырғыштардың бұзылуы, өрт және үзіліссіз ауысым басталған еді. Адамдар бұл жағдайды сезген. Бірақ ашық айтуға болмайтын.

Костенко шахтасындағы трагедия — жүйелі заң бұзудың бірнеше ай бойы қордалануының салдары еді. Сәйкес келмейтін, зауыттағы цехта өздері жасап алған бөлшектер. Ресми түрде тіркелмеген бірнеше өрт. Тек қағаз жүзінде толыққан қызметкерлер. Жоспарды орындау үшін көрсетілген зор қысым. Жағдайды ашық айтуға тыйым салынған. Осы элементтердің әрқайсысын жеке шешуге болар еді. Бірақ бәрі бір жүйеге тізіліп, жарылыстың болмай қоймайтынын көрсеткен.

2023 жылғы 28 қазанда соңғы рет жер астына түскен 46 кенші дәл сол күні барлық фактор бірігетінін білмеген. Немесе сезген шығар — бірақ әдеттегідей, тек ауысымға шыққан.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың 15 тамызында Костенко шахтасындағы апат үшін 10 айыпталушы 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 21:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары