Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан турист қыз адасып қалған

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Күннің суытуы мен жаңбыр: 1 қыркүйекте Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады

Алматыда майор cағызға қақалып қалған қызды құтқарып қалды

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

Күйік, шағу және улы саңырауқұлақтар Алматы тауларында туристер неден сақтануы керек

Күйік, шағу және улы саңырауқұлақтар Алматы тауларында туристер неден сақтануы керек

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алматы таулары жазғы серуенге арналған танымал орындардың бірі, алайда мұнда көркем табиғат көрінісімен қатар, қауіп-қатер де жоқ емес. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері Tengri Travel тілшісіне туристерге қандай өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен жануарлар қауіп төндіруі мүмкін екенін, оларды қай жерде кездестіруге болатынын және төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтып берді.

Қандай өсімдіктер қауіпті болуы мүмкін?

Ұлттық парк өкілдері кейбір өсімдіктер ауыр улануға, терінің химиялық және фототоксикалық күйіктеріне, шырышты қабықтың тітіркенуіне, сондай-ақ жүйке, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Дақты балдырған - Conium maculatum

Сабағы қуыс, үстін қара немесе қызыл-қоңыр дақ басқан, гүлдері ақ және иісі жағымсыз биік өсімдік. Мамырдан шілдеге дейін гүлдейді, жайылымда, жол жиегінде, қоқыс жерлерде және арық жағасында өседі.

Өсімдіктің барлық бөлігі, әсіресе гүлдеу кезінде жапырағы мен тұқымы улы. Оны тағамға пайдалану әлсіздікке, қимыл-қозғалыстың бұзылуына, сал және тыныс алудың тоқтауына себеп болуы мүмкін.

Фото: depositphotos.com

Жоңғар уқорғасыны - Aconitum soongoricum

Ірі көк-күлгін гүлдері мен тілімделген жапырақтары бар биік өсімдік. Шілде мен тамызда гүлдейді, өзен-жылғалар маңында, жыра мен шатқалдарда, көбінесе 2300–2400 метр биіктікте кездеседі. Ең улы бөліктері - гүлі, тамыры мен түйнегі.

Тию немесе ішке қабылдау дененің ұюына, жүрек ырғағының бұзылуына, құрысуға, тыныс алу мен жүректің тоқтауына әкелуі мүмкін.

Фото: depositphotos.com

Ақерінді уқорғасын - Aconitum leucostomum

Жапырақтары ірі, гүлдері ақшыл көк немесе шегіргүл түсті өсімдік, мамырдан шілдеге дейін гүлдейді. Орман шеті мен өзен бойында өседі. Өсімдіктің барлық бөлігі, әсіресе тамыры, тамырсабағы мен тұқымы улы, қауіпті қасиеттері кептірілгеннен кейін де сақталады.

Улану кезінде дене ұйып, құрысу пайда болады, жүрек ырғағы бұзылып, қан қысымы күрт төмендейді және тыныс алу мүшелері сал болып қалады.

Тесікжапырақты шайқурай - Hypericum perforatum

Халық медицинасында кеңінен қолданылғанына қарамастан, бұл өсімдік қауіпті болуы мүмкін.

Ол маусым-шілдеде гүлдейді және шалғында, орман алаңқайларында, тасты беткейлерде және өзен маңында кездеседі. Оны қолданғаннан кейін тері ультракүлгін сәулелерге өте сезімтал болып кетеді, бұл қызаруға, қышуға, ісінуге және күн өтуден болатын күйікке әкелуі мүмкін.

Фото: depositphotos.com

Таспажапырақ күймесгүл- Dictamnus angustifolius

Қызғылт немесе ақшыл-күлгін гүлдері бар өсімдік, маусымнан шілдеге дейін гүлдейді, орман шетінде және бұта арасында өседі. Жер үстіндегі барлық бөлігі эфир майларын бөледі.

Жанасқаннан кейін белгілері бірнеше сағаттан соң ғана білінеді: күн астында қатты күйік пен күлдіреу пайда болады, ал жазылғаннан кейін орнында қара дақ пен тыртық қалуы мүмкін.

Фото: depositphotos.com

Тілімделген аюжапырақ - Heracleum dissectum

Жапырақтары үлкен және ақ шатырша гүлшоғыры бар ірі өсімдік, маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Алаңқайларда және өзен аңғарларында кездеседі.

Өсімдік шырыны өте қауіпті: теріге тиіп, кейін күн астында жүргенде қатты ашу, қызару, ісіну пайда болады және термиялық күйікке ұқсас күлдіреу шығады.

Фото: depositphotos.com

Ақжемісті сүттіген - Euphorbia lamprocarpa

Зақымдалған кезде ақ түсті сүтті шырын бөлетін шөптесін өсімдік. Мамырдан тамызға дейін гүлдейді, жол бойында, өзен аңғарларында және тасты жерлерде өседі. Шырыны теріні тітіркендіріп, күйдіреді, ал көзге тиген жағдайда қатты ауырсыну тудырып, көру қабілетін нашарлатады. Егер өсімдікті жұтып қойса, жүрек айну, құсу, іштің ауруы және ауыр улану белгілері байқалуы мүмкін.

Фото: depositphotos.com

Қандай саңырауқұлақтарды жинамаған абзал?

Іле-Алатау ұлттық паркі мәліметінше, мұнда кездесетін саңырауқұлақтардың жартысына жуығы жеуге жарамсыз, ал 17 түрі улы болып саналады.

Мамандар олардың көпшілігі асқазан-ішек жолдарының ауыр улануына әкеп соғатынын атап өтті.

"Іле-Алатау ұлттық паркінің агарикальді саңырауқұлақтары тізімін талдау кезінде жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 64 түрі (жалпы түр санының 32,5 пайызы), шартты түрде жеуге жарамды 5 түрі (2,5 пайызы), жеуге жарамсыз 93 түрі (47,2 пайызы) анықталды. 18 түрдің (9,1 пайызы) жеуге жарамдылығы белгісіз, ал 17 түрі (8,6 пайызы) улы саңырауқұлақтар. Улы түрлердің көпшілігі гастроэнтеральді улануды тудырады", - деп атап өтті ұлттық парк мамандары.

Улы саңырауқұлақтарға келесі 17 түр жатады:

балауыз тәрізді майқұлақ, ағарған майқұлақ, сүйірленген қатарқұлақ; майлы омфалотус, қоңыр-күлгін мицена, таза мицена; жібектей қызғылт пластинкалы саңырауқұлақ, ойық пластинкалы қызғылт саңырауқұлақ; сары терілі қозықұйрық, қоңыр-қызыл лепиота; талшын түсті қолшатыр саңырауқұлағы, қалқаншалы лепиота, күкіртті-сары жалған түбіртек саңырауқұлағы; кірпіш-қызыл жалған түбіртек, тең төбелі талшық саңырауқұлағы; інжу-маржан талшық саңырауқұлағы, ешкі өрмекші-саңырауқұлағы.

Бұл ретте мамандар қалқаншалы лепиотаны даулы түр деп атайды: кейбір дереккөздерде ол жеуге жарамды делінсе, басқаларында өте улы саңырауқұлақтар қатарына жатқызылады.

Тауда қандай жануарлар кездесуі мүмкін?

Ұлттық парк күндіз ресми туристік маршруттармен жүру жалпы алғанда қауіпсіз екенін атап өтті. Дегенмен, кейбір жабайы жануарларға қатысты сақ болу қажет.

Ірі жыртқыштар

Фаунаның ықтимал қауіпті өкілдеріне келесі ірі жыртқыштар жатады:

қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы; сілеусін, қасқыр және жабайы шошқа.

Бұл ретте мамандар бұл жануарлар әдетте адамнан аулақ жүретінін айтты.

"Әдетте бұл жануарлар адамнан аулақ жүреді және олар тек кенет өте жақын қашықтықта кездесіп қалғанда, оларға жақындауға әрекет жасағанда немесе қасында төлдері болған жағдайда қауіп төндіруі мүмкін", - деп түсіндірді ұлттық парк өкілдері.

Фото: depositphotos.com

Қандай жылан, өрмекші мен кенеден сақтану керек?

Парк аумағында мекендейтін жыланның төрт түрінің ішінде тек кәдімгі қалқантұмсық жылан улы болып саналады.

Туристерге аяқ астына мұқият қарауға, қалың шөпке кірмеуге, тас арасындағы саңылауларға қол сұқпауға және жыландарды ұстамауға кеңес берілді.

"Жяу жүру кезінде туристер аяқ астына мұқият қарауы, қалың шөптің арасына кірмеуі, жыландарға тиіспеуі және тас арасындағы қуыстарға қолдарын салмауы қажет", - деп атап өтті ұлттық парк.

Сондай-ақ ұлттық паркте өрмекшінің 80-ге жуық түрі бар, бірақ адамдар үшін нақты қауіп төндіретіні - жалған қарақұрт (Steatoda paykulliana). Басқа қауіпті сегізаяқтылар жоқ.

"Ұлттық парк аумағында кәдімгі қарақұрт кездеспейді", - деп бөлісті ұлттық парктегілер.

Фото: depositphotos.com

Сондай-ақ кейбір иксод кенелері де қауіп төндіреді:

Ixodes crenulatus Koch; Haemaphysalis concinna Koch; Dermacentor nuttalli Olenev.

"Олар иксод кенелер тұқымдасына жатады және қауіпті инфекциялық аурулардың, соның ішінде кене энцефалитінің қоздырғыштарын тасымалдаушы болып саналады. Осыған байланысты туристерге жабық киім киюге, репелленттерді қолдануға және маршрут бойында және одан қайтқаннан кейін денені және киімді мұқият тексеруге кеңес беріледі", - деп атап өтті ұлттық парк.

Туристерге жадынама: Іле-Алатау ұлттық паркінде қауіпті жағдай туындаса не істеу керек?

Тауда күтпеген жағдайда өсімдіктер және жануарлармен кездескенде қалай әрекет ету керек екені туралы шағын кесте дайындадық.

Жағдай Не істеу керек Не істемеу керек Улы өсімдікпен жанасу Өсімдіктен алыстау, теріні сумен шаю, ұлттық парк қызметкерлеріне хабарлау, жағдай нашарлаған кезде медициналық көмекке жүгіну Өсімдікке қайта қол тигізбеу, оның дәмін татпау. Өсімдіктен немесе саңырауқұлақтан улану Тұтынуды тоқтату, ауызды шаю, суды аз-аздан беру, жедел жәрдем шақыру. Құсық шақырмау, алкоголь және белгісіз дәрі-дәрмектерді бермеу. Өсімдіктен күйік алу (аюжапырақ, күймесгүл және т.б.) Өсімдіктің қалдықтарын алып тастау, зақымданған жерді шаю, күн сәулесінен сақтану, күшті реакция байқалған жағдайда дәрігерге қаралу. Жанасудан кейін күнге қыздырынбау, күлбіреген көпіршіктерді жармау. Жабайы жануарды кезіктіру Сабыр сақтау, баяу шегіну, жануардың кетуіне жол қалдыру. Жақындамау, тамақтандырмау, жақыннан суретке түсірмеу, қашпау. Жыланды кезіктіру Тоқтау, қауіпсіз қашықтыққа сабырмен шегіну. Жыланға қол тигізбеу, оны ұстауға немесе өлтіруге әрекет жасамау. Жылан немесе өрмекші шағу Қозғалысты шектеу, тістелген аяқ-қолдағы әшекейлерді шешу, тістеген жерді өңдеу, көмек шақыру. Жгут салмау, шаққан жерді кеспеу, уды сорып алуға тырыспау.д Кене шағу Кенені абайлап пинцетпен алып тастау, шаққан жерді өңдеу және медициналық мекемеге жүгіну. Кенені маймен, спиртпен немесе басқа сұйықтықтармен құюға болмайды. Шағу белгілерінің пайда болуы Жағдайды бақылау, әлсіздік, құрысулар, тыныс алу қиындауы немесе есінен тану байқалған жағдайда жедел жәрдем шақыру. Зардап шеккен адамды өздігінен жүруге мәжбүрлемеу.

Ұлттық парк мәліметінше, кейінгі 2 жылда туристерден улану, шағу немесе жабайы жануарлардың шабуылы туралы шағым түспеген. Осыған қарамастан, туристерге табиғи қорық аумағындағы маршруттарда сақ болу ұсынылады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:49
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 15:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see161

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see152

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see145

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see143

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31 Тамыз 2026 07:42see137

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

30 Тамыз 2026 20:52see135

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

30 Тамыз 2026 11:02see134

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

31 Тамыз 2026 11:59see133

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

30 Тамыз 2026 15:49see130

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

31 Тамыз 2026 09:06see124

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

31 Тамыз 2026 14:20see124

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

31 Тамыз 2026 15:40see123

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

31 Тамыз 2026 16:19see121

Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан турист қыз адасып қалған

30 Тамыз 2026 18:26see121

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

31 Тамыз 2026 14:58see119

Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

30 Тамыз 2026 15:23see119

Күннің суытуы мен жаңбыр: 1 қыркүйекте Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады

30 Тамыз 2026 11:12see116

Алматыда майор cағызға қақалып қалған қызды құтқарып қалды

30 Тамыз 2026 12:40see116

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

31 Тамыз 2026 18:30see116

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

31 Тамыз 2026 12:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары