Күн райы жұмыс қарқынына әсер етпесін Бектенов астық жинау науқаны жайлы айтты
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов биыл жиналған астықтың сапасын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылғы маусым егіншілер үшін оңай болған жоқ. Бірқатар өңірде қуаңшылық белең алып, астықтың шығымына қатысты алаңдаушылық туындаған.
"Дегенмен, қабылданған шаралардың арқасында өнімділік орташа деңгейден жоғары болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ астықтың сапасы да жоғары. Сақтауға түскен бидайдың 74%-дан астамының желімтегі жақсы, 3-ші сыныпты және одан да жоғары. Заманауи агротехнологияларды қолдану және тыңайтқыштарды уақтылы себу нақты нәтиже беріп отыр", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ендігі міндет – егін орағын уақтылы аяқтап, жиналған өнімді сақтап қалу.
"Элеваторлар мен астық қоймаларының, сондай-ақ бидайды кептіруге арналған қуаттардың толық дайындығын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ астықты ысырап қылмай, сапасын жоғалтып алмау үшін барлық тиісті шараларды қабылдау керек. Күн райы жұмыс қарқынына, өнімнің сапасы мен көлеміне әсер етпеуге тиіс", - деп атап көрсетті премьер.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:111
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 13:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















