Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Логопед таппаған ата ана, маманға зәру мектеп

Логопед таппаған ата ана, маманға зәру мектеп

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ертіс-Баян өңіріндегі инклюзивті білім саласы жүйелі көрінгенімен, ішкі иірімдерінде шешімін таппаған түйткілдің аз емес екені аңғарылады. Әлі күнге 150-ге жуық бала түзету кабинеттеріне кезекте тұр. Маман тапшылығы мен төмен жалақы саланың «тұсауына» айналғандай.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзияны қоғамның даму өлшемі ретінде атап өткенімен, жергілікті жер­лерде атқарылып жатқан жұ­мыс ширатуды қажет ететінд­ей. Арнайы мамандардың тапшы­лығы, түзе­ту қызметтеріне сұра­ныс­тың артуы, сондай-ақ кейбір білім ұйымдарының материал­дық-тех­ни­калық базасын күшейту өзек­ті мәселеге айналып тұр.

Бүгінде облыста ерекше білім қажет ететін 8,5 мыңнан астам бала бар. Бұл жай ғана статис­тика емес, бұл – 8,5 мың тағдыр, 8,5 мың отбасының үміті. Оның ішінде 1 800-ден аса бала мектепке дейінгі ұйымда, 900-ден астам бала арнайы мектеп-интернатта, 3 700-ден астам бала жалпы білім мектепте, 150-ден астамы техникалық және кәсіптік білім ұйымында қамтылған. Сонымен қатар аутизм орталығында 40-тан аса жас­өспірім, психология­лық-педагогикалық түзету каби­нетінде 300-дей жеткіншек қолдау қызметтерімен қамтылған.

Өңірдегі 35 арнайы білім ұйы­мы мен мектептер жанынан ашылған 21 инклюзияны қол­дау кабинеті құптарлық дүние. Дей тұрғанмен, бұл ұйымдар мен кабинеттердің негізгі бөлігі Павлодар, Екібастұз, Ақсу сияқты ірі қалаларда ғана шоғырлан­ған. Ауылдық жерлердегі ерекше бала­лардың жайы қалай болмақ­шы? Ауылдағы ата-ана баласын қалаға тасымалдауға қауқарсыз болса, жеткіншектің қоғамнан оқшауланып қалу қаупі жоғары. Инклюзия тек қалалық жерлердің артықшылығы емес, ол кез келген ауыл баласына қолжетімді орта болуы шарт.

Ең үлкен кедергілердің бірі – кезек мәселесі. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинет­теріне әлі күнге 150-ге жуық баланың кезекте тұруы да ойландыратын жайт. Мұндай балаларға  әрбір ай, әрбір күн маңызды. Оңалту курстарының бір жылға дейін созылуы жаңадан келген балалардың жолын бөгеп тас­тайды. Бұл жерде мемлекеттік ұйымдардың сыйымдылығы мен мамандардың тапшылығы айқын байқалады. Маман демекші, логопед, дефектолог, олигофренопедагогтер мен педагог-ассистенттер жетіспеушілігі байқалады.

«Кейбір түзету қызметтеріне сұраныстың жоғары болуына байланысты кезек қалыптасуы мүм­кін. Кезектің қалыптасуы көбіне психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курстарының ұзақтығына байланысты болып отыр. Әдетте,  мұндай курстардың ұзақтығы 90 күннен 365 күнге дейін созылатындықтан, жаңадан балаларды қабылдау белгілі бір уақытты талап етеді. Ал жалпы облыста 4 психологиялық-ме­дициналық-педагогикалық консультация жұмыс істейді. Ата-аналар соларға жүгініп, баланың даму ерекшелігіне қатысты кешенді бағалау мен ұсынымдар ала алады. Комиссия баланың қандай білім беру жағдайында оқуы қажет екендігін анықтап, тиісті қорытынды береді», дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Алма Айтуарова.

Мәселенің төркіні кадрлардың жетіспеушілігінде емес, оларды ұстап тұратын ынталандыру жүйесінің аздығында жатқан сияқты. Педагог-ассистенттің жалақысы 120 мың теңгеден басталатынын ескерсек, бұл саладағы кадр жетіспеушілігіне таңғалудың қажеті жоқ. Ерекше баламен күні бойы жұмыс істеу, оның әрбір мінезі мен қажеттілігіне бейім­делу – орасан зор психологиялық жүктеме. Машақаты мол жұмыс­тың тиісті деңгейде бағалан­бауы білікті мамандардың жеке сек­торға кетуіне немесе мүл­­де басқа салаға ауысуына итермелейді. Салдарынан мем­лекеттік мектеп­тердегі инклюзия «формальды» сипат алып кетуі мүмкін.

Оның үстіне материалдық-техникалық базаның ескіргені де белгілі. Қазіргі заманғы технологиялар, сенсорлық бөл­ме­лер мен арнайы құрал-жаб­д­ық­тар тек санаулы ғана орталық­тарда бар. Инклюзиялық білім – бұл баланы мектепке әкеліп, оны сыныптың бір бұрышына отыр­ғызып қою емес. Ол – баланың өзін жайлы сезінуі, сабаққа толық­қанды қатысуы және өзгелермен тең қарым-қатынас жасауы. Бұл үшін тек қана маман емес, соған лайық­талған орта керек.

Павлодар облысындағы ин­клюзивті білім жүйесі бүгінде үлкен трансформация алдында тұр. Жекеменшік орталықтардың көбеюі мен қайырымдылық қорларының белсенділігі мем­лекеттік олқылықтың орнын толты­рып жатқандай. Дей тұрған­мен, инклюзия – коммер­ция­лық жоба емес, ол әлеуметтік жауап­кершілік екенін ұққанымыз абзал. Сондықтан сапаны бірінші орынға қоятын кез келді.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары