Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Made in KZ: сауда сөресіне апарар жол

Made in KZ: сауда сөресіне апарар жол

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кәсіпорын үшін ең маңыздысы – тауарын дүкен сөресіне жеткізіп, тұтынушыға ұсына алу. Осы тұста қазақстандық өндірушілер ірі сауда желілеріне кіру, қолайлы орын алу, маркетплейстерде көріну және импорттық өнімдермен тең жағдайда бәсекелесу мәселесіне тап болады.

Енді Үкімет бұл кедергілерді заңнамалық талаптар, сауда желілерімен жасалған меморандумдар және цифрлық құралдар арқылы азайтуды көздеп отыр. Жаңа тәсіл бойынша отандық тауарларға бөлінетін орын жалпы көрсеткіш ретінде ғана есеп­телмей, әрбір санат пен кіші санат бойынша жеке қарастырылмақ. Бұл талаптың қағаз жүзінде орындалуына жол бермеуге тиіс.

Мұндай өзгерістер ішкі сауда көлемі айтарлықтай өсіп отырған кезеңде қолға алынып отыр. Сауда және интеграция ми­нистрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанның ішкі та­уар айналымы 15,3%-ға ұлғайып, 36,2 трлн тең­геге жеткен. Оның ішінде азық-түлік сау­да­­сы 27,8%-ға өсіп, 8,7 трлн теңгені құра­­ды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың сатылымы 11,7%-ға артып, 27,3 трлн теңгеге жетті.

Нарық көлемінің ұлғаюы отандық кәсіп­орындар үшін жаңа мүмкіндік болғанымен, саудадағы өсім автоматты түрде жергілікті өндірушілердің үлесін арттырмақ емес. Егер дүкен сөрелерінде импорттық тауарлар басым тұрса немесе қазақстандық өнім тұ­тынушыға көрінбейтін жерде орналастырылса, өндіріс көлемінің артуы кәсіпорындардың нақты табысына толық әсер етпеуі мүмкін.

Отандық өнімге орын бөлу – оң шешім

Сондықтан қолданыстағы талап бойынша азық-түлік тауарларына арналған сөрелердің кемінде 50%-ы, азық-түлікке жатпайтын тауар­лар сөресінің кемінде 30%-ы отандық өнімге берілуге тиіс. Мемлекеттік қолдау алған сауда нысандарында бұл норматив тағы 20%-ға жоғарылайды. Бұған қоса, қа­зақстандық өнімдер қолжетімді әрі көзге бірден түсетін орындарға қойылып, «Қазақ­станда жасалған» белгісімен таңбалануы керек.

Бұл талаптар енді дәстүрлі дүкендермен шектелмейді. Қазақстандық тауарларды Kaspi, Halyk Market, Clever, TEEZ секілді маркетплейстерде де арнайы белгілеу қарас­тырылған. Өйткені тұтыну нарығының бір бөлігі интернетке ауысқан жағдайда, тек дүкен сөресінен орын бөлу жеткіліксіз. Отан­дық өнім цифрлық сауда алаңдарында да іздеу нәтижелерінен, санаттардан және ұсыныстар тізімінен көрінуі қажет.

Ranking.kz сарапшыларының түсіндіруін­ше, жаңа талап сауда желілерінің отандық өнімге орын бөлуді тек есеп үшін орындауына жол бермеуі керек.

«Егер белгіленген үлес әрбір тауар санаты бойынша жеке есептелсе, дүкендер талапты бір­неше өнім түрімен ғана орындап қоя ал­май­ды. Қазақстандық тауарлар сауда орны­ның әр бөлімінде нақты ұсынылуға тиіс», – деп түсіндіреді сарапшылар.

Экономист Эльдар Шамсутдиновтің сөзінше, отандық өндірісті қолдаудың ең қарапайым әрі тиімді жолы – жергілікті тауарды сатып алу.

«Әрине патриотизм сапаның орнын баса алмайды. Отандық өндіруші баға, сапа және қызмет көрсету жағынан бәсекеге қа­білетті болуы керек. Бірақ көрші елдер экспортты белсенді субсидиялап, өз нарығын қорғап отырған кезде дамушы экономикада бәсекеге қабілетті өндіріс бірден қалыптас­пайды. Сондықтан бағасы мен сапасы көңілге қоным­ды отандық тауарды сатып алу – экономикалық таңдау ғана емес, азаматтық жауапкершілік», – дейді экономист.

Қазір отандық өнімнің саудаға шығуын жеңілдету үшін жаңа өндірушілерге арнайы стартап сөрелері мен «жасыл» сауда орындарын ашу жоспарланған. Сауда желілеріне жет­кізушілердің тауарын қабылдаудан негізсіз бас тартуға тыйым салынады. Сонымен қатар сауда орнын жалдау ақысын жылына бір реттен жиі қайта қарауға болмайды. Осы талаптарды іске асыру үшін Magnum, Small, «Дина» және басқа да ірі сауда желілерімен, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен меморандумдар жасалған.

Өз өніміңде пайда бар

Алайда отандық өнімді қолдау дүкен сөресінен орын берумен немесе тұтынушыны жергілікті тауар сатып алуға шақырумен шектелмейді. Бұл саясаттың екінші маңызды бөлігі – мемлекет тарапынан тұрақты тапсы­рыс қалыптастыру. Ұлттық аналитикалық орта­лықтың аға зерттеушісі Расул Қоспа­новтың пікірінше, осы бағыт елдің қазіргі экономикалық саясатында айқын көріне бастаған.

2025 жылы отандық тауар өндірушілермен жасалған ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттардың көлемі 2,3 трлн теңгеден асты. Ал мемлекеттік сатып алу, «Самұрық-Қазына» қоры мен жер қойнауын пайдалану­шылар жасасқан келісімшарттардың жиынтық көлемі 596 млрд теңгеге жетті.

Осындай кепілді тапсырыстардың арқасында бұрын арзан импортпен бәсекелесе алмай, ірі компаниялардан тапсырыссыз қалған кәсіпорындар өндірісін қайта жандандыра бастады. Мысалы, Қарағандыдағы Kaz-metiz зауыты ұзақмерзімді келісім­шарттарға қол жеткізгеннен кейін болат сым мен болат арқан өндірісін 7,3 мың тоннадан астам көлемге ұлғайтты.

Расул Қоспановтың айтуынша, офтейк-келісімшарттар, мемлекеттік сатып алуда отандық компанияларға басымдық беру, өндірісті жергіліктендіру және отандық тауар өндірушілердің реестрін құру бұрын жекелеген қолдау шаралары ретінде қабыл­данатын. Қазір бұл тетіктер біртұтас өнеркә­сіптік саясатқа біріге бастады. Оның негізгі қағидасы – мемлекет нарықты сырттай бақылаушы ғана емес, отандық өнеркәсіптің алғашқы ірі тапсырыс берушісі болуы керек.

Сарапшы мұндай тәсілдің әлемдік тә­жірибеде бұрыннан қолданылғанын атап өтті. Соғыстан кейінгі Францияда Шарль де Голль үкіметі стратегиялық салаларды қолдап, ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырды және ұлттық технология­ларды дамытуға жағдай жасады. Соның нәтижесінде Renault, Total және EDF секілді ірі ұлттық компаниялардың күшеюіне жол ашылды. Франция өнеркәсіптік саясатты шетел капиталы мен аса маңызды импортқа тәуелділікті азайтатын ұлттық егемендіктің бір бөлігі ретінде қарастырды.

Осыған ұқсас саясатты 2011-2018 жылдары Малайзия да жүргізді. Ел билігі трансұлттық корпорацияларға жергілікті жеткізушілермен көбірек жұмыс істеу талабын қойып, өндірісті жергіліктендіруді кеңейтті. Ал Қазақстандағы қазіргі бағытты Расул Қоспанов «ақылды про­текционизм» деп бағалайды. Бұл – нарық­­ты импорттан толық жабу емес, мемле­кеттік тапсырыс пен нақты талаптар арқылы отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Импорттан асу «әсте-әсте»

Импортқа тәуелділіктің біртіндеп төмен­деуі де осы үрдісті растайды. 2026 жылдың алғашқы жартысында критикалық азық-түлік импортының үлесі 15,3%-дан 14,7%-ға азай­ған. Бірақ бұл көрсеткішті тек шектеу шаралары арқылы одан әрі төмендету мүмкін емес. Импортты алмастыру үшін отандық кәсіпорын ішкі нарыққа сапалы, қолжетімді және тұрақты көлемдегі өнім ұсынуға тиіс.

Осы мақсатта тауар сапасына бақылау күшейтілуде. Қазір 11 тауар тобы сауда сөрелерінде және шекарада тексеріледі. Елде 20 техникалық регламент пен 9 756 ұлттық стандарт қолданылады. Бұл талаптар ішкі нарықты сапасыз тауардан және жосық­сыз импорттаушылардан қорғаумен бірге, қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.

Мәселен, 29 «Халал» стандартының енгізілуі нәтижесінде екі жылда ет экспорты 50%-ға өскен. Демек стандарттау кәсіпкерлер үшін қосымша кедергі ғана емес, жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік беретін құралға айналуы мүмкін.

Сауда жүйесін цифрландыру да отандық өнімді өткізуге ықпал етпек. Ұлттық тауарлар каталогында 85 мың тауар мен қызмет түрі жік­теліп, 30 млн тауар цифрландырылған. Жүйеде 67,7 мың пайдаланушы тіркелген. Осы каталог негізінде жасанды интеллект көмегімен нарықты талдайтын «Сауданың цифрлық айнасы» әзірленіп жатыр.

Қазақстан ұн мен зығыр экспорты бо­йын­ша әлемде екінші, жасымықтан төртінші, күнбағыс майынан алтыншы, бидайдан жетінші, арпадан сегізінші орында. Бұл деректер елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп қана қоймай, сыртқы нарыққа ірі көлемде жеткізе алатынын көрсетеді.

Бұл саясаттың түпкі мақсаты импортты толық ығыстыру емес. Негізгі міндет – қа­зақ­стандық кәсіпорынға әділ бәсекелесу мүм­кіндігін беру, ішкі нарықтағы орнын күшейту және сапалы өніммен сыртқы нарық­қа шығуына жағдай жасау.

Кәмила ДҮЙСЕН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 06:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары