Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбеде ауыл тұрғынын бопсалаған үш күдікті қамалды

Жұмыртқа мен майдың бағасын көтергендер жазаланды

Qarakesek лақап атымен танымал әншінің ісі сотқа түсті

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

Астанада тұрғын үй құрылысына бөлінген 2 млрд теңге жымқырылған

Ол маған жол ашты : Михаил Шайдоров ағасы Денис Тен жайлы жүрекжарды сөзін айтты

Instagram, TikTok, Telegram: студенттер күнделікті жаңалықты қайдан оқиды?

Батыс Қазақстан облысында республикалық бастама аясында коалиция құрылды

АҚШ биыл Украинаға 15 млрд долларға қару жарақ жеткізеді Рютте

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

Burabay Ice 2026 жарысына 11 елдің желаяғы қатысады

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

Түгенделген тауар мемлекетке тиімді

Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды

Еліміздің көк байрағы Милан төрінде желбіреді Туризм және спорт министрі

Алматылық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр

Оқу ағарту министрлігі форумдар мен жиындарды қысқартуға кірісті

Маман даярлау сапаланды

Маман даярлау сапаланды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп аталып, еңбек адамының қоғамдағы рөлі айшықталды. Әрине, мықты маман бір күнде қалыптаспайды. Өндіріс талабына сай кадр даярлау ұзақ та жүйелі еңбекті талап етеді. Ал сол жұмысшы мамандықтарының алғашқы «ұстаханасы» – колледждер екені белгілі. Бір жыл ішінде техникалық және кәсіптік білім ұйымдары қандай нәтиже көрсетті? Қоғамның еңбек адамына көзқарасы шынымен өзгерді ме, студенттердің жұмысшы маман болуға ықыласы артты ма? Осы сауалдардың жауабын саралап көрдік.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Нарық талабы

Техникалық және кәсіптік білім жүйесі үшін осы жыл ерекше серпін берді. Алғаш рет 2 қазан ресми түрде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім қызметкерлері күні болып белгіленді. Жалпы, колледждің басты өлшемі қанша адам оқытқанынан емес, қанша түлекті нарыққа бейімдей алғанынан көрінеді. Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовтің айтуынша, биыл кадр даярлау мен түлектерді жұмыспен қамту бағытында айтарлықтай нәтиже бар. Мәселен, елдің жетекші кәсіпорындарына 1400 түлек жұмысқа орналасқан, бұл – жос­парланған көрсеткіштен 40%-ға жоғары деген сөз. Бұған жай статистика деп қарамауымыз керек. Жүйедегі өзгерістің белгісі осы сандардан анық аңғарылады. Бұрын колледж бітіріп, жұмыс таппай жүретін жастар көп еді. Енді осы мәселені шешуге бағытталған жаңа тетік іске қосылды. Әкім­діктермен бірлесіп енгізілген бұл механизм кәсіпорындардың нақты сұранысын ескере отырып, кейіннен кепілді жұмыспен қамтуға басымдық береді. Яғни «алдымен оқытайық, кейін көрерміз» емес, «кім керек – соны дайындайық» деген қағида алға шықты. Бұл тәсілдің нәтижесі де көріне бастады. 2025 жылы жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша 13 мың студент оқуға түсті. Қазіргі кезде осы бағыт аясында қабылданған 43 мың білім алушының шамамен 8 мыңы оқуын аяқтап, толықтай жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Бұл – колледж бен өндірістің бір-біріне жақындағанын, білім берудің еңбек нарығымен «бір тілде сөйлей» бастағанын көрсетеді.

Жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс артқан сайын мемлекет тарапынан қолдау да күшейді. Осы оқу жылында мемлекеттік білім тапсырысы аясында 145 мың студент оқуға қабылданған. Оның 70 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталуы ел экономикасына қажетті негізгі салаларға басымдық берілгенін аңғартады. Ең маңызды жаңалықтың бірі – 9-сыныпты бітірген әр түлекке сұранысы жоғары бағыттар бо­йынша тегін білім алу мүмкіндігінің берілуі. Бұл қатарда машина жасау, энергетика, IT, металлургия, құрылыс, көлік секілді өндірістің қаңқасын ұстап тұрған салалар бар.

Мектеп бағдары

Жұмысшы мамандығына бет бұру колледж табалдырығында бір-ақ басталмайды. Оның алғашқы ұшқыны мектепте, яғни бала өз қабілетін танып, қы­зығушылығын аңғарған сәтте тұтануы керек. Сондықтан биыл алғаш рет орта білім ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші (профориентолі) лауазымы енгізілді. Мінеки, осы шешімнен соң оқушыға «Кім боласың?» «Қайда барасың?», «Тестілеуде қай пәнді таңдайсың?» деген сұрақтар 11-сыныпта емес, әлдеқайда ертерек қойылады.

Осы мақсатта Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Маман» деп аталатын ерте кәсіптік бағдар берудің ұлттық моделін әзірлеген. Бағдарлама 1–11-сынып оқушыларын толық қамтып, оқу үдерісі мен сабақтан тыс жұмыстарға кіріктірілген. Ең бас­тысы, модель мектепті колледж­дермен, жоғары оқу орындарымен және жұмыс берушілермен бір желіге байлап, білім мазмұнын нарық талабына сәйкестендіру үшін цифрлық құралдарды да қолдануды көздейді.

Осы қатарда жоғары сынып оқушыларына кәсіби біліктілік беру жөніндегі қанатқақты жоба да назар аудартады. Жоба бо­йынша 11-сынып түлегі аттестатпен бірге техникалық білім туралы диплом алу мүмкіндігіне ие. Қазірге дейін 905 түлек колледж дипломын алып, еңбек нарығына шықса, тағы 1095 оқушы оқуын жалғастырып жатыр.

Дуалды оқыту

Теория мен практиканы қатар меңгерген студенттің мықты маман болары анық. Осындайда дуал­ды оқытудың маңызы зор. Яғни студент бір мезетте әрі оқиды, әрі өндірістің ішіне кіріп, кәсібін шынайы ортада меңгереді.

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовтің айтуынша, қазіргі таңда 4080 кәсіпорын 622 колледжге шефтік қолдау көрсетіп келеді. Мұның мәні – кәсіпорын оқу орнына тек «тәжірибе өткізетін орын» ретінде қарамай, нақты серіктеске айнала бастағаны. Бірі өзіне керек кадрдың қалай даярланатынын қадағаласа, екіншісі еңбек нарығының талабын біліп, бағдарламасын соған икемдейді.

Қазір дуалды оқыту жүйесі тех­никалық және кәсіп­­тік білім ұйымдарының 552-сінде ен­гізілген. Бүгінде осы жүйе­мен 132 мың студент білім алып жатыр. Бұл – тәжірибе сағатын көбейту ғана емес, студенттің өндіріс мәдениетін, тәртібін, жауапкершілігін ерте қалыптастыруға бағытталған қадам. Соның арқасында жас маман диплом алған күні кә­сіпорынға «жаңа адам» болып бар­майды, бұрыннан таныс ортаға келгендей бейімделіп барады.

«Дуалды оқытуды жаңа деңгейге шығаратын халықаралық тәжірибелер де назардан тыс қалған жоқ. Наурыз айын­да Қостанай қаласында «Сарыарқа­АвтоПром» базасында не­містің EBZ серіктесінің қатысуы­мен дуалды оқытудың халықаралық орталығы ашылды. Мұндай орталық үздік тәжірибені таратып, дуалды оқытудың ел көлеміндегі ауқымын кеңейтуге, әдістемені жетілдіруге, өндіріс талабына сай оқу үдерісін қайта құруға жол ашады», деді Ә.Мұханбетов.

Әлемдік стандарт

Жұмысшы мамандығы көбіне «жергілікті нарыққа ғана керек» деген түсінікпен шектеліп қалатын. Ал биылғы үрдіс бұл шеңберді кеңейте бастады, яғни колледждер өз шәкіртін тек бір өңірдің емес, әлемдік еңбек нарығының талабына бейімдеуге ұмтылды.

«Ең әуелі студенттер мен оқытушыларға арналған акаде­миялық ұтқырлықтың жаңа қағи­далары бекітілді. Бұл олар­дың ел ішінде де, шетелде де алмасу бағдарламаларына қа­тысу мүмкіндігін кеңейтті. Соның нәтижесінде биыл шамамен 400 педагог пен 200-ге жуық колледж студенті шетелде тағылымдамадан өтті. Мұндай тәжірибенің пайдасы көрген-білгенмен ғана өлшен­бейді. Олар өндірістік мәдениетті, оқытудың жаңа әдістерін, нақты технологиялық тәртіпті алып келеді. Ал бұл өзгеріс ертең аудиторияға да, шеберханаға да әсер етеді. Кол­ледждерді халықаралық кеңістікке шығарудың ең бас­ты мәні – маманның құзыретін әлемдік стандартпен өлшейтін орта қалыптастыру. Сол себепті Қазақстан колледждерінде алғаш рет студенттерді халықаралық деңгейде сертификаттау үдерісі іске қосылды. Бұл – жас маманның кәсіби дағдысын халықаралық талапқа сай растауға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Мұның артында шетелдік жұмыс беру­шілер тарапынан мойындалу, тағылымдамадан өту, тіпті АҚШ, Канада, Еуропа және Азия елдерінде жұмысқа орналасуға жол ашатын мүмкіндік тұр», деді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры.

Халықаралық ықпал­дас­­тық­тың тағы бір көрінісі – колледж­дердің шетелдік білім ұйым­да­рымен әріптестікті белсенді дамытуы. Бүгінде 9 колледж халықаралық аккредитациядан сәтті өткен. Қазақстан 30-дан астам елмен, оның ішінде Қытай, Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Грузиямен академиялық ұтқыр­лық, тағылымдамалар және өзге де бағыттар бойынша 60-тан астам келісім жасасты. Мұның өзі кәсіби білімнің «ішкі айналымнан» шығып, сыртқы тәжірибемен жаңара бастағанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»

Тағзым • Бүгін, 08:25

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Аламанда алған жүлде – қомақты

Спорт • Бүгін, 08:00

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тарихи тамырмен табысқан сәт

Қоғам • Бүгін, 07:50

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбеде ауыл тұрғынын бопсалаған үш күдікті қамалды

13 Ақпан 2026 20:44see133

Жұмыртқа мен майдың бағасын көтергендер жазаланды

13 Ақпан 2026 19:07see117

Qarakesek лақап атымен танымал әншінің ісі сотқа түсті

13 Ақпан 2026 20:44see115

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

12 Ақпан 2026 23:33see113

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

12 Ақпан 2026 23:27see113

Астанада тұрғын үй құрылысына бөлінген 2 млрд теңге жымқырылған

13 Ақпан 2026 19:37see113

Ол маған жол ашты : Михаил Шайдоров ағасы Денис Тен жайлы жүрекжарды сөзін айтты

14 Ақпан 2026 10:45see113

Instagram, TikTok, Telegram: студенттер күнделікті жаңалықты қайдан оқиды?

13 Ақпан 2026 17:07see112

Батыс Қазақстан облысында республикалық бастама аясында коалиция құрылды

13 Ақпан 2026 18:51see112

АҚШ биыл Украинаға 15 млрд долларға қару жарақ жеткізеді Рютте

14 Ақпан 2026 12:27see111

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды

13 Ақпан 2026 17:13see111

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

14 Ақпан 2026 10:59see111

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

12 Ақпан 2026 23:50see110

Burabay Ice 2026 жарысына 11 елдің желаяғы қатысады

13 Ақпан 2026 22:57see110

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

13 Ақпан 2026 01:36see110

Түгенделген тауар мемлекетке тиімді

14 Ақпан 2026 09:08see108

Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды

14 Ақпан 2026 13:50see108

Еліміздің көк байрағы Милан төрінде желбіреді Туризм және спорт министрі

14 Ақпан 2026 07:49see107

Алматылық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр

13 Ақпан 2026 17:06see107

Оқу ағарту министрлігі форумдар мен жиындарды қысқартуға кірісті

13 Ақпан 2026 19:37see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары