Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Педагогтарды даярлау ісі бақыланады

Педагогтарды даярлау ісі бақыланады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кеңес жұмысына ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Асқарбек Ертаев, сондай-ақ болашақ педагогтарды даярлауға маманданған жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы педагогикалық білім беру сапасы және оған тікелей байланысты мектепке дейінгі және мектептегі оқытудағы өзекті мәселелер болды. Вице-премьерге Педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асыру­дың негізгі бағыттары мен нәтижелері баяндалды. Сонымен бірге ЭЫДҰ жүргізетін Халықаралық оқыту мен оқу зерттеуінің (TALIS) аясында дайындалған аналитикалық қорытындылар таныс­тырылды. Зерттеу кейінгі үш жылдағы педагогтарды даярлау жүйесін жаңғырту барысындағы оң өзгерістерді де, оның әлсіз тұстарын да көрсетті. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарындағы мұғалімдер мен тәрбиешілерді сапасыз даярлау фактілері мен мектеп түлектерінің жеткіліксіз дайындық деңгейі өзара байланысты мәселелер ретінде атап өтілді.

Сонымен бірге кеңес барысында функционалдық сауаттылықты арттыру, мұғалімдердің сыни ойлау мен цифрлық дағдыларын дамыту әдістемелерінен бастап, жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізудің нақты тетіктеріне дейінгі бірқатар мәселе талқыланды.

Бұған қоса, бүгінде Қазақстанда бакалавриат деңгейінде педагог даярлау лицензиясы бар 52 жоғары оқу орны жұмыс істеп жатқанына қарамастан, кадр тапшылығының сақталып отырғаны ерекше атап өтілді.

Қордаланған мәселелерді еңсеру жөнінде салалық ведомстволар басшыларының көзқарастарымен қатар, педагогикалық жоғары оқу орын басшылары­ның пікірі де тыңдалды.

Өз кезегінде вице-премьер Аида Балаева қалыптасқан жағдайдың себептеріне назар аударды. Атап айтқанда, министрлік – әкімдік – жоғары оқу орны арасындағы тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғын атады. Оның айтуынша,  өзара үйлесімді және жүйелі жұмыс қана мектептерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуге және өңірлердегі кадр тапшылығын алдын ала, тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді. Ал бұл тапшылықтың негізгі факторы – еңбек нарығына жасалатын жан-жақты талдаудың болмауы.

«Кадр тапшылығына байланысты өңірлер бойынша қабылдау саясатын қайта қарау қажет. Кей жерлерде факультеттерге қабылдау көлемін арттыру керек. Егер бізге пән мұғалімдері, мысалы математиктер жетіспесе – тиісті гранттар бөлу қажет. Жоғары оқу орындары еңбек нарығына бейімделуге тиіс. Жақын уақытта салада айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін. Айталық, жасанды интеллекттің дамуына байланысты бірқатар мамандық өзектілігін жоғалтады. Осыны ескере отырып, жоғары оқу орындары мен колледждер нарықтың нақты қажет­тіліктеріне сай жұмыс істеуі тиіс», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ ол педагогтарды даярлау сапасына тікелей әсер ететін практикаға бағдарланған оқытудың да маңызын атап өтті.

«Тәжірибесіз теорияның пайдасы жоқ. Маман­ның білімі тек оны іс жүзінде қолданғанда ғана нәтижелі болады. Барлық жоғары оқу орындарының студенттердің практикалық дайындығын ұйымдас­тыруда тең мүмкіндігі болуы тиіс. Алайда бұл нақты әрі мұқият жоспарлауды талап етеді. Бүгінде біз болашақ мұғалімдерді дайындағанымызбен, жас мамандар диплом алған соң салада қалмайды. Бұл өз кезегінде кадр тапшылығын арттыра береді. Бұл мәселені шешу үшін күш біріктіруіміз керек. Қазір ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл бұрынғыдан да маңызды. Ортақ мақсат пен міндеттеріміз бар екенін ұмытпауымыз қажет», – деді вице-премьер.

Сөз соңында  Премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты міндет пен хаттамалық тапсырманы атап өтіп, олардың мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалуының маңыздылығын баса айтты.

Біріншіден, салалық министрліктер жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, Педагогикалық білімді дамыту тұжырымдамасын толықтырып, жасанды интеллект технологияларының қоғамдық өмірге белсенді еніп жатқанын ескеруі қажет.

Екіншіден, педагогтарды даярлау процесін практикалық бағытта күшейтіп, студенттердің өндірістік тәжірибесін республика көлемінде бір жүйеге келтіріп енгізу бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу керек.

Үшіншіден, мемлекеттік білім гранттарын қайта бөлу мәселесін қарастырып, оны міндетті түрде өңірлік қажеттіліктер мен түлектердің еңбекке орналасу нәтижелеріне сәйкестендіру қажет.

Төртіншіден, мектепке арналған оқулықтарды даярлау жүйесін қайта талдап, оған жетекші педа­гогикалық университеттердің міндетті түрде қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс.

Сонымен қатар вице-премьер жоғары оқу орындарын мемлекеттік идеологиялық жұмысты ілгерілетуде белсенді болуға шақырып, оның болашақ педагогтарды, әсіресе балабақша жүйесіндегі маман­дарды даярлаудағы ерекше маңыздылығын атап өтті. Осы орайда Ғылым және жоғары білім министрлігіне еліміздің барлық ЖОО-ларында Мемлекет басшысы бекіткен ішкі саясатты жүзеге асырудың жаңа қағидаларын тәрбиелік жүйеге енгізу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

М.ТӨЛЕУ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары