Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Марафоннан ауылдағы кездесулерге дейін: Партиялар осы аптада сайлаушыларды немен таңғалдырды?

Марафоннан ауылдағы кездесулерге дейін: Партиялар осы аптада сайлаушыларды немен таңғалдырды?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: gov.kz

«Әділет» өңірлік сапарын жалғастырып жатыр: басты назарда – ауылды дамыту және әділетті қоғам

«Әділет» партиясының өкілдері «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында өңір тұрғындарымен кездесулерін жалғастырды. Бұл жолы партия өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына барып, ауыл тұрғындарымен жүздесіп, елді мекендердегі ең өзекті мәселелерді талқылады. Кездесулер қорытындысында тұрғындар ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты 100-ге жуық ұсыныс айтты.

Спортшылармен, еңбек ұжымдарымен және туризм саласының өкілдерімен өткен кездесулерде параспортшыларды қолдау, балалар және бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын салу, ауыл жаттықтырушыларына грант бөлу, сондай-ақ ArtSport және Damubala бағдарламаларын қаржыландыру мәселелері көтерілді.

«НОВОПЭК» кәсіпорнында партия өкілдері отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және инвестиция тарту жоспарларына тоқталды. Сондай-ақ экономикадағы орта бизнестің үлесін қазіргі 7%-дан 20%-ға дейін арттыру көзделіп отырғанын мәлімдеді.

Бурабай ауданында туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жаңғырту, балалардың сауықтыру орталықтарын қолдау, экотуризм мен агротуризмді өркендету, отбасылық қонақүйлер мен жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету жайы сөз болды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында табиғатты қорғау мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Партия өкілдерінің айтуынша, өңірлік сапар барысында тұрғындардан жиналған ұсыныстар алдағы жұмыста ескерілмек.

Кешке «Әділет» партиясының мүшелері «Жеңіс» – «Елімай» футбол матчын тамашалап, командаларға қолдау білдірді. 700-ге жуық белсенді көпшілікпен бірге футбол мерекесінің көрігін қыздырды.

Ғали Дінмұхаммед: Құрылтай кәсібилік қағидатымен жасақталуға тиіс

ОСДП-ның азаматтық тыңдауы: ТКШ реформасынан кибералаяқтықпен күреске дейін

ОСДП төрағасы Асхат Рахымжанов бастаған партия өкілдерінің кездесулері Қарағандыда өткен азаматтық тыңдаудан басталды. Іс-шараға қала тұрғындары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Талқылаудың өзегіне қарағандылықтарды күнделікті толғандыратын мәселелер арқау болды. Атап айтқанда, коммуналдық саланың жұмысы, кибералаяқтықтың көбеюі және өнеркәсіптік өңірдегі экологиялық ахуал сөз болды.

Кандидаттар ұсынған бастамалардың қатарында тарифтер, күрделі жөндеу және тұрғындардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын ТКШ және МИБ бойынша жеке палата құру бар. Сонымен қатар интернет-алаяқтықпен күрес шараларын күшейту және ауа мен судың жай-күйі туралы мәліметтерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету ұсынылды.

Партия өкілдері Қарағанды тұрғындарымен де кездесіп, лайықты еңбек жағдайы, қала инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

«Байтақ» партиясы Аралда экологиялық акция өткізді

«Байтақ» жасылдар партиясы экологиялық бастамаларын ілгерілетуді жалғастырып, сайлауалды науқанын таңғы марафоннан бастады.

Партия ұйымдастырған марафонның алғашқы аялдамасы Арал болды. Экологиялық қозғалыс белсенділері табиғат алдындағы жауапкершілікті басты ұстаным ретінде алға тартып отыр.

Келесі қадам – «Биік мақсат – мықты команда» атты акцияның басталуы. Құрылтай депутаттығына кандидат Ұлан Мұсаев пен оның пікірлестері Таза Қазақстан жолындағы ортақ мақсат төңірегінде бас қосты.

Үгіт-насихат кезеңінде «Байтақ» партиясы таза ауа мен судың маңызын, сондай-ақ адам денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтауды насихаттауға басымдық беріп отыр.

Қазақстан Халық партиясының басымдықтары

Қазақстан Халық партиясының өкілдері spina bifida диагнозы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелеріне назар аударды. Кандидаттар Болат Смағұлов, Ильяс Болатович және Виктор Поднебесный «Spina Bifida» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті.

Ата-аналар күнделікті кездесетін қиындықтары туралы айтып берді. Олардың қатарында медициналық көмек пен оңалту қызметтерін алу, қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілу және әлеуметтік қолдауға қол жеткізу мәселелері бар.

Кездесу барысында тараптар балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйелі шешімдерді талқылады.

Фермерлер, жастар және қымыз: «Ауыл» партиясы ауыл тұрғындарын несімен таңғалдырды?

«Ауыл» партиясы ауыл тұрғындарымен тікелей диалогты жалғастырып жатыр. Бұл жолы партия төрағасы Қалижан Айтуғанов Құрылтай депутаттығына кандидаттармен бірге Ақмола облысындағы Үлгі ауылының тұрғындарымен кездесті.

Партия өкілдері сайлауалды бағдарламасын таныстырып, фермерлерді қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жастар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға басымдық берді.

Сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға және ауылдық отбасылардың табысын арттыруға бағытталған «Құс: ауладан дастарқанға дейін» жобасына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары жолдарды жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қолдау және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

Сайлау алдындағы уәде мен нақты міндеттің айырмашылығы қандай?

Подкаст, велошеру және кездесулер: «Ақ жол» үгіт-насихатты күшейтті

«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды жұмысын бірден бірнеше форматта жалғастырып жатыр. Партия Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қатысуымен өтетін подкасттар сериясын жариялады. Алғашқы қонақ – Юрий Ли. Ол қаржылық қауіпсіздік, микрокредиттеу және алаяқтықпен күрес мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Айболатовтың велошеруі жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан облысының тумасы әрі «Ақ жолды» қолдаушы азамат тұрғындардың аманат-тілектерін арқалап, Астанаға бет алған. Қазір ол Ақтөбе облысының Қобда ауданына жетті.

Ал партия атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Андрей Линник Алматыдан Жамбыл облысының Меркі ауылына велосипедпен жолға шықты. Онда ол сайлауалды штабтың сайлаушылармен кездесулеріне қатысады.

Маңғыстау облысындағы партияның сайлауалды штабы да ерекше акция ұйымдастырды. Штаб өкілдері Қазақстанның Мемлекеттік туы мен «Ақ жол» партиясының туын көтеріп, ашық теңізге шықты. Партия бұл бастаманы алға нық қадам басудың, кәсіпкерлікті қолдаудың, әділетті экономика құрудың және ел үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашудың символы деп атады.

Сонымен бірге Қостанай мен Көкшетауда сайлаушылармен кездесулер өтіп, партия өкілдері тұрғындарды сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Respublica төрт күндік жұмыс аптасына қатысты ұсынысты сынға алды

Respublica партиясы саяси қарсыластарының бастамаларына қатысты ұстанымын ашық білдіріп жүр. Бұл жолы ОСДП-ның төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы ұсынысы сынға ілікті.

Алматыда кәсіпкерлермен өткен бизнес-кездесуде Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Мақсат Кикимов мұндай бастама жұмыс берушілер үшін туындайтын экономикалық салдарды ескермейтінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жұмыс уақыты қысқарған жағдайда жалақыны бұрынғы деңгейде сақтау ұсынылып отыр, алайда бизнестің қосымша шығындарын кім және қалай өтейтіні түсіндірілмеген.

Кездесу кәсіпкерлермен ашық диалог форматында өтті. Жиын барысында бизнесті дамыту мәселелерімен қатар, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретін қолданыстағы тосқауылдар да талқыланды.

Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Сайлауға жеті саяси партиядан 546 кандидат ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 15:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары