Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Медбике мейірімді қаһарман

Медбике мейірімді қаһарман

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бірақ Халықаралық медбикелер кеңесі аталған мерекені тек 1971 жылы дүниежүзі бойынша ресми түрде бекітті. Ал 12 мамырдың таңдалу себебі, дәл осы күні бірінші ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейл дүниеге келген. Ол XX ғасырдың басында Англияның медицинасын түбегейлі өзгертті және медбикелер қызметінің негізін қалап, ашылуына себеп болды. 

Медицина саласының ең не­гізгі тыныс-тіршілігі саналатын мейіргерлер мейрамы елімізде жыл сайын салтанатты түрде ме­рекеленеді. Биыл да адам жанына араша түсіп, уақытпен санаспай, науқастың жанынан табылатын ақ халатты абзал жандарға ерекше құрмет көрсетілді.

Қазір ден­саулық сақтау сала­сында 270 мың­нан астам меди­цина қызметкері, оның ішінде 81 285 дәрігер және 190 644 орта медицина қызметкері жұмыс іс­тейді. Олардың 145 мың­нан ас­тамы медбике болса, ауыл­дық жерлерде 50 мыңнан астам маман, медициналық-санитарлық ал­ғашқы көмек (МСАК) дең­гейінде 65 мыңға жуық маман қыз­мет етеді. Олардың қажырлы ең­бегі барлық құрметке лайық. Сон­дық­тан ел көлемінде мерекеге орай медбикелерге арналған ар­найы жиындар ұйымдастырылады. Еліміздегі ірі медициналық орта­лықтардың бірі – Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерт­теу институтында (КІАҒЗИ) өт­кен мерекелік іс-шарада институт басшылығы медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олар­дың денсаулық сақтау жүйесіндегі орнын ерекше атап өтті. 

– Медбикелер – біздің емдеу мекемелеріміздің жүрегі. Олардың күнделікті қажырлы еңбегі, нау­қастарға деген жанашырлығы мен кәсіби шеберлігі біздің жетістік­теріміздің негізі болып табыла­ды, – деді институт директоры Асқар Смағұлов.

Кейінгі жылдары медбике­лер­дің емхана мен алғашқы көмек көрсету жүйесіндегі міндеттері кеңейіп, олардың кәсіби мүмкін­дігі артып келеді. Қазір медбике­лердің ісін модерниза­циялау жұмыстарының қарқыны жоғары. Заман талабына сай мед­бикелерді тек дәрігердің айтқанын орын­даушы ғана деп түсінуге болмай­ды. Олар тек екпе салып, дәрі тарататын маман ғана емес. Науқас­қа психологиялық қолдау көрсетіп, ауыр сәтте үміт сыйлай­тын жандар. Сонымен қатар ме­йіргерлер уақыт сұранысына қа­рай адамдарды, отбасыларды, ха­лықты физикалық, әлеуметтік-психологиялық тұрғыда қолдауды да меңгерген. 

Мәселен, әскери салада 20 жылға жуық медбике болып абы­ройлы еңбек етіп келе жатқан Феруза Утарбаева – кәсіби білі­гімен көпке үлгілі маман. Ол әс­кери қызметте жүрген талай жыл­дар ішінде әртүрлі міндет ат­қа­рып, көптеген тәжірибе жинақ­таған. Оның айтуынша, бүгінгі цифрлы технология әскери салаға да көп жаңашылдық әкелді. Сон­дықтан қазіргі күні әрбір кәсіби медбике үнемі үйрену мен оқудан жалықпауы керек әрі кез келген қысылтаяң шақта тез шешім қа­былдап, толық жауапкершілікті мойнына ала білуге тиіс.

– Әскери қызметке келуімнің бірнеше себебі болды. Біріншіден, анам Ресей армиясында қызмет еткен, әкем әскери комитетте жұ­мыс істеген. Осылайша, әскери са­ла менің өмірімнің ажырамас бөлігі деуіме негіз бар. Екіншіден, мен спортқа жақын болдым, әс­кери қызметшілерді қатты құр­мет­тейтін едім. Сол себепті 20 жа­сымнан бастап әскери қыз­мет­ке келдім. Жолдасым  хи­рург-дә­­рігер, сондай-ақ теңіз-жаяу әске­рін­де медициналық рота ко­ман­ди­рі. Мен үшін әскери қыз­мет тек мін­дет емес, бұл – өмір­лік таңдау, өз ісіне деген адалдық пен құрмет де­сем болады. Ал әскери маман бо­лу үшін адам бойында шапшаң­дық, ұқыпты­лық, жауап­кершілік болу керек, – деді Ақтау қаласы, 29011 әскери бөлімі меди­цина қыз­метінің аға маманы (санитар-нұс­қаушысы) сержант Ф.Утарбаева.

Дәрігерлік көмектің қолжетімділігі артты

Қазір елімізде орта медицина мамандарын даярлаумен 94 меди­циналық колледж айналысады, оның ішінде 42 жоғары медицина­лық колледж мейіргер ісі бойын­ша қолданбалы бакалавриат бағ­дарламаларын іске асыруда және колледждерде 109 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың бі­лікті дәрігерден тағы­лым алып, кәсібіне тез бейімделіп кетуіне барынша жағдай жа­­салған. Жас ма­ман­­дар­ды даярлай­тын жо­ға­ры оқу орын­дары мен колледждердің шәкіртақысы көбей­ді. Жыл сайын меди­ци­на сала­­сына 23 мың­нан астам жалпы бейінді маман даярланады, ал кейінгі алты жылдың ішінде қолдан­балы бакалавриат дипло­мы бар 20 мыңнан астам мейіргер жұ­мысқа орналасты. 

Мейіргер ісін дамыту жұмыс­тарын үйлестіру мақсатында елі­міздің 20 өңірінде өңірлік үйлес­тірушілер тағайындалды. Олар­дың қатарында практикалық ден­саулық сақтау саласының, білім беру ұйымдарының және басқару органдарының өкілдері бар. Ден­саулық сақтау министрлігі стан­дартты деңгейден бастап маман­дардың құзыреттеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін «бака­лавриат – магистратура – док­то­рантура» академиялық дәреже­ле­ріне дейін мамандарды даярлау­дың сатылы жүйесін енгізді.

Медицина қызметкерлерін қол­дау мақсатында бірқатар заң­намалық өзгерістер жүзеге асы­рылып жатыр. Бұл дәрігер­лер­дің жүктемесін азайтуға, пациенттер ағынын тиімді үйлестіруге, сон­дай-ақ медициналық қызметтер­дің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Ден­саулық сақтау жүйесінде мейір­герлердің рөлі едәуір артты. Атап айтар болсақ, 2025 жылдан бастап медбикелер науқастарды өз бетін­ше қабылдау құқығына ие болды. Ресми ақпаратқа сәйкес, былтыр 9 айда медбикелер бес миллион­нан аса адамға кеңес берген. Жа­ңа модельдің енгізілуі дәрігер­лерге түсетін жүктемені азайтып, базалық медициналық көмектің пациенттер үшін қолжетімділігін арттырды. Мәселен, медбике нау­қасты қабылдау кезінде пациент­тің жалпы жағдайына тексеру жүр­гізеді, бойын, салмағын, арте­рия­лық қысымын өлшейді, тама­ғын тексеріп, қандағы қант дең­гейін анықтайды және адамның қалай тамақтанатынын, соңғы уақытта салмақ тастаған-тастама­ғанын, ұйқысының бұзылған-бұзылмағанын білу секілді мәлі­меттерді анықтайды. Сонымен қатар созылмалы аурулары бо­йынша динамикалық бақылауда тұрған және мерзімінде тұрақты зерттеулерден өтіп тұратын па­циенттерге анализге жолдама жазып беру және қабылдауға де­йін дәрігер тағайындаған дәрілер бойынша препараттарға рецепт жазып беруге құқылы. 

Ұлт саулығын жақсарту ал­ғашқы медициналық көмектен басталады десек, бұл тұрғыда мед­бикелерге жүктелер жауапкерші­ліктің салмағы ауыр. Республи­калық медицина­лық-сани­тар­лық алғашқы көмек (МСАК) орта­лығының деректері бойынша, жаңа ережелерді енгізу нәти­же­сінде емханада қабылдауды күту уақыты пациенттер үшін 5-7 күн­нен үш күнге дейін қысқарған. Ресми ақпаратқа сәйкес, елімізде алғашқы көмек көрсететін 692 медициналық ұйым жұмыс істей­ді. Бұл учаскелік дәрігерлері мен медбикелері бар клиникалар бол­са, олардың 243-інде өз бетінше мейіргерлік қабылдау енгізілген, бұл жалпы санның 35,1 пайызын құрайды. 

Дегенмен сарапшылар барлық медбике пациенттерді қабылдай алмайтынын айтады. Респуб­лика­лық МСАК орталығының бас медбикесі Айжан Есбосынованың сөзінше, медбикелердің медици­налық білімі бакалавр деңгейінен жоғары және тиісті жұмыс тәжіри­бесі болуы шарт.

– Медбике мейіргерлік диаг­ноз қояды, бақылау мен алдын алу тактикасын айқындайды. Ол дәрі­гер тағайындаған схема бойынша рецепт жазып, дәрігердің қарауын қажет етпейтін анықтамаларды бере алады. Яғни, медбикенің өз бе­тінше қабылдауы нақты регла­мент­термен реттеледі. Бұл көбіне­се динамикалық бақылаудағы созылмалы аурулары бар пациент­терге арналған. Бұл ретте медби­келік қабылдау дәрігерді алмас­тыр­майды, науқастың жағдайы нашарлағанда немесе қауіп-қатер анықталғанда пациент дәрігерге жіберіледі, – деді маман. 

Жалпы алғанда, сала маман­дарының бағалауынша, медбике жұмысын модернизациялау дәрі­герлердің жүктемесін азайтып, әрбір науқаспен жеке жұмыс жүр­гізуге, емханаларда білікті ма­ман­дарға деген сұранысты реттеуге және медициналық туризмді да­мытуға септігін тигізіп, халыққа көр­сетілетін медициналық қыз­мет­тің сапасына жағымды әсер етті.

P.S.                                                        

Кәсіби мерекеге орай міндетін мінсіз атқарып жүрген мейіргерлерге халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан баға жетпес үлесі, біліктілігі мен білімі, жанашырлығы мен адалдығы үшін алғыс білдіріп, еселі еңбекті құрметтеу әрбір азаматтың қастерлі борышы десек, артық болмас.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 10:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары