Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

Алтын тамыр бастауы

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

Қазгидромет Алматы мен тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Бекзат болмысы түрік тілінде

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

Жоғалып табылған Жайық шаһары

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

АҚШ құрамасы Парагвайды ойсырата ұтты

Мексика мүлт кеткен жоқ

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

Қаһарман Мұсаев: Атырау өңірі рухани тұрақтылық жолында келеді

Қаһарман Мұсаев: Атырау өңірі рухани тұрақтылық жолында келеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Облыста жат ағыммен күрес, дәстүрлі дінді насихаттау, жастармен жұмыс және діни сауаттылықты арттыру бағытында атқарылған іс көп. Осы орайда біз Атырау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаевпен сұхбаттасқан едік.  

– Қазір Атырау облысындағы діни ахуалды қалай сипаттайсыз? Жалпы жағ­дай тұрақты ма?

– Иә, бүгінде Атырау об­лы­сын­да­ғы діни ахуал тұрақты. Бұған дейін­гі жылдары аймақта діни экстремизм мен радикализм белгілері байқалған ке­зеңдер болғаны рас. Алайда соңғы жыл­дары атқарылып жатқан кешенді профилактикалық, ақпараттық-тү­сіндіру жұмыстарының нәтижесінде ахуал айтарлықтай жақсарды. Қоғам­да келісім, дінаралық және ұлтаралық татулық сақталып отыр. Бұл – тек мем­­лекеттік органдардың емес, со­ны­­мен қатар діни бірлестіктер мен аза­­маттық қоғам институттарының да бірлескен жұмысының нәтижесі.

– Өңіріміз еліміздің шекаралық ай­мағында орналасқан. Бұл фактор діни ахуалға қалай әсер етеді?

– Рас, Атырау облысы геогра­фия­лық тұрғыда шекаралық аймақта, Кас­пий теңізі арқылы халықаралық қа­тынасқа да ашық. Кеңес кезеңінен кейін­гі уақытта Кавказ аймағынан қо­ныс аударған халықтардың әсері бай­қалды. Соның ішінде дінге қатыс­ты өзге бағыттағы сенімдер мен көз­қа­­растар да бірге келген болатын. Алай­да қазір Қазақстан – ислам ді­ні­нің Әбу Ханифа мәзһабын ұста­на­тын, зайырлы мемлекет. Қазақстан мұ­сылмандары діни басқармасы осы дәс­түрлі мектептің ұстанымына не­гіз­­деліп қызмет атқарады. Облыс тұр­ғындарының басым көбі осы ба­ғыт­ты ұстанады.

Атырау қаласындағы Хиткрай се­кілді шағынаудандарда кейбір өзге мәзһаб өкілдері де бар. Бірақ олардың бар­лығы ислам шеңберіндегі мәз­һаб­тар болып саналады, сондықтан ай­тар­лықтай қауіп төндіріп отырған жағ­дай жоқ. Қоғамда тұрақтылық сақ­талған.

– Ал жат ағым өкілдерінің саны жө­нінде нақты мәлімет бар ма?

– Бүгінде облыста шамамен 4000-ға жуық адам дәстүрлі емес діни көз­қа­раста жүргені анықталды. Бұл мә­лі­меттерді көбіне олардың жақын­да­ры – ата-аналары, жұбайлары немесе әріп­тестері жеткізеді. Әрине, бұл – алаң­­даушылық тудыратын көрсет­кіш. Бірақ кейінгі жылдары осы ба­­ғыт­та жүр­гізілген жұмыстардың нә­тижесін­де көптеген азамат дәстүрлі ба­ғытқа қай­та оралып жатыр. Мы­салы, 2025 жыл­дың алғашқы он айын­­да 200-ге жуық адам дәстүрлі ис­­ламға бет бұр­ды. Олардың ара­сын­да жастар, жа­сөс­пірімдер, әйелдер де бар.

– Атырауда қанша діни бірлестік тір­келген және олардың бағыты қан­дай?

– Облыс көлемінде 70-ке жуық ді­ни бірлестік ресми түрде тіркелген. Олар­дың басым бөлігі ислам бағы­тын­дағы мешіттер мен қоғамдық ұйым­дар. Сонымен қатар аздаған сан­мен христиандық (православие, ка­толик) және протестанттық бағыт­тағы ұйымдар да жұмыс істеп келеді. Барлық бірлестік  заңнамаға сәйкес қызмет атқарып жатыр, олардың қыз­меті үнемі бақылауда.

– Қоғамда жиі талқыланатын мә­се­лелердің бірі – бет тұмшалау. Бұл бойын­ша еліміздің заңнамасында не де­лінген?

–  «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» заңға сәйкес, қоғамдық орын­дарда адамның бет-әлпетін то­лық жауып тұратын киім киюге тыйым салынған. Бұл – діни сенімге қы­сым емес, қоғамдық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету шарасы. Қоғамдық орын­дарға аялдамалар, қоғамдық кө­лік­тер, мемлекеттік мекемелер, сау­да орталықтары жатады. Ниқаб, па­ранжа, тіпті медициналық бетперде адам­ның тұлғасын тануға кедергі кел­тіретін элементтердің қатарына жа­тады. Бұл мәселе бойынша түсін­діру жұмыстары тұрақты түрде жүр­гізі­ліп келеді. Қыркүйек айында ғана біз базар сияқты ірі қоғамдық орын­дар­да облыс бойынша 20-ға жуық кез­десу өткіздік.

– Жастардың шетелде діни білім алуы – тағы бір маңызды тақырып. Бұл бағытта қандай реттеу бар?

– Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасының жолдамасымен Аты­раудан шетелге оқуға кеткен студент­тер­дің саны бүгінде 30-40 шамасында. Бұл – ресми, сенімді бағыт. Ал өз бе­ті­мен, бейресми діни оқу орталық­та­рына кеткендердің дипломдары Қа­зақстанда заңды түрде таныл­май­ды. Көбі тіл үйрену курстары аясында 3-6 ай ғана білім алады. Кейін елге ора­­лып, діни ұстаз ретінде дәріс беру­ге тырысатындар бар. Бұл – өте қа­уіп­­ті үрдіс. Мұндай «шәкірттер» көбіне араб тілін де жетік меңгермейді, сон­­­­­­дықтан білім сапасы төмен. Мы­сал ретінде айтар болсақ, Мысырда заң қабылданған – ата-анасының қа­рауынсыз жүрген балалар полиция тарапынан елге қайтарылады. Бұл ха­лықаралық тәжірибе еліміздегі қауіп­сіздікті сақтауға өз үлесін қоса­ды деп сенемін.  

– «Жусан» гуманитарлық опера­ция­­сы аясында Атырау облысына қан­ша адам қайтарылды? Оның ішінде қан­ша бала бар? Жалпы, ол аза­мат­тарды қоғамға бейімдеу жолында қан­дай жұмыстар атқарылып жатыр?

– «Жусан» операциясы   мем­ле­ке­­­­тіміздің үлкен гуманитарлық қада­мы болды. Қазақстанға «Жусан» опе­ра­циясынан 607 азамат оралды, олар­дың ішінде 37 ер адам, 157 әйел және 413 бала бар. Соның ішінде үш жетім ба­ла да болды.

Бүгінде «Жусан» операциясы ар­қы­лы елге қайтарылған атыраулықтар саны – 30-ға жуық әйел және 60-тан ас­там бала. Тамыз-қыркүйек айла­рын­да қақтығыс аймағына барып, жа­засын өтеген екі әйел азаматша бос­тандыққа шықты. Қазір олармен, сон­дай-ақ олардың балаларымен, от­басымен арнайы мамандар тұрақты жұ­мыс жүргізуде. Балалардың бір бө­лігі туыстарының қамқорлығына алын­ды, ал жақындары жоқ балалар Аты­раудағы «Шаңырақ» балалар үйін­де тәрбиеленіп жатыр. 

– Жастар арасында дінге қызығу­шылық деңгейі қандай?

– Жастар арасында дінге деген қы­­­­зығушылық артқаны байқалады. Біз жақында облыс көлемінде әлеу­мет­тік зерттеу жүргіздік, оған 2000-ға жуық адам қатысты. Нәтижесінде, 80 пайыз­дан астамы дінді қолдайтынын, өз­дерін мұсылман ретінде санай­ты­нын айтты. Иә, олардың бәрі діни рә­сім­дерді толық орындай бермейді. Бір­ақ дінге құрметпен қарайды. Жас­тардың көпшілігі рухани ізденісте. Қа­зір материалдық қажеттіліктер то­лық қамтамасыз етілсе де, рухани бос­тық бар. Бұл – оларды дінге же­те­лейтін фактор.

– Ал жастардың діни сауаттылы-ғы бұрынғыға қарағанда қандай дең­гей­де?

– Соңғы 10 жылмен салыстыра қа­ра­сақ, бүгінгі жастар діни тұрғыдан әл­деқайда сауатты. Олар кез келген ақ­паратқа сын көзбен қарайды, сұрақ қоя біледі, дәлел талап етеді. Яғни, со­қыр сенімге емес, парасатпен тү­сіну­ге ұмтылады. Түрмеде отырған­дар­дың көпшілігі кейіннен: «Біз бір адам­ның сөзімен ғана жүріппіз, өзі­міз ізденбеппіз» деп өкініп жатады. Бұл – діни білімнің терең әрі жүйелі бол­уы қажеттігінің дәлелі.

– Дінге қызыққан балаға ата-анаға қандай кеңес айтар едіңіз?

– Пайғамбар хадисінде: «Әр бала мұ­­сылман болып туады» делінген. Яғ­ни, оның әрі қарай қандай бағытта тәр­­биеленетіні ата-анасына бай­ла­ныс­ты. Егер бала дінге қызықса, оны шек­темей, керісінше, дұрыс бағыт көр­­сету керек. Мешітке, діни басқар­ма­ға апарып, сауатты мамандармен жо­лықтырған жөн. Себебі тәрбиесіз бе­­рілген білім – адамзаттың қас жауы, – дейді әл-Фараби. Сондықтан діни тәрбиені рухани және ұлттық құн­дылықтармен ұштастыра отырып беру қажет.

Қорыта айтқанда, Атырау облы­сында діни ахуал тұрақты, бірақ ба­қы­лауды әлсіретуге болмайды. Жат ағым­мен күрес, жастарды діни тұр­ғыдан дұ­рыс бағыттау, шетелде білім алып кел­гендермен жұмыс  өзекті мін­дет­тердің қатарында. Ең бастысы – діни сенімді адамзаттық құндылықтармен үйлестіру, зайырлы қоғам қағидат­тарын сақтау. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 05:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

13 Маусым 2026 18:36see117

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

14 Маусым 2026 18:24see116

Алтын тамыр бастауы

13 Маусым 2026 13:59see114

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

13 Маусым 2026 13:59see114

Қазгидромет Алматы мен тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады

13 Маусым 2026 09:36see112

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

14 Маусым 2026 16:16see111

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

14 Маусым 2026 12:50see110

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

14 Маусым 2026 22:59see109

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

13 Маусым 2026 14:16see109

Бекзат болмысы түрік тілінде

13 Маусым 2026 13:59see109

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

14 Маусым 2026 16:11see109

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

13 Маусым 2026 20:12see109

Жоғалып табылған Жайық шаһары

13 Маусым 2026 14:00see107

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

13 Маусым 2026 18:50see107

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

13 Маусым 2026 21:41see107

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

14 Маусым 2026 22:59see107

АҚШ құрамасы Парагвайды ойсырата ұтты

13 Маусым 2026 09:06see107

Мексика мүлт кеткен жоқ

13 Маусым 2026 14:01see106

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

14 Маусым 2026 13:48see106

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

14 Маусым 2026 22:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары