Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мектеп бітіру кешіне қатысты шектеуді бұзғаны үшін қандай жаза қолданылады

Мектеп бітіру кешіне қатысты шектеуді бұзғаны үшін қандай жаза қолданылады

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Биыл оқу-ағарту министрлігі алғаш рет мектеп бітіру кешіне қатысты талапты ресми бұйрықпен бекітті. Оған сәйкес, аттестат тапсыру мен одан кейінгі кештер тек мектепте ұйымдастырылуы шарт. Ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Ал министр бұйрықты бұзғаны үшін қандай жаза қолданылатынын айтты. Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.

Бұйрықтың орындалуын кім бақылайды

17-18 маусым күндері республика бойынша 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді. Бұған дейін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова осы шараларға қатысты ескерту жасаған.

"Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды", - деді Сүлейменова үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бірлескен бұйрық міндетті түрде орындалуы керек. Осы құжатта айыппұл салу сияқты шаралар қарастырылмаған.

"Бірақ қауіпсіздік бойынша балалардың құқықтары бұзылған жағдайда, сондай-ақ қоғамдық тәртіп бұзылса, заңда нақты нормалар бар. Ол үшін әкімдіктер мен ішкі істер органдары айыппұл сала алады, я болмаса, заңға сәйкес шара қабылдайды", - деп атап өтті Сүлейменова.

Айыппұлдың көлемі қандай

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабында ата-аналар мен педагогтердің нақты жауапкершілігі бекітілген. Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін де жаза бар. Ол құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленеді. Ал айыппұлдың көлемі 10 АЕК-ті (2026 жылы – 43 250 теңге) құрайды.

Ал құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың көлемі 15 АЕК-ке (2026 жылы – 64 875 теңге) дейін өседі. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы да мүмкін. Ондай жаза бала мүлдем бақылаусыз және полицияның ескертуін елемей жүрген жағдайда қолданылады.

Бала алкогольмен ұсталса, не болады

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте балаға қатысты ауыр құқық бұзушылықтар да көрсетілген. Олар:

кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы;

қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуы;

қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауы.

Осы әрекеттер үшін 20 АЕК (2026 жылы – 86 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Бірақ сот баланың ата-анасын немесе заңды өкілін 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға шешім шығара алады.

Бірыңғай стандарт керек

Жақында мәжілісте мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеу мәселесі көтерілді. Депутат Жарқынбек Амантайұлының айтуынша, соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кезіндегі бәсеке көптеген отбасыға ауыр психологиялық және қаржылық қысым түсіреді. Ал кейбір ата-аналар баласының қатарынан қалмауы үшін қарыз алуға мәжбүр болады.

"Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, дамыған елдерде мектеп бітіру рәсімі тәрбиелік мазмұнға құрылған. Негізгі назар оқушының жетістігіне, қоғамдық белсенділігіне және болашақ мақсатына аударылады. Ал материалдық жарыс білім беру жүйесінің құндылығына қайшы келеді", - дейді Амантайұлы.

Осыған байланысты үкіметке соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінде орынсыз сән-салтанатқа жол бермеу бойынша нақты тетік енгізу мен бірыңғай стандарт әзірлеу ұсынылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Маусым 2026 20:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары