Мектепте жаңа пәндер мен міндетті курстар енгізіледі
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылында мектепте енгізілетін пәндер мен міндетті курстарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде мектепте біліммен қатар, заңға бағынатын, еңбекті бағалайтын, мемлекет және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін азаматтарды тәрбиелеген маңызды.
"Жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар жаңа міндетті курспен толықтырылады", - деді Сүлейменова үкіметтің бүгінгі отырысында.
5–7-сыныпта – "Конституция негіздері" пәні;
8–11-сыныптарда – "Заң мен тәртіп" міндетті курсы;
5–11-сыныптарда – "Жеке қауіпсіздік" міндетті курсы.
Ал келесі оқу жылынан бастап 8–9-сыныптарда "Қазақстан географиясы" пәні қайта енгізіледі.
"Бұған дейін таңдау пәні ретінде "Құқық негіздері" ендігі уақытта барлық оқушы үшін міндетті пәнге айналып, жаңа Конституцияның қағидаттарына толық сәйкестендірілген мазмұнда оқытылады", -деп түйіндеді министр.
Айта кетері, бүгін Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:94
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 22:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















