Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Мәжіліс заң қабылдады: иттер мен мысықтарды міндетті чиптеу енгізіледі

Мәжіліс заң қабылдады: иттер мен мысықтарды міндетті чиптеу енгізіледі

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, итті ұстап, стерилизациялап, вакцинациялап, қайтадан ортаға қайтарудың өзі автоматты түрде олардың санын азайтпайды, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді, адамды қорғамайды.

Егер мемлекет популяцияны толық бақылауды, жаппай вакцинацияны, сәйкестендіруді және қатаң әкімшілендіруді қамтамасыз етпесе, онда мұндай модель қоғам қауіпсіздігіне қарсы жұмыс істей бастайды. 

— Бұл заң жобасы эмоциялық емес, жүйелі қайта қарауды ұсынады. Ол жануарларға қарсы бағытталмаған. Ол бүгінгі проблеманы туындатқан құқықтық бейберекетсіздікке, жауапсыздыққа, басқарушылық дәрменсіздікке қарсы бағытталған. Біріншіден, бұралқы иттерге қатысты базалық тәсіл өзгереді. Заң жобасының ең негізгі түзетуі — бұралқы иттерге қатысты оларды қайтадан ортаға қайтару моделінен қайтарымсыз аулау моделіне көшу. Бұл — қағидатты мәселе. Өйткені бүгінде мемлекет іс жүзінде мынадай қисынсыз схема бойынша жұмыс істеп отыр: итті аулайды, стерилизациялайды, вакцинациялайды, содан кейін сол азаматтар шағымданып отырған ортаға қайта жібереді. Осы орайда мемлекет өз қолымен ықтимал қауіпті қайтадан қоғамның ортасына қайтарып отыр. Қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан бұл тәсіл сын көтермейді. Сондықтан бұл жерде неғұрлым шынайы әрі жауапты модельге көшу ұсынылады, — деді Еділ Жаңбыршин.

Екіншіден, ауланған жануарларды ұстау мерзімі енгізіледі. Бастапқыда бұралқы жануарларға 15 күн мерзім ұсынылған болатын. Алайда заң жобасын талқылау барысында икемдірек әрі өмірге жақын шешім қабылданды, яғни ең төменгі уақытша ұстау мерзімі — кемінде 5 күн, сонымен бірге мәслихаттарға бұл мерзімді ұзарту құқығы беріледі. Ал иесі болуы мүмкін қараусыз жануарларға 60 күндік мерзім көзделіп отыр. 

— Мұнда бір нәрсені анық айту керек. Заң жобасына қатысты кейбір ортада «бұл барлық ауланған жануарды міндетті түрде өлтіруге әкеледі» деген эмоциялық пікір таратылып жатыр. Бұл — шындыққа сәйкес келмейді. Біз қатыгездікті ұсынған жоқпыз. Біз ұсынып отырғанымыз: тәртіп, бақылау, жауапкершілік және азаматтарды қорғаудың нақты тетігі. Егер мәслихаттар ұзағырақ мерзім белгілесе, мұндай жануарлар: ұзақ уақыт ұсталуы мүмкін, жаңа иелеріне берілуі мүмкін, панажайларда күтілуі мүмкін, ал мүмкіндік болса — табиғи өліміне дейін де ұсталуы мүмкін, — деді депутат.

Сонымен бірге оларды жаңа иелеріне беру мына міндетті шарттар сақталған жағдайда жүзеге асады:

— сәйкестендіру,

— есепке қою,

— вакцинация,

— тиісті күтіп-ұстау.

— Заң жобасы «жазалау моделін» емес, жауапты және байыпты модельді ұсынып отыр, — деді ол.

Мысықтарға қатысты бұрынғы тәсіл сақталады

— Иесіз мысықтарға қатысты гуманистік тәсіл сақталады. Халықаралық тәжірибе мен тәуекел сипатын талдау нәтижесінде иесіз мысықтарға қатысты қайтадан ортаға қайтару тәсілін сақтау ұсынылады. Бұл — заң жобасының жаппай қатаңдату қағидатына негізделмегенін, керісінше тәуекелдерінің айырмашылығына, санитариялық қауіп деңгейіне және адамға төнетін нақты қатер деңгейіне негізделетінін көрсетеді. Заң жобасындағы тәсіл — жазалаушы емес, сараланған, — деді Еділ Жаңбыршин.

Жергілікті атқарушы органдардың рөлі күшейтіледі

Заң жобасымен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына: жануарлардың агрессиясын дереу тоқтатуға бағытталған шұғыл әрекет ету шараларын ұйымдастыру құзыреті беріледі.

Бұл — өте маңызды норма. Өйткені бүгінгі өмірде жиі болатын жағдай мынау:

агрессивті иттер тобы адамдардың маңында жүр, ал жүйе сол сәтте:

· кім шығуы керек,

· кім аулауы керек,

· кім әрекет етуі керек,

· кім шешім қабылдауы керек,

· жалпы бұған кім жауапты екенін анықтап жатады.

Қауіп қазірдің өзінде бар, ал мемлекет механизмі сол сәтте әлі де өз өкілеттігін іздеп жүреді.

Бұл — жол беруге болмайтын нәрсе.

Егер адамға қауіп бар болса, мемлекеттің реакциясы дереу, нақты және өкілеттікпен қамтамасыз етілген болуы тиіс.

Иттер мен мысықтарды міндетті чиптеу енгізіледі. Бұл — заң жобасындағы ең маңызды жүйелі түзетулердің бірі.

— Өйткені бұралқы ит мәселесінің едәуір бөлігі шын мәнінде көшеден емес, біреудің: ауласынан, үйінен, шаруашылығынан басталады. Итті: «бала үшін», «күзетке», «саяжайға», «аулаға» алады. Ал кейін көшеге тастайды; қараусыз бос жібереді, есепке қоймайды, сәйкестендірмейді, ал қайғылы жағдай туындағанда: «Бұл менің итім емес» дейді. Міне, сондықтан міндетті чиптеу — жай ғана техникалық талап емес. Бұл — иесін анықтайтын, жауапкершілікті бекітетін, қоғам алдындағы міндетті нақтылайтын құқықтық құрал. Бұл норма — жануар иесін анықтауға, жануарды көшеге тастап кетуді жазасыз қалдырмауға, ашық есеп жүргізуге, нақты бақылау мен жауапкершілік тетігін қалыптастыруға мүмкіндік береді, — деді депутат.

Осыған байланысты депутаттар маңызды нормалар енгізді. Үй жануарларын серуендету талаптарын бұзуға жол берген иесі немесе жауапты тұлға, соның салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, басқа жануарларға, не өзге тұлғалардың мүлкіне зиян келсе, келтірілген залалды өтеуге міндетті болады. Ал егер мұндай әрекет салдарынан адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келсе, онда мұндай жануардың иесі белгіленген тәртіппен эвтаназия жүргізуге міндетті болады.

—  Ұстауға тыйым салынған және шектеу қойылған жануарларға қатысты қосымша реттеу енгізіледі. Заң жобасымен уәкілетті органға: ұстауға, өсіруге және айналымына тыйым салынған немесе шектеу қойылған жануарлардың тізбесін бекіту құзыреті беріледі. Бұл да маңызды норма. Өйткені мемлекет қайғылы жағдай болғаннан кейін ғана әрекет етпеуі тиіс. Мемлекет алдын ала қандай жануар түрлері жоғары қауіп төндіретінін, қайсысы ерекше құқықтық режимді қажет ететінін анықтауы тиіс, — деді Еділ Жаңбыршин.

Қылмыстық жауапкершілік

— Тағы бір өте маңызды, принципті мәселеге арнайы тоқталғым келеді.

Қоғамда да, сарапшылар ортасында да жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту мәселесі жиі көтеріліп жүр. Ашық айтайын, біз осыған қатысты тиісті нормаларды дайындадық. Атап айтқанда, мына бағыттар бойынша түзетулер әзірленді: жануарларды ұстау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейту, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру, жануарларды өлтіру және кәдеге жарату қағидаларын бұзу, сондай-ақ жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту. Алайда бұл нормалар бүгін қаралып отырған заң жобасына бір қарапайым объективті себеппен енгізілген жоқ. Өйткені осы заң жобасының ілеспе пакетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен Қылмыстық кодекс жоқ. Сондықтан бұл бағыттағы түзетулер әзірленді, тиісті қорытынды алуға жолданды және басқа жеке заң жобасы шеңберінде қаралатын болады. Мұны арнайы айтып отырған себебім — мемлекет тек жануарларды аулау мен ұстауды ғана реттеп отыр деген түсінік болмауы керек. Біз иелердің жауапкершілігін де, жануарларды қатыгездіктен қорғау блогын да жүйелі түрде күшейтіп келеміз, — деді депутат.

Оның атап өтуінше, бұл заң жобасы — жануарларға қарсы заң емес. Бұл заң: адам қауіпсіздігі үшін, тәртіп үшін, иенің жауапкершілігі үшін, мемлекеттің айқын рөлі үшін және гуманизмнің құқықтық дәрменсіздікке айналмауы үшін қажет.

— Өйткені жануарларға ізгілікпен қарау — дұрыс. Бірақ егер ізгілік ақыл-ойдың орнын басып, «гуманизм» деген атпен мемлекет адамдарды қорғауды доғарса, онда бұл енді гуманизм емес. Бұл — жауапсыздық. Сондықтан біз бүгін өте нақты шекараны айқындауымыз керек. Жануарға жанашырлық таныту адамға немқұрайлылық танытуды білдірмеуі тиіс. Осы заң жобасын қабылдау бұралқы иттердің санын азайтуға, — адамдар мен басқа жануарларға шабуыл санын қысқартуға, иелердің жауапкершілігін арттыруға, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында жүйелі тәртіп орнатуға, мемлекетке нақты әрекет ету тетіктерін беруге, ең бастысы — азаматтарымыздың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, — деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, соңғы бір жылдың ішінде елде 41 366 адамды ит қапқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Сәуір 2026 13:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары